Тақырыбы: Менің досымның мінезі Мектеп: №15 жоббм



Дата21.03.2017
өлшемі1,49 Mb.
түріСабақ
Сабақ жоспары

Тақырыбы: Менің досымның мінезі

Мектеп: № 15 ЖОББМ

Күні:

Мұғалім: Есмағанбетова Қ.Ә.

Сынып: 6

Қатысқандар саны: 12

Қатыспағандар:

SMART мақсаттары

Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру, «ойлан-жұптас-топтас» стратегиясы бойынша жұмыс орындау, мәтінді мәнерлеп түсініп оқу, жеке сөздер, сызбалар, суреттер бойынша сөйлемдерді дұрыс құрастыру.

Күтілетін нәтиже

Барлығы: мәтінді түсінеді, сурет бойынша сөйлейді, сөйлем құрастырады.

Көпшілігі (А, В):өлеңді мәнерлеп оқиды, сөйлемдерді қатесіз жазады, жеке, жұппен, топпен жұмыс істей алады.

Кейбіреуі (А): топты басқара отырып, В, С топтарының оқушыларын ауқымды көмек көрсетеді, тақырып бойынша өз ойларын толық жеткізе алады.

Тілдік мақсаттар


-мәтінді тыңдайды, түсінеді, сызба, сурет бойынша сөйлейді, сұрақтарға жауап береді.

  • Жақсы, жаман, дос, мінез, адам сөздерімен, тірек сызба бойынша пайдаланып сөйлем құрастырады.

  • Мәтінді мәнерлеп оқып машықтанады, қатесіз жазады.

Алдыңғы оқу

Әдептілік деген не? Жақсы бала қандай болуы керек? Жақсы мінез қалай қалыптасады? Жақсымен жаманды қалай айырамыз?

Жоспар:

Жоспарланған уақыт (минутпен)

Жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Басталуы (қызығушылықты ояту)

5 мин


*Сұраққа жауап бере отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайық.

Әдептілік деген не?

Жақсы бала қандай болуы керек?

Жақсы мінез қалай қалыптасады?

Жақсымен жаманды қалай айырамыз?

Мінезі жақсы деген сөз тіркесін қалай түсінесің?

Жақсы досың бар ма?
*1-тапсырма. «Әрине» өлеңін оқып, танысайық, . осы сөздерді пайдаланып сабақтың тақырыбын анықтайық.

«Әрине»


Осы сөзді Өмірбек

Қолданады көбірек.

Айтқаныңның бәріне

Жауабы сол:

-Әрине.

-Сүт ішкізші сәбиге,-



Десең болды:

  • Әрине.

  • -Қолғабыс ет кәріге,-

  • Десеңтағы:

  • -Әрине,

  • Сөйтіп жаңа сөзге еріп,

  • Кетті өзі де өзгеріп,

  • Мақұл десе бәріне,

  • Жақсы мінез әрине.

Интерактивті тақта, оқулық, сөздік дәптері, түсті сурет


2-тапсырма.'>Ортасы (мағынаны тану)

20 мин

2-тапсырма. Берілген анықтаманы көшіріп жаз.

143-бет (І топ)

Жақсы мінез- байлық. Мұндай мінзе үй ішіне, айналасына қайырымды, мейірімді, үлкенді құрметтейтін, кішіге ізет жасайтын, кішіпейіл адамға тән.

2-тапсырма. Әңгімені оқып, өзге топтарға түсіндір (ІІ топ)

Дос

Менің досым-Арман. Ол өзінің алғырлығымен, білімділігімен, еңбекқорлық қасиеттерімен көзге түседі. Арманның жақсы бір қасиеті-ұйымдастырушылық қабілеті. Маған оның мінезінде ұнайтын қасиеттер қайсарлық, салмақтылық, табандылық. Жауапкершілігі мол.

Оның бойында ұнамайтын қасиет-кекшілдік, Біреу оның ар-намысына тисе болды, ол адамды өмір бойы көрмеуге дайын. Мен оған үнемі кекшіл болма, көпшіл бол деп айтып жүремін.

