Мақсаты:
Оқушыларға жаңа жыл мерекесі туралы тереңірек түсінік беру.
Көрнекілігі: Жаңа жыл суреттері
Барысы:
Сиқыршы қыз:
Кішкентай сиқыршы.Ой,бүгін күн қандай тамаша!Осы ғажайып күн бізге күлімдеп,қуаныш сыйлап тұрғандай.Мен үшін бүгін ерекше күн.Бүгін менің сиқырлы таяғым таң тамаша таңжайыпты көрсете ме екен?Қане,сиқырлы таяғым қандай қызық көрсетесің? (осы кезде шар жарылып,жүргізушілер шығады)
Жүргізуші:
Армысың кішкентай сиқыршы!
Сиқыршы .
Сәлеметсіз бе?Мен сізді танымадым.Мен өзі қайда тұрмын?
Жүргізуші:
Кішкентай сиқыршы,сіз №60 Ж.Түменбаев атындағы орта мектебінде тұрсыз.Бүгін біздің мектебімізде Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілік кеші өтеді.Кел,кішкентай сиқыршы,біздің балалардың білімін,өнерін бірге тамашалаңыз.
Сиқыршы қыз.
Рахмет ,сізге.Мен сізге көмектесіп тұрсам болама?
Жүргізуші:
Әрине болады.Сен бізге қонақ бол.Балалардың өнерін тамашала.
Ән: Шырша жыры
Жүргізуші:
Келіңдер балалар, ертегімді тыңдаңдар. Ертегімде сан қилы қызық-қызық сырлар бар.Жаңа-жылдың кешінде аңдар келіп, бір шешімге достаспақшы ниетпен жиналыпты. Соныменен, жаңа-жылға арналған ертегіні көріңдер.
Шыршаның артынан қоян ceкірin шығады да:
Ау, жарандар, ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Марстан
Келіп Аяз атамыз
Жылды тойлап, Билеп-ойнап,
Көп қызыққа батамыз!
Ceкipin билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.
Қоян: Амансыз ба, аю паң!
Аю: Жаңа жылдың алдында Тойды еске алдым да Ұйқымды ашып, сергідім Ұйықтамаймын мен бүгін! Жылды қарсы алайық Би билеп, ән салайық.
Аю: Жаңа жылдың тойында «Жан салайық» ойынға! Eкeyi қол ұстасып, билейді. Сол кезде қуана кутындап тулкі келеді.
Түлкі Қоянжанға бір сәлем! Аю паңға мың сәлем! Аю, қоян: Аман ба, тулкі, кел мұнда! Түлкі Достарым, жыл келеді Сыйлығын ол береді Жұмбақ шешкіш тулкінің Өнерін жұрт көреді Тауып өз сыңарымды Тайсалмай, биге түcin, Тарқатам құмарымды. Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан Жүрген жерің күлкілі ән! Аю,қоян,түлкі 6ipre билей,жөнеледі Осы кезде орталарына кipni келеді Kipпi:
Сәлем,достар,аман ба? Нұр берді шырша алаңға Жылға шашу шашайық, Тойлап, көңіл ашайық. Қоян Келші биге басайық! Бәрі билеп жатқанда, жолбарыс келеді.
Өнершіл аңдар-ай Өңкей паңдар тыңдаңдар, Жаңа жылға әнім бар Қол ұстасып, биге басып, Жыл әніне салыңдар Бәріңізге 6ip сәлем.
Бәpi: Сәлем,Жолбарыс! Жақсы-ақ биі! Бәpi қосылып, билейді.
Бәpi: Жаңа жыл қүтты болсын ! Достығымыз мықты болсын!
«Аңдар» биі биленеді. Бәрі Жаңажылдарыңызбен!
Жүргізуші: Жарайсындар, балалар! Енді барлығымыз «Ескі жылды» шығарып салайық.
Ескі жыл:
Шырша тойы құтты болсын ағайын,
Жыр тойында би билеп ән салайық.
Күлкінің керуеніне біз де ілесіп,
Езу жимай бір жарасып қалайық.
Ескі жылың есіркеп.
Жаңа жылың жарылқап,
Еліңде болсын жақсылық,
Бейбіт күнің жарқырап
Қоштасамын бүгін мен,
Сіздерді қимас көңілмен,
Келер жылқы жылына.
Жақсылығымыз көп болсын,
Ашық болсын аспаның.
Аман болсын жас-кәрің.
Жүргізуші :Аяулы да құрметті 2014 жыл!Сен құтты жыл болдың.Біз ризамыз саған ескі жыл!Сіз бізбен қуанышың мен қызығыңды аяған жоқсың.Енді сені тарих сапарына аттандырғалы тұрмыз.2015 жыл қонақтап шартарапқа.Біз сенімен мүлде қоштаспаймыз,тағы кездесеміз.Ал,сау бол,Ескі жыл!
Ескі жыл:мен сендерге сенемін балалар,ұмытпаймын сендерді сау болыңдар.
Хормен:Қош ,сау бол 2013жыл!
Жүргізуші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын. Соны шешесіңдер ме? Балалар: Иә. Жұмбақ: Ақсақалды шал жылына Бip-ақ рет келіп кетеді Қызы мен ұлына Сыйлық алып келеді /Аяз Ата/
Жүргізуші:Балалар, енді жаңа жылдьқ мерекемізге Аяз атаны шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар. Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! - деп айғайлап шақырады. Аяз Атаньң орнына мыстан кемпір ұшып кipeдi де, шыршаны 6ip айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады. Мыстан: Пай-пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаньң кереметін-ай! Уйге алып кетсем бе екен?/Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаньң түьірімен жұлып алғысы келеді. /
Жүргізуші: Мыстан кемпір! Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз,тимеңіз біздін шыршамызға! /Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді: Туу!/ Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып./Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой. Әрі тартады, бері тартады, бірақ жұла алмайды. Шамалы дем алып алайын сосын жұлып алармын дейді.
Сиқыршы:
Мыстан кемпір сен неге балалардың өнерін тамашаламайсың? Балалар өнерлі екен. Сен балалардың өнерін тамашала. Балаларға сыйлық әкелдің бе?
Жоқ. Ендеше мен Аяз ата мен Ақша қарды жіберейін. Балалардың өнерін көрсін. Сау болыңдар балалар!
Ән: Аяз ата
Хор: Аяз ата, Аяз ата
Жүргізуші:
Балалар біз жаңа ескі жылды шығарып салдық. Енді барлығымыз жаңа жылды шақырайық.
Қазір келетін қандай жыл? Сендер білесіңдер ме?
«Жылқы» жылы
«Жаңа жылы»
Армысыздар халайық,
Бармысыздар халайық.
Жаңа жылды жұп жазбай.
Келіңдер қарсы алайық.
Жақсылыққа бағытталған.
Жыланмын мен жаңа жыл,
Жаңа жылда барлығыңыз.
Жаңа үміт таба біл.
Жылан жылының мерекесін
Берекеге жалғаймын.
Елде жерде табиғатта
Бейбіт жолды қолдаймын.
Балалар өлеңі:
1. Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
2. Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.
3.Жаңа жылды қарсы алдың
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
4. Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.
Би: «Қояндар»
Ән: «Шырша жыры
Би: «Ақша қар»
5. Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған
, Сәлем бepді жұртына.
6. Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
7. Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
8. Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып
. Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп
9. Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды, Ол да көптің бірі болып. Қайда қызық болса думан, Аяз Ата сонда болды. Күндіз үйде ойнап бізбен, Балалармен бірге болды. Аяз - Ата: Ой! Бәрекелді, жарайсьңдар балалар! Аталарыңды бip куантып, тастадыңдар.
мында тұр екен ғой (оны ашайын деп жатканда еріксіз бip күш оны артқа қарай итереді) Сиқыршы:
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырсам шешесіңдер ме?
:Балаларға жұмбақ жасырады: Қыста ғана болады, Ұстасаң қолың тоңады. (Қар) Терезеге қонады, Әсем ою ояды. (Қырау) Тікен,тікен тік пістe. Қысы жазы бip тусте (Шырша)
Сиқыршы: Жарайсьңдар,балалар, жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер.
Сиқыршы:
Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерін қандай әдемі! Ал, балаларым,сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашьқ болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.) Балалар: Сау болыңыздар!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! 2014-шы жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен куаныш әкелсін!!!
Тақырыбы: Қарттарым- қазынам
Мақсаты:
Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер жазылған плакаттар
Барысы: І Ұйымдастыру
ІІ. Негізгі бөлім
Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз-дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, сөзі нәр.
Қымбатты ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар. 1 қазан - Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Қарттарым-асыл қазынам» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Мерекеңіз құтты болсын ата-апа!
Көкіректен жыр төгілмей жата ма?
Зейнетіне жетіңіздер өмірдің,
Кенеліп бір ілтипатты батаға.
Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар.
Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.
Біздің ауылымызда қырыққа жуық қарт ата-әжелеріміз бар. Солардың бірі Аязбаев Жапбасбай атамыз және Жұбаназарова Ұлжан және Шәкірова Гүлжаһан әжеміз бүгін бізде қонақта.
Қадірлі ата-әжелер бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер.Сіздерге зор денсаулық,ұзақ ғұмыр тілейміз.
а/ Жұмбақ шешу:
Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің,
Білер оны сұраған,
Ол кім? (Ата)
Аймалайды «Күнім»деп,
Мейірімді жүзі күлім деп.
«Тәтті-ақ» дейді немере,
Бал шырындай үнің деп.
Ол кім? (әже)
І бөлім «Ата-әжем мақтанышым»
Ата- ардақты тұлға. Иә, «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды,мейірімді,ақылды.іскер болуын тілеп,сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін басы жерге жеткенше дамыта береді,өнеге көрсетеді,өсиет айтады.
ә/ Ауыл қариялары туралы мәлімет беру.
Әже- ақ сүт берген аналардың анасы. Әже әрқашан да балалық бал дәреннің басықасында болып,асыраушы,аялаушы,тәрбиелеуші басты кісі.өмір өрнектеріне,тіршілікке көбірек араласқан ана перзентін көбінесе әженің қарауында қалдырады. «Жан жүрегім,жарығым»деп әже немересін,шөбересін жүрегіне теңейді. Жан жүрегін салып нәрестені,бүлдіршін жасөспірімді тәрбиелейді.
б/ Ауыл әжелері туралы мәлімет беру.
ІІ бөлім «Жырымды сіздерге арнаймыз»
Халқымызда «Өзің өлгенше, немерең өлгенше» деген сөз бар.
в/ Оқушылардың ата-әжелеріне деген жыр шумақтарына берелік.
1 оқушы
Менің әжем,ақ әжем.
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десем,
Айтып береді тағы әжем.
2 оқушы:
Менің әжем,гүл әжем,
Алтын әжем,нұр әжем.
Анам үшін,мен үшін,
Нағыз әжем,тіл әжем.
3 оқушы:
Тентек болсам ашынып,
Жақсы іс қылсам асырып.
Маған сақтап жүреді,
Тәттіні де жасырып.
Тосып тәтті дәмдерін,
Ол бар жерде бал жедім.
Мен ұйықтарда айтады,
Ертегісін әндерін.
Біздің үйде осындай,
Әжетайым бар менің.
Қорытындылау
«Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!
Сабақтың мақсаты: а/ оқушыларға әділеттілік және әділдік туралы түсінік беру, осы
қасиеттерді күнделікті өмірде қолдануға үйрету;
ә/ жетелеуші сұрақтар, ойындар ойнату арқылы оқушылардың ойлау
қабілетін, сөздік қорын дамыту;
б/ оқушыларды әділетті болуға, әділ шешім айтуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,тест.
Барысы: I Ұйымдастыру кезеңі.
II Негізгі бөлім.
1.Кіріспе. «Байлық пен ақыл» (Оқушылар ертегіден көрініс көрсетеді)
2.Талдау сұрақтары.
1. Әкесі ұлдарына қандай сауал қойды?
2. Әкесі кенже ұлына не үшін мұрасын табыс етті?
3. Әкесінің өз мұрасын кенже ұлына беруі әділеттілікке жата ма?
3. Сенің өмірің туралы заң
5-бап. Басқаны қинауға, оған қатал қарауға, кемсітуге және
ренжітуге ешкімнің құқығы жоқ.
12-бап. Біреудің атына кір келтіруге, жеке басының тіршілігіне
араласуға, рұқсатсыз үйіне кіруге, жазысқан хаттарын оқуға
ешкімнің құқығы жоқ.
19-бап. Әрбір адам өз пікірі болуына және ойындағысын еркін
айтуға құқықты.
26-бап. Сенің мектепке баруға, ақысыз оқуға және мамандық
алуға құқығың бар.
4.Ой тұжырым
Әділетті болу деген, ешкімнің сөзіне
еліктемей, шындыққа сүйене отырып,
ешқандай жағдайларға қарамастан, дұрыс,
адал көзқараста болу.
Әділ болу деген — өзінің де, өзгенің де сөзін
қорғай білу.
5. Шығармашылық тапсырма
1.Сенің інің мен қарындасың бар. Сен
қарындасыңа ылғи кәмпит бересің, ал ініңе
бергің келмейді. Неге? Осы әділ ме?
2. Сен сабаққа дайын емессің, бірақ оның
белгілі бір себептері бар. Мұғалім саған
жаман баға қойды. Бұл әділ ме? Әділ екеніңді
қалай дәлелдеуге болады?
6.Нақыл сөздер
Әділет тілесең, атаңның болсын айыбын айт.(М.Әуезов)
Алдыңа келсе, әділдігіңді аяма- аймағың кетпес алдыңнан. (Ы. Алтынсарин)
Әділдік жоғалған кезде адамдар өмірін мәнді ететіндей ештеңе де қалмайды.
(И. Кант)
7.Тексеру тесті
“Адамды әділетті деуге бола ма, егер…..?”
а) Сыныптағы балалардың бәрі бір балаға жабылып,
ызаландырып тиіссе,…
ә) Басқалар туралы ешқашан жаман пікір айтпаса,…
б) Ненің жаман, ненің жақсы екенін айыра білетін болса,…
в) Әлсізді біреу ренжітіп жатқанда, оған ара түспесе,…
г) Әрқашан өзінде барды тең бөліссе,…
ғ) Жіберген қателігіне лайықты жаза алуға дайын болса,…
III “Орамал тастамақ” ойыны
- Үлкен бала сенің досыңды ұрды. Сен әділ болсаң не істейсің?
-Үйіңе қонаққа даостарың келді. Сен әділ болсаң, олармен тортты қалай бөлісесің?
-Сенің сыныптас досың сыныптағы бір оқушының сөмкесінен рұқсатсыз қаламын ұрлап алды.Осы әділдікке жата ма?
IV «Біз не үйрендік?»
Мақсаты: оқушыларға құқықтық білім беру, құқық бойынша білгендерін қайталап еске түсіру, құқықтық тәрбие беру арқылы оқушылардың бойына заңға деген сүйіспеншілік сезімін, өз құқығын білетін Конституциядағы міндеттерді орындайтын азаматты қалыптастыру.
«Жер бетіндегі адамдар арасындағы тәртіп орнату үшін заңды қолдану – шөлге жауған жаңбырдай қайырымды.»
385 - хадис Мұхамбет Пайғамбар
1. Негізгі ойды тап. (мәтінмен жұмыс)
2. Аквариум тәсілі.
3. Жалғасын тап./мақал - мәтел/
4. Өз жартыңды тап.
5. «Қағидалар» ойыны /сұрақтар/
6. Тұлғаны таны.
Қорытынды /Азамат құқығы/, /міндеттері/
Қолыңда болса бір билік,
Қарғаға залым болмаңыз.
Алдыңа келсе бітпес дау,
Әділін айтып қорғаңыз.
/Төле би./
/ Мұғалімнің кіріспе сөзі/
Кішкене тарихи шегініс жасайық. 15 ғасырдың орта шенінде қазақ мемлекетінің негізі қаланды. Жәнібектің баласы Қасым ханның тұсында қазақ хандығы күшті мемлекетке айналды. Тарихта тұңғыш рет құқықтық ғұрыптар мен нормалар жүйеге келтірілді. Халық оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атады. Ол бес бөлімнен құралды.
Қасым ханнан кейін қазақ қоғамының құқықтық жүйесін дамытуға айтарлықтай үлес қосқан Есім хан болды. Ол әскери міндетті атқару ережелерін күшейтті, әскери тәртібін бұзу - шыларға қолданылатын жазаны қатайтты. Қалған мәселелерде Есім хан бұрынғы құқықтық ғұрыптар мен заңдарды сақтап қалды. Сондықтан оларға халық «Есім ханның ескі жолы» деген ат берді.
Қазақтың құқық жүйесіне үшінші және соңғы рет елеулі өзгерістер енгізген Тәуке хан (1680 - 1718) болды. Бұл құқық нормалары жазба түрде сақталып, жүздеген жылдардан кейінде мінсіз күйде қағазға түсу мүмкін болған. Бұл кодексті «Тәуке ханның жеті жарғысы» деп атаған.
Сондай - ақ, қазақ даласында Сот қызметін билер атқарған. Қазақ билері арасында бір заманда өмір сүрген және өздерінің ерекше қасиеттері мен көзге түсіп, тарих беттерінде қалған Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.
Міне, балалар өздерің байқап отырғандай құқық дегеніміз – заң рұқсат ететін адам табиғатына, жаратылысына сай әрекеттер жасау мүмкіндігі екен.
ҚР - ң Конституциясы – елдің басты саяси құқықтық құжаты. Конституция латынның «constitutio» сөзінен шыққан «құрылым» деген мағына береді. Еліміздің Конституциясы - адамның құқықтары, бостандықтары, қадір - қасиетінің гуманистік тұжырымдамасы және қоғамның даму деңгейіне сәйкес келетін әділетті заң жиынтығы. ҚР Конституциясы 1993ж 28 қаңтарда, кейін 1995ж 30 тамызда қабылданды. Заңды парламент шығарады. ҚР Конституциясы 9 бөлім 98 баптан тұрады. Ал бала құқығы туралы конвенция 1989 ж 20 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдады. Екі бөлім 54 баптан тұрады.
«Негізгі ойды тап» мәтінмен жұмыс
Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз, халық рухының сарқылмас бастауы да сонда жатыр. Ел - жұртымызды, туған жерімізді, оның өзен - көлдерін, оның бораны мен найзағайын ана тіліміз арқылы ғана қабылдап, соларға деген перзенттік махаббатымызды ана тіліміз арқылы жеткіземіз.
Ата - ана - өте қымбатты да асыл жандар. Ол дегенде әр баланың жан-дүниесінде бәрі жайнап кетеді. Бізді өмірге әкеліп, киіндіріп, бар жақсысын алдымызға тосқан ата - ананы мәңгі аялауға міндеттіміз
Иә, кейде ата - анасына тіл алмай, сөз қайтаратын балалар да болады. Бұл - олардың ең үлкен әрі кешірілмес қателігі. Мейірімсіз жастар әкесін, не шешесін қарттар үйіне тастап кетіп жатқанын көргенде, жүрегің қан жылайды.
Басты бақыт - бәрімізді тіршілікке әкеліп, өмір көруімізге себепкер болған ата - анамен бірге ғұмыр кешу. Сол себепті де ана мен әкеге деген сезім мен махаббат мәңгі суымауы тиіс.
Келешек білімді мамандарсыз – бұлдыр.
Қазірдің өзінде көптеген мамандарға зәрулік басым. Солардың орнын толтыру және қоғам өмірінің барлық саласына белсене араласу үшін біз өз таңдауларымызды жасауымыз қажет. Алайда, сол кәсіпті игеру үшін де білім керек. Ал, оның негізі мектепте қаланады.
Білім босағасында әйтеуір орта білім алу қажет - ау деген дұрыс емес. Екіншіден, жоқтық жағадан алған мезгілде «киімім жоқ» деген сылтаумен мектепке бармай жүрген балалар да баршылық. Қалай ойласақ та, мектепке бармаудың зардаптары көп. Білімсіз, мәдениеті төмен, қабілетсіз балалар өмірден үлестерін ала - ал - майды. Одан ата - аналардың өзі зардап шегеді.
Білімді болсақ, келешекті нұрландырып, Отанымыздың іргетасы бола аламыз.
Республикамыздың мемлекеттік нышандары Әнұран, Жалау және Елтаңбасы әлемге әйгіленіп, жер бетіндегі іргелі ел екенімізді растайды.
Мектепте әр линейка сайын Әнұран айтылады. Ол біздің жерімізге, Отанымызға деген сүйіспеншілігімізді, махаббатымызды оятады.
Отан – оттан да ыстық болуы керек. Отанымызды шексіз сүйгенде ғана, оның болашағы үшін күресіп, шаңырағын биіктетуге атсалысамыз.
Әскерге бармас үшін өтірік төлқұжат жасататындар да бар. Сондай су жүрек, қорқақ ұлдарды жек көремін. Небір сәттерде ұланғайыр жерімізді қорғап, бүгінгі ұрпаққа сыйлаған бабаларымызға бас иеміз. Солардың мұрасын ұстап, мұратын алға апарудан жалтарғандарды заң жолымен жазалау керек.
Біздің еліміздің табиғаты тамаша: қазба байлықтары да мол. Дегенмен, бүгінде өзен, көлдер тартыла бастады. Демалыс аймақтарының өзі қоқыспен толтырылуда. Тіпті отынның жоқтығынан бүтіндей бір ауылдар айналасындағы жасыл желек атаулыны кесіп, тамызыққа айналдырған. Одан қала берсе, бағалы құстарымызды шетелге сату да бой көрсетіп жүр.
Ал табиғат бүгін, ертең және болашақта да ұрпаққа керек.
І бөлім
7 – бап.
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
ІІ бөлім.
27 - бап.
3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата - анасына қамқорлық жасауға міндетті.
30 - бап.
1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.
2. Азаматтың мемлекеттік оқу орнында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.
34 - бап.
2. Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті.
36 - бап.
1. Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.
38 - бап.
Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.
14 - бап.
1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
15 - бап.
1. Әркімнің өмір сүруге құқы бар.
2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар.
29 - бап.
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
2. Республика азаматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемін тегін алуға хақылы.
79 - бап. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері.
1. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері:
• Айыппұл;
• Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
• Қоғамдық жұмыстарға тарту;
• Түзеу жұмыстары;
• Қамау
• Бас бостандығынан айыру болып табылады.
«Жалғасын тап»
1. Ұрлық түбі -...
2. Біреуге ор қазба -...
3. Заңның құрығы...
4. Өтіріктің құйрығы...
5. Тура биде...
6. Туғанды биде...
7. Қолыңмен істегенді -...
Қағидалар ойыны
1. Қазақстан Республикасын кім басқарады? /Президент/
2. Адам құқығын қорғайтын заңдарды кімдер шығарады? /парламент/
3. Балаларға қамқорлық көрсету кімдердің қасиетті борышы? /ата - ана/
4. Балалардың не алуға конституциялық құқығы бар? /білім/
5. ҚР - да бала құқықтары туралы конвенция қашан қабылданды? /1989 ж 20 қараша/
6. Конституция сөзінің аудармасы /құрылым/
7. Конституция қашан қабылданды? /1995ж 30 тамыз/
Қорытынды.
Азамат құқығы
↓
жеке басының бостандығына, еңбек етуге, демалуға, білім алу, ар - ожданды сақтау өмір сүру, жеке меншік иесі болуға, денсаулығын сақтауға, тұрғын үй иесі болу, ойды еркін айту
Азаматтың негізгі міндеттері:
Конституция мен заңдарды сақтау, адамдардың құқығын, бостандығын, қадір - қасиетін құрметтеу, ҚР - сын қорғау, рәміздерді құрметтеуге, салықтарды төлеуге, табиғатты сақтау,
Сабақтың тақырыбы : Салауатты өмір салты
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға денсаулық , тән , жан сұлулығы жайлы , оның күнделікті өмірдегі маңызы жайлы әңгімелеу . Осы айтылған құндылықтарды бағалап , қадір тұтуға тәрбиелеу .
Сабақтың көрнекілігі: Плакат , суреттер , мақалдар .
Сабақтың барысы: Кіріспе
Сәлеметсіңдер ме , балалар , барлығыңды жаңа оқу жылдарыңмен құттық — таймын . Сіздермен қайта кездескеніме қуаныштымын . Қазір бәріміз бірге мына өлең жолдарын айтайық .
Қуанамын менде
Қуанасың сенде
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге .
Балалар , қазір сіздерге қызықты жұмбақ жасырғым келіп тұр .Жұмбақтың шешуін тапсақ , бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады . Ал ендеше мұқият тыңдайық .
«Оны күткен адамдар
Ұзақ өмір сүреді
Қадірін білген жарандар
Байлық осы деседі»
(денсаулық)
Дұрыс айтасыңдар , балалар , яғни бүгінгі сабағымыздың тақырыбы : « Денсаулығыңды күтуге дағдылан »
Денсаулық дегеніміз не ?
Дені сау адам қандай болады?
Жарайсыңдар балалар , денсаулық туралы біраз нәрсе біледі екенсіңдер.
Бүгінгі сабағымызда денсаулығымызды қалай күту керектігі жайында көптеген
мағлұматтар үйренеміз . Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние
ол жақсы болу үшін , не уақытты, не күш-жігерді, не еңбекті,тіпті барлық
дүниені аямай жұмсау керек .Денсаулық адам өміріндегі ең жоғары бағалы
дүние болғандықтан , әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет,
оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек . Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап , оған үлкен зиян келтіреміз . Әр адам өзінің денсаулығының нашарлауына өзі кінәлі . Ауруды ағзаларға жолатпау адамдардың өз қолында .Сол себепті әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек .салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін «Денсаулық әлеміне» саяхатқа шығамыз .Біздің алғашқы аялдамамыз – «Жасыл өлке»
Жасыл өлке дегеніміз не?
Өсімдіктер бізге не береді ?
Дұрыс . Жасыл желек адамның тыныс алуына қажетті оттегін береді ; айнала қоршаған ортаға көрік , әсемдік береді , тағам ретінде пайдаланамыз. Табиғатың сұлулығына тамсанып , таза ауамен демалып , саяхатымыздыары қарай жалғастырамыз. Келесі , «Мөлдір бұлақ» аялдамасы ,бұлақтың адам өміріндегі маңызы қандай ?
Бұлақтың суын ішеміз , тәнімізге тазалық , сұлулық ,жанымызға тыныс береді .
Дұрыс айтасыңдар .Су- біздің тәнімізге азық , тазалық ,жанымызға тыныс , сұлулық береді . Су болмаса өсімдік өспейді , ал өсімдік өспесе , таза ауа да болмайды .Таза судың болмауы біздің денсаулығымызға зиянын келтіреді .
Ойша бұлақтың мұздай , мөлдір суынан қанып ішіп , ары қарай жүреміз.
Келесі «Спорт» аялдамасы .
Спорттың қандай түрлерін білесіңдер ?
Өздерің қандай спорт үйірмесіне барасыңдар ?
Спортпен айналысқан адам қандай болады?
Спорт – белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде
өтетін әрекет. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту , моральді және затты қанағаттану , өзін-өзі дамыту үшін шұғылданады .
Балалар , осы спортқа байланысты әлемдік дода өтті , ол қалай аталады ?
Қай елде өтті?
Қазақ елінің туын көкке желбіретіп , әнұранын шарықтатқан қандай спортшыларды білесіңдер?(жауаптар)
(Лондон олимпиадасында жүлделі орындарға ие болған спортшылар жайында суреттерін көрсете отырып , қысқаша шолу жасау .)
«Ұзақ өмір сүргің келсе – денсаулығыңды күт , спортпен шұғылдан» дегендей,
спортпен қазірден айналысыңдар. Мүмкін ертеңгі еліміздің даңқын шығарар
спортшылар сіздердің араларыңызда отырған шығар.
Спортпен айналысқанда біз күш жұмсаймыз. Күшімізді қайта қалпына келтіру үшін бізге не керек ?(тамақ)Ендеше келесі аялдама «Ас-адамның арқауы»
Ал қалай тамақтану керек ? (жауаптары )
Дұрыс . Тиімді уақытылы ,дұрыс тамақтану керек . «Ас-адамның арқауы» деп бекер айтпаған .
Дұрыс тамақтанудың маңызы қандай ? (күш-қуат береді ,дәрумендер ,ағзаға пайдалы )
Құрамы дәрумендерге бай , ағзаға пайдалы тамақ ішіп , бойымызға күш-қуат жинап саяхатымызды ары қарай жалғастырамыз .Міне , «Жақсылық кені» аялдамасына келдік .
Жақсылық айтып басқаға ,
Ортаға ойды салғайсың
Тек мақтанба , дасқанба
Сұлу жанды болғайсың .
Жақсылық жасау дегенді қалай түсінесіздер ? (көмектесу , жанашыр болу , жақсы сөз , жақсы іс , жақсы ой т.б.)
Балалар,жаны сұлу адамды жақсылық кені дейді, ол жақсы іс – әрекет жасап,жақсы сөз сөйлейді.
Қорытынды:
Міне біз «Денсаулық әлемі» еліне жеттік.Бұл елде салауатты өмір салтын ұстанатын,жаны да, тәні де сұлу, ұзақ өмір сүретін ,жаман әдеттерден бойын аулақ ұстайтын адамдар өмір сүреді екен.
Егер бүгінгі сабағымызда үйренген жақсы қасиеттерді,іс – әрекеттерді үнемі
есімізде сақтап,күнделікті дағдыға айналдырсақ,біз де осы елдегі адамдардай мықты,шымыр,ойы таза,жаны сұлу,көңіл – күйі көтеріңкі,салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтар болып өсеміз.Үнемі таза ауа,спорт,су,дұрыс тамақтану,тазалық,жан сұлулығы,жақсы сөз т.б. сияқты қасиеттермен дос болайық.Алдымыздағы парақшаларға әдемі тілектерімізді жазып,тақтаға ілейік. Міне ,жер бетіне жылуын,шуағын шашқан мейірімді күнге айналды.
Мейірімді күн анадан бойымызға мол жылуды ала отырып,сабағымызды әдемі өлең жолдарымен аяқтайық.
Денсаулық – бар байлығың басыңдағы,
Жайнаған өміріңнің жасыл бағы.
Қастерлеп мәпелесең ,аяласаң,
Бойыңдағы кетпес қуат жасыңдағы.
Сау болыңыздар!
Тақырыбы: Алтын күз
Мақсаты:
1. Оқушылардың күз мезгілі туралы түсініктерін кеңейте түсу; күзді басқа жыл мезгілдерімен салыстыра отырып, айырмашылығын ажырата білу;
2. Оқушылардың сахналық мәдениетін қалыптастыру; тұлғалық қасиеттерінің дамуына ықпал ету;
3. «Еңбек түбі - береке» деген халық даналығының дұрыстығын көз жеткізу.
1 - жүргізуші: Армысыздар, ұлағатты ұстаздар!
2 - жүргізуші: Бармысыздар, жадыраған жас достар!
1 - жүргізуші: Уа, халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтың
Алтын күзге арналған
Кешімізді бастайық..!
2 - жүргізуші: Армысың сары алтындай Алтын күзім»
Күн нұрын төккендей боп жапырағың.
Қарсы алып біз өзіңді тұрмыз міне,
Алтын күз деп өзіңе айдар тағып.
Алтынай: Күз - жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз - байлык, молшылық. Күз дегеніміз - қауырт еңбек кезеңі. Олай дейтініміз, бұл мезгілде жеміс - жидек, астың пісіп жетілуі, күзде малда, аң мен құстарда қоңданып, семіреді. Күзде қыс қамы жасалады, сондықтан адам да, жануарлар да, өсімдіктер де қысқа әзірлік жасайды.
Альбина: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Мөлдір: Нағыз Алтын күз - қыркүйек айы. Қыркүйек - ерекше ай. Жалпы алғанда біз үшін күз дегеніміз - мереке, күз дегеніміз - береке.
Ерғанат: Алтын нұрдай тамшылап.
Жапырақтар төгілді
Біздің өмір таң шуақ
Біздің өмір көңілді.
Әділер: Дала біткен жайдары
Құлпырыпты, түлепті,
Ақ бидайды айдарлы
Жапан түзге кім екті.
Әлібек : Диқан бабаң екті де,
Еңбектен еш қайтпады.
Алдыңа кеп төкті де
Нанды үйіп тастады.
Хурсанд: Қызыл қырман басында,
Ақ бидайды сапырған
Диқандардың қасында
Күз есепші отырған.
Әділер: Ұшты талдан жапырақ,
Сары көбелек секілді
Аспанда жай шатырлап,
Тамшы жерге секірді.
Ойын:
1) Күз мезгілінде туған балалар.
2) Жапырақ жинау.
Мынау бақ. Онда әр түрлі жеміс ағаштары өседі. Олар: алма, алмұрт, шабдалы, алхоры, жүзім, шие, жаңғақ. Жаз бойы ағаштарды күтіп, суарады. Күзде жемістері піскеннен кейін жинап аламыз. Алма, алмұрт, шабдалы, жүзім, шие тәтті жемістер.
Ерғанат: Біздің бақшада картоп, сәбіз, орамжапырақ, пияз, қияр, қызанақ өседі. Біз жазда оларды күтеміз. Күзде жинап аламыз.
Әлібек: Мен қиярмын, қиярмын,
Дәмділікті жиярмын.
Салаттардың сәнімін
Жеп көрші қане, дәмдімін.
Алтынай: Менің атым - қыркүйек, күздің бірінші айымын. Молшылықтың, байлықтың айымын. Ал, балалар, мен туралы не білесіңдер?
Хормен: 1 - қыркүйек - Білім күні.
22 - қыркүйек - Тіл мерекесі.
Альбина: Оқуға алғаш келгенде
Болсын деп білім серігім
Қиялым қанат бергенде,
Жүзбек боп ғылым теңізін
Қарсы алды күліп мектебім
Тұр екен дайын партасы
Бақытқа мұндай жеткенім
Алтын күздің арқасы.
Мөлдір: Күзім - ау, күзім - ау,
Мінезің бұзық - ау,
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық - ау.
Бау - бақша тосады
Тосады, достарым.
Дастархан толған дәм,
Жайдары аспаным
Ойнаймыз, күлеміз,
Достықты білеміз.
Әлібек: Менің атым - қазан. Күзгі жиын - теріннің соңғы айымын, еңбекқор елді той - думанға кенелтемін. Менде қандай мерекелі күндер бар?
Оқушылар хормен: Қазан айының алғашқы жексенбісі - Ұстаздар күні.
Қарттар күні, сабантой.
Хурсанд: Мұғалім - ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың,
Өмірде сенің алар орыныңды
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.
1 - жүргізуші: Міне, балалар, әр мезгілдің өзіне тән ерекшелігі бар.
2 - жүргізуші: Еңбекті талап ететін күз мезгілі бізді тәтті тағамдармен байытады.
1 - жүргізуші: «Еңбек етсең емерсің» деген осы.
2 - жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Тақырыбы: Мәңгілік елдің-мәңгілік тілі
Мақсаты: Ана тілінің қадір - қасиетін ұғындыру, ана тілі ақыл - ой дамуының және барлық білімдердің негізі екенін дәлелдей түсіндіру.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер. Қ. Жұмадилов «Қазақ тілі - өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл.»
Барысы:
1. Ұйымдастыру.
Кіріспе сөз: «Қазақ тілі - рухани байлығымыздың қайнар бұлағы» деп бекер айтылмайды. Қазақ елінде, қазақ жерінде қазақ тілі өркендеуі тиіс. Оған қазақ халқының ұрпағы ғана емес, Қазақстанды мекендеп жатқан барлық халық үлес қосуы тиіс. Ол үшін ана тіліміздің қадір - қасиетін өзіміз білуіміз, дәріптеуіміз, насихаттауымыз керек.
2. Негізгі бөлімнің 1 - кезеңі /Тіл туралы бірнеше мақал - мәтел, нақылдардың мәнін ашу/
«Тіл сыйлы етер, құтты қылар, өсірер,
Бас та жарар, қадір - құтты өшірер...» /Жүсіп Баласағұни./
1 - оқушы: «Тілден қымбат қазына жоқ»
Ертеде бір қария дүниеден өтерінде ұлына қымбат қазына қалдырғанын айтып кетеді. О дүниелік болған әкесін арулап жерлегеннен кейін, ұлы қазынаны іздеуге шығады. Ауланы, үйді түгел қопарып, әкесі аманаттаған байлықты таппақшы болады. Қарамаған жері қалмай, ауылдың үлкен адамына барып, бар жайды айтады.
- Балам, босқа әуре болыпсың. Әкең өз ана тілін ерекше қастерлеген, сөзге шешен, дуалы азамат еді. Оның артқыға, ұрпақтарына қалдырған құдіретті қызыл тіл болатын. Ел ішіндегі, халық аузындағы сол қазынаны құрметтеуді аманаттаған екен. Өйткені, тілден қымбат қазына жоқ,- депті ақсақал.
2 - оқушы: «Ғалымның хаты өлмейді»
Әз Жәнібектің 62 биі болған екен. Бір жолы хан билеріне «Дүниеде не өлмейді» деп сұрақ қойғанда, бір нөкері былай депті:
Ағын су өлмейді,
Асқар тау өлмейді,
Аспанда ай мен күн өлмейді,
Әлемде қара жер өлмейді.
Сонда Жиренше шешен оған қарсы шығыпты:
Ағын судың өлгені -
Алты ай қыста қатқаны.
Асқар таудың өлгені -
Басын бұлттың жапқаны.
Ай мен күннің өлгені -
Еңкейіп бара батқаны.
Қара жердің өлгені -
Қар астында жатқаны.
Ажал деген атқан оқ,
Бір Алланың қақпаны.
Дүниеде не өлмейді?
Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді.
3 - оқушы: «Шаршы топта сөз бастау қиын».
Бір күні жиынның ортасында отырған Досбол шешеннен біреу:
Қол бастау қиын ба?
Жол бастау қиын ба?
Сөз бастау қиын ба?- деп сұрайды.
Сонда Досбол:
- Қол бастау қиын емес,
Көк найзалы ерің болса,
Жол бастау қиын емес,
Соңыңа ерген елің болса.
Бәрінен сөз бастау қиын,
Тауып айтсаң мереке қылады,
Таппай айтсаң келеке қылады!- деген екен.
4 - оқушы: «Сөз тапқанға қолқа жоқ».
Ертеде Шамар және Зұлқаш атты екі адам бір ауылда тұрыпты. Шамар сөзге шебер, пысық жігіт болса керек. Ал Зұлқаш жуас, бостау жігіт екен. Ол заманда жер дауы, ру таласы толастаған ба? Бір күні ауыл жігіт тері жорыққа аттанып бара жатады.
Сонда Шамар: Басқамыздың аттануымыз дұрыс - ау, осы Зұлқаш не бітірем деп бара жатыр екен?- депті. Соны естіген Зұлқаш: Шамар - ау, сені бірнәрсе білетін жігіт пе десем, еш нәрсе білмейді екенсің. Атысып жатқан жау сенің Шамар, менің Зұлқаш екенімді қайдан айырсын?- депті. «Әй, сөз тапқанға қолқа жоқ» деп жігіттер ду күлісіп, атқа қоныпты.
5 - оқушы: «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі».
Жастайынан тапқыр сөзімен аты шыққан Бөлтірік ақын бірде ауыл аралап жүріп, бір бектің үйіне түседі. Бек Бөлтіріктің киген киіміне тыжырына қарап тұрып, оны бір мұқатпақ оймен:- Е, Бөлтірік, асығып киіне әйелдерше киімнің бірі ұзын, бірі қысқа ғой?- депті. Бөлтірік бектің сұрағына шамданбай, сабырлы кейіпте:
- Ай, Бәке - ай! Нені сұрайсың. Ұл өскен соң ұл киінді, қыз өскен соң қыз киінді. Мен олармен жарысайын ба? Ұзын болса ұлымдікі, қысқа болса қызымдікі шығар,- деп жауап қатыпты. Бек перзентсіз екен. «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» деген ғой. Ұялғаннан қып - қызыл болған Бек:- Саған дауа жоқ екен, Бөлтірік,- деп теріс айналып жүріп кетті.
6 - оқушы: «Тіл тас жарар, тас жармаса, бас жарар»
«Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» деген жұртшылық болып, ел шұбырғанда, малдың ішіндегі семізін сойып, ел жей берген екен. Сонда бір көк ала бие он бес ауылда асырауға жарапты. Биеден бір сауғанда, бір үлкен өнек сүт шығады екен. Иесі «көз тиеді, тіл тиеді»,- деп сайдан - сайға жасырып, байлап жүріп сауады екен. Бір күні биесін сауарда көз ұшына төрт кісі көрінеді. Сол кісілер келіп жеткенше, биесін сауып үлгере алмапты да көнектің ішіне «тіл болсаң, тасқа ти»деп бір қара тасты салып жіберіпті. Әлгі жолаушылар амандасып болғаннан соң:
- Мана біз көз ұшында көрінгеннен бие сауып отыр едің, манадан сауғаның көл болып ағарлық болды ғой,- деп таңданады. Иесі:- Биемнің жуырда иімейтін жаман мінезі бар еді, сіздердің алдарыңызда ғана зорға иіді,- деп жауап береді.
Кісілер кетісімен сүтті сабасына құйса, көнектің түбіндегі қара ас төртке бөлінген екен. «Тіл тас жарар, тас жармаса, бас жарар»,- деген сөз осыдан қалса керек. Егер тас салмағанда, биеге кәдік болары сөзсіз.
7 - оқушы: «Аталы сөз ақымақ тоқтамайды».
Әмір Темір Үндістанға барған сапарында сол жердің өнерпаздарын шақыртып алып: «Осы шаһардағы асқан бір сазгер бар дегенді естігенмін»,- дейді. Шабармандар бір соқырды Әмірдің алдына алып келеді. Сазгердің өнеріне әбден риза болған патша оның есімін сұрайды. Сазгер «Атым - Мемлекет»- деп жауап береді. «Мемлекет те соқыр бола ма екен»- дейді патша жымиып. Сонда зағип сазгер: «Егер мемлекет соқыр болмаса, ақсақты үйіне кіргізбес еді»- депті. Сазгердің сөз тапқырлығына риза болған Темір оған көп сый - сияпат беріп, шығарып салады. Атағы жер жарған қаһарлы Ақсақ Темір де аталы сөздің қадірін танып, жүйелі сөзге тоқтай білген екен.
3. Қорытынды сөз
Тақырыбы: Көше ережесі тарихы
Мақсаты.
1. Көшеде жүру тәртібі туралы білімдерін тиянақтау, жинақтау.
2. Көше тәртібін әрдайым сақтауға, қиын жағдайларда дұрыс шешім таба білуге тәрбиелеу, құқықтық тәрбие беру.
3. Оқушылардың ой - өрістерін, жан - жақты білімдерін дамыту.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суретті тест, “Жол белгілерін еске түсірейік” лото ойыны, блиц - турнир сұрақтары «Бағдаршамды сыйлаңдар» сөзжұмбағы, бағдаршам макеті, сигналдық белгілер, оқушылар шығармашылығы (салған суреттері), “Бағдаршам” қабырға газеті, «Бағдаршам» мультфильмі.
Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, топпен жұмыс, ойын, эссе жазу, оқушылардың шығармашылығы - салған суреттері.
Түрі: сайыс сабақ
І. Ұйымдастыру. Зал шарлармен, көшеде жүруге байланысты стенд, суреттер, нақыл сөздермен безендірілген. Музыка ойнап тұрады. Жол полициясынан, «Нұротан» партиясынан қонақтар келіп қатысты.
ІІ. Қызығушылығын ояту.
Сұрақ – жауап.
- Балалар көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?
- Жиекжол деген не?
- Жаяуға қай жермен жүруге болмайды?
- Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
- Бағдаршам туралы не білесіңдер?
Бағдаршам макетін киген оқушы және бағдаршамның үш көзін ұстаған төрт оқушы ортаға шығып, тақпақтар айтады.
Қызыл көзі
Мен көзімді ашқанда,
Ешқашанда баспа алға.
Орныңда тұр қозғалма
Ереже бұл “Сен тоқта!”
Сары көзі
Мен көзімді ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жүруге әлі болмайды,
Дайындықты сақтайды
Жасыл көзі
Мен көзімді ашқанда,
Көліктер саған тоқтайды.
Ережені білгендер,
Өтуге еш қорықпайды.
Бағдаршам
Жолды кесіп өтерде,
Сол жағыңа қарайла,
Жарты ортаға келгенде
Оң жағыңа қарайла
Білгеніңді басқаға
Үйрете жүр, жарай ма?
ІІІ Топқа бөлу.
Оқушылар бағдаршамның түстеріне сәйкес қызыл, сары, жасыл түстерді таңдап, топқа бөлінеді.
1 - топ – «Қызыл»
2 - топ – «Сары»
3 - топ -«Жасыл»
ІV Сайыс кезеңдері.
1 – сайыс “Кім шапшаң?”
Суретті тест тапсырмаларға жауап береді. Интерактивті тақтадан үш топқа үш суретті тест көрсетіледі. Топ оқушылары кезекпен жауап береді.
2 – сайыс Блиц - турнир сұрақтары
Қызыл
1. Жаяу жүргіншілер қандай жерлермен жүреді?
2. Жол бойында балалардың ойнауына қатаң тыйым салынған себебі неліктен?
3. Жолды неге тек жол өткелдерінен қиып өтуге тиіспіз?
Сары
1. Жол өткелінен жүгіріп өтуге бола ма?
2. Жол жиегінде тұрған автобус, троллейбус, т. б. көлік түрлерінің қай
жағынан өтуге болады?
3. Бағдаршам жарықтарының қызметі қандай?
Жасыл
1. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады?
2. Бағдаршам қойылған жол өткелі қауіпті ме, әлде бағдаршам қойылмаған жол өткелі қауіпті ме?
3. Жол бойында тоқтап тұрған көлік неліктен қауіпті?
3 – сайыс “Жол белгілерін еске түсірейік” суретті лото ойыны
Әр топқа лото ойыны таратылады. Жол белгілерін дұрыс тапса, жол ережесіне байланысты мазмұнды сурет құрастырылады. Ойынның мақсаты: жол белгілерін еске түсіру, шатастырмауға үйрету.
А) Ескерту белгісі
Қып - қызыл үшбұрыш
Ескерту белгісі мен болам.
Қауіптен сақ бол деп
Сәт - сапар жолдаған.
Ә) Тыйым салу белгісі
Қызылмен боялған шеңберім аумақты,
Тыйымшыл белгімін, қаталмын, салмақты.
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге
Қауіп бар бағдарла, көз салып жан - жаққа.
Б) Нұсқау белгісі
Баратын жерінің бағыты тұрағым,
Үн - түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады,
Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.
4 – сайыс “Кім тапқыр?” Сөзжұмбақ сайысы
Әр топқа сөзжұмбақ жазылған үлестірмелі материал таратылады. Сөзжұмбақты дұрыс шешкенде «Бағдаршамды сыйлаңдар» деген сөз шығады. Сұрақтары мен суреті интерактивті тақтада көрсетіліп тұрады.
ІV Ой толғаныс
Үй тапсырмасы. «Жол тәртібін білейік, есен – аман жүрейік!» тақырыбында жазған эссе – шығармаларын оқыту.
V Жолда жүруге байланысты «Бағдаршам» мультфильмін көріп тамашалау.
Әрдайым жол тәртібін есте сақтап, көшеде сақ жүрейік!
VІ Қорыту, марапаттау.
Қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарып, жеңіске жеткен «Жасыл» тобын құттықтап, мақтау қағазын табыс етті.
Жол полициясынан келген қонақтарға сөз берілді. Оқушыларды жеңістерімен құттықтай отырып, жол ережелеріне байланысты әкелген түрлі бейнематериалдар мен мультфильмдерді сыйға тартты. Жол тәртібіне байланысты сұрақтар қойып, өмірден мысалдар келтірді.
Тақырыбы: "Нан қайдан шығады?".
Мақсаты: "Нан қайдан шығады" деген ертегіні оқып беріп балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту. Нан туралы түсініктерін тереңдету. Еңбекті бағалап, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекіліктер: суреттер.
Әдіс - тәсілдері: түсірдіру, әңгімелеу, көрсету.
Тәрбие жұмысының барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіңдер ме балалар?
- (Балалар жауабы) Сәлеметпіз.
- Қазір бізде көркем әдебиет сабағы. Сабаққа қажетті құрал – жабдықтарды алып оқушы ережеге сай отырамыз.
Психологиялық сәт.
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Дастарханға нан қайдан келеді?
Күзде бидай орылып, жиналып, машинаға тиеліп, ұн тартатын заводқа әкеледі. Онан соң наубайхана неше түрлі нан пісіреді.
Қайдан келдің, бауырсақ
Дастарханда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрып көзін сап:
- Қайдан келдің, бауырсақ? – деп сұрады қуыршақ.
- Дүкеннен келдім нан сатқан, деді оған бауырсақ.
- Дүкенге келдің қай жақтан?
- Наубайдан келдім нан жапқан.
- Наубайға келдің қай жақтан?
- Диірменнен келдім ұн тартқан.
- Диірменге келдің қай жақтан?
- Даладан келдім кең жатқан.
Жер анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген.
Сұрақтар бойынша жұмыс.
- Нан туралы не білесіңдер?
- Нан қайдан пайда болады екен?
- Нан қандай тағам?
- Нанмен ойнап, аяқ астына басуға бола ма?
Нан қайдан шығады? (Ертегі)
Бір күні Тышқан нан дүкеніне кіреді. Сөреде жаңа піскен сап – сары бөлкелер үйіліп тұр екен. Піскен нан исіне қызыққан Тышқан тұмсығын жыбыр – жыбыр тартты. Төмендегі бір бөлкені кеміре бастады. Осы кезде күзетші келіп қалды. Тышқан зып беріп, тысқа атып шықты. Бірақ алысқа ұзамады. «Апырай, қайдан шықты екен осыншама нан. Біліп алып, шыққан жеріне кірсем, ә!» - деп қызығып кетті. Тышқан тесіктен сақтана сығалады.
- Нан, нан сен қайдан шықтың? – деді сыбырлады.
- Сатушыдан сұра, - деді Нан
- Сатушы, сатушы, нан қайдан шығады?
- Наубайшыдан сұра, - деді.
Тышқан тымпыңдап наубайханаға келді. Диірмен тасы тынымсыз шыр көбелек айналды.
Екі адам ұн тартып тұр. Ұн төгіліп аққан бұлақша құйылып жатыр. Көзді ашып жұмғанша қап – қап ұн дайын болады. Тышқан иненің көзіндей танауын тыржитып, таңдана қарап тұрды да:
- Диірменші, диірменші, нан қайдан шығады? – деп сұрады.
- Комбайыншыдан сұра, - деді қырманшы қарт.
Тышқан далада егін орып жатқан комбайыншыға келеді. Қалың егін теңіздей толқиды. Комбайн тоқтар емес, ілгерілеп барады. Сабанын бір бөлек, топанын бір бөлек шығарып тастады. Торсықтай ақ бидайды астауына құйып алып барады. Тышқан шіңкілдеп:
- Комбайыншы, комбайншы, нан қайдан шығады? – деп сұрады.
- Көктемде тракторшы жер жыртып, сеялкашы тұқым себеді. Егіншілер оны күтіп баптайды. Көп еңбек сіңіреді. Міне, мынау қалың астық – сол көп еңбектің жемісі. Нан еңбек арқылы табылады, - дейді комбайыншы.
- Ой, мұның - азап қой. Мен шалқайып жатып – ақ нан таба беремін, - деп қутың – қутың етті Тышқан.
- Әне мысық келе жатыр, - деді комбайыншы. Сол – ақ екен Тышқан бір ескі інге зып берді.
- Ертегі не туралы айтылған?
- Тышқан нанның шыққан жерін неге іздемекші болды?
- Ол қайда барды?
- Тышқан кімнен қорықты?
- Неге қорықты?
Өлең оқып жаттау.
Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар,
Нанда адамның еңбегі мен ары бар.
Нан өмірдің ана сүті, арқауы,
Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.
Мақал – мәтелдер.
"Ас атасы — нан".
"Нан бар жерде ән бар".
"Нан — тіршілік көзі".
Нан туралы тыйым сөздер.
Нанды бір қолмен үзбе.
Нанды жерге тастама.
Қорытындылау.
Тақырыбы: Біздің Елбасымыз
Мақсаты: 1.қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2.елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3.шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Көрнекілігі: слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет «Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент» Біздің Елбасымыз-Н.Ә.Назарбаев
Тұманбай Молдағалиев «Есіл ер»
1-оқушы:
Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік қоясың,
Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың.
Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндері,
Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.
2-оқушы:
Халықтың мұңы мұңдайтынын да, халықтың жыры жырлар жыр,
Көкірегіңде көнермей әлі өткен де кеткен жылдар жыр,
Соңына ердік сол ғана бізді жеткізеді деп бақытқа,
Бақытқа баста байтақ еліңді, бақытсыздықтан құр қалдыр.
3-оқушы:
Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен,
Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.
Сүйеміз сені, санамыз, сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,
Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.
4-оқушы:
Жесірге пана, қашанда қамқор боп жүрсің жетімге,
Ананың тілі, баланың тілі сөйлей білесің не тілде.
Қалам тербесек жүрек берді есеп басынан өткен жылдарға,
Саған сенбесек, кімге сенеміз осынау жердің бетінде...
Ән: «Жан аға»
5-оқушы:
Н.Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам.Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу-бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.
Бірінші қатарда солдан оңға қарай інісі- Сатыпалды, апасы Әнипа. Екінші қатарда Нұрсұлтан Назарбаев, анасы- Әлжан, әкесі-Әбіш. Үшінші қатарда ағасы - Болат Назарбаев, нағашы апасы.
6-оқушы:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
7-оқушы:
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
8-оқушы:
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
9-оқушы:Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
10-оқушы.1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
11-оқушы:1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
12-оқушы:1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.
13-оқушы: Шаңырақ –Отан отбасынан басталады.ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр
14-оқушы:Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр.Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.
15-оқушы:1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
Құт-береке болшы бір елге келген.
Өз туы, елтаңба, әнұраны бар
Айтындаршы, енді елім кем де неден?
16-оқушы:
1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР – ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
«Ата Заң»
Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,
Жақсарсын деп хәліміз адам құқын қорғайды.
Дейді заңы мемлекет үлкенге де, балаға:
“Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”
Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,
Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.
Ермек Өтетілеуұлы.
17-оқушы: Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
18-оқушы: 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.
Ән: “Астана – бас қала”
19-оқушы: 2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды.
Егемен елім әнұраны жанарды,
“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.
(Әнұран айтылады)
20-оқушы: «Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
21-оқушы:
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
22-оқушы:
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
23-оқушы: Төле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.
Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
Ән: «Елім менің» (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов
Тәрбие сағатының тақырыбы:Сәлем-сөздің анасы
(тәрбие сағаты)
Тәрбие сағатының мақсаты:
Оқушыларды әдептілікке баулу, амандасуды үйрету. Сыйлауды, кішіні құрметтеуді, ана тілін ардақтауды,халықты, салт-дәстүрді құрметтеуге үйрету.Оқушылардың өзін-өзі басқару дағдыларын қалыптастыру, оқушы танымын, ақыл-ойын сөйлеу мәдениеті, әдеби шығармашылық қабілетін, ізденушілік қабілеттерін дамыту. Оқушыларды имандылыққа адамгершілікке,әдептілікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: Мақал-мәтел жазылған слайдтар, і.
Барысы:
1/ Мұғалім сөзі
Қызығушылықты ояту.
Оқушыларға сұрақ қою.
1. Сен бір жұмыспен көршіңе келдің. Есік ашқан кісіге алдымен не деу керек?
2. Ассалаумағалейкум!
Сәлеметсіз бе?
1. Сенің үйіңе қонақтар келді. Кіріп келген адамға не дер едің?
2. Саламатсыз ба? Қош келдіңіз!
Атамыз қазақ «Сәлем – сөздің анасы» деп сәлемдесуге үлкен мән берген. Сәлем- арабтың «тыныштық», «бейбітшілік» мағынасындағы «ассалам» сөзінен шыққан.Тегінде, әдеп, адамшылық амандасудан басталады.Сәлемдесудің мәні- ең алдымен бетпе-бет ұшырасқан сәттегі үнсіздікті жою, өздерінің аман-есен дидарласып тұрғанына қуану, ниеттерінің ақ, адал, таза, екенін білдіру.
Мұсылман халқында амандасу «Ассалаумағалейкүм» деген сөзден басталады.Ол «сізге Алланың нұры жаусын» деген сөз екен. Жасы кіші адам жасы үлкен адамға қос қолын ұсынып, алдымен сәлем береді. Ал сәлем алушы «Уағалейкүмассалам» деп оң қолын береді. Ол «Алланың нұры сізге де жаусын дегені екен.
Сыртта жүргенде қария не жасы үлкен кісі өтіп бара жатса, жасы кіші адам оған әдейі бұрылып барып амандасу керек.Амандасып болғаннан кейін жасы кіші адам: «Жолыңыз болсын,қария!» - дейді. Ал қария: «Сенің де жолың болсын!»- деп жауап береді.
Көріспегеніне біраз уақыт болған жолдас, құрдас, ағайын-туыстар қауышып амандасады.Олар әуелі қос қолдап амандасады, содан соң құшақтарын жайып барып бір-біріне төс қағыстырып оңға бір, солға бір кеуде түйістіріп амандасады.
Жастардың амандасу түрлері: «Сәлеметсіз бе?», «Амансыз ба?»,т.б .Адам баласы қашанда тыныш, бейбіт, басы аман, бауыры бүтін, бір-бірімен тату-тәтті сыйласып өмір сүруді армандаған. Соның негізінде сәлемдесу әдебі салынған.
Бүгінгі тәрбие сағатымыз сайыс түрінде өтеді.
Оқушыларды түстер арқылы топқа бөлу
2. Мағынаны тану
Сайыс бағдарламасы:
1. «Сәлем-сөздің басы» атты таныстыру бөлімі.
2. «Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені» атты сәлемдесу жолдары.
3. «Ескірмейтін есті сөз» мақал-мәтел сайысы.
4. «Кішіпейілділік кісінің көркі» сурет сайысы.
5. Үй тапсырмасы: «Байлық пен ақыл» ертегісі
6. «Кім көп біледі?» ойыны
1. Топтардың аты:
«Сәлем сыры»
«Әдептілік»
Әр топ ортаға шығып топтарын таныстырады:
2. Сәлемдесу жолдары:
1. Қазақ елінің амандасуы
2. Әр түрлі елдің амандасу
3. Мақал- мәтел сайысы. Жалғасын табу.
1. Үлкенді сен сыйласаң,
(Кіші сені сыйлайды)
2. Әдепті елдің баласы
(Алыстан сәлем береді)
3.Сәлем беру де –парыз,
(Сәлем алу да –парыз.)
4.Алыстан алты жасар бала келсе
( Алпыс жасар қария сәлем берер.)
5. Бір күн тұзын татсаң
(Қырық күн сәлем бер.)
6.Әдепті бала-арлы бала,
(Әдепсіз бала-сорлы бала)
7. Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
( Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)
8. Әдептілік белгісі- (иіліп сәлем бергені)
9. Сәлем беру бір абырой
( Сәлем алу мың абырой)