3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер? (ІІІ топ)

Сенің досыңның аты кім?

Ол қандай қасиеттерімен көзге түседі?

Саған оның мінезіндегі қандай қасиеттер ұнайды?

Оның бойында ұнамайтын қасиет бар ма? Ол қандай қасиет?

Досыңа қандай ақыл бересің?



Оқулық 66-67-бет, жұмыс дәптері

Интерактивті тақта, тағамдардың түрлі түсті суреттері



Аяқталуы (ой толғаныс)

7 мин

4-тапсырма.

3-4 тапсырма 144 бет




Оқулық 68-бет

Қосымша ақпарат

kartinki24.ru/kartinki/food

Сайт суреттері

Саралау

8 мин


Барлық топтың оқушылары «ойлан-жұптас-топтас» стратегиясын пайдаланып жұмыс орындай алады; І топ оқушылары топты басқарумен қатар суреттер бойынша шағын әңгімелер құрастырады; тақырыптарды анықтай алады.

Әдепті, тәртіпті болу, сыныпта өзін мәдениетті ұстау

Рефлексия





Қорытынды

Не табысты болды?

1. Бүгінгі сабақ мазмұны бойынша оқушылар тақырыпты түсінді. Оқушылар өздерінің достары туралы өз ойларын, пікірлерін айтты, мінездерін сипаттады. Бүгінгі сабақта табысты болған сөздікпен жұмыс, мәтінмен жұмыс, тапсырмалар, жуан, жіңішке сұрақтар және бірін-бірі бағалау, топтық бағалау, смайликтер қою арқылы көңіл-күйлерін білдіру секілді сабақтың кезеңдері. Сонымен қатар, балаларға өз досы туралы әңгімелеу қатты ұнады, олар ақ параққа өз достары туралы кластер құрып, мінездерін сипаттап, оқып берді.



2. Сөз тіркесін құру, сөйлемдер құру, септік жалғауларын ажырату, буын түрлерін анықтау сияқты тапсырмалар балаларға табысты болды деп ойлаймын, себебі олар осы тапсырмаларды орындау үшін тақтаға сұранды.


Қандай нәрсе сабақты жақсарта алды?

1. Сабақты жақсарту үшін, яғни оқушылардың білім сапасын көтеру үшін сабақ берудің тиімді әдіс-тәсілдерін жетілдіру қажет деп білемін. Мысалы, мен өз сабағымда сындарлы білім берудің жеті модулін ықпалдастыра отырып, СТО ойлау технологиясының стратегияларын қолданамын, олардың ең тиімдісі «Теннис шаригі», «Автор орындығы», «Он сұрақ», «Кластер», «Жигсо» және т.б. стратегияларды қолдануға болады, бұл әдіс оқушылардың білім алуға деген құлшынысын арттырады.



Келесі сабақты жақсартуға көмектесетін не білдім?

  1. Келесі сабақты жақсартуға көмектесетін бұл оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланыс деп білемін, бұл әр түрлі әдіспен, мысалы, «екі жұлдыз, бір тілек», «шығу билеті», «стикермен диалог» және «бүгінгі күннің бір сөйлемі» және т.б. Сонымен қатар, сабақты жақсартуға көмектесетін тәсілдердің бірі ол оқушылардың сөздік қорын молайту, кітап оқуға деген құлшыныстарын арттыру. Оқушылардың сабаққа деген ынтасын оятып, сергіту сәттерін уақытында жүргізіп, уақытты тиімді пайдаланып, бағалау түрлерімен сабақты ұтымды ұйымдастыра білсе, бұл да сабақты жақсартуға көмектеседі деп сенемін.

Каталог: uploads -> doc -> 099e
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
099e -> Тақырыбы: Менің қалам. Мақсаты: Өтілген материалды қайталап, бекіту. Міндеттері
099e -> Сабақтың тақырыбы : Асанқайғының Жерұйықты іздеуі Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу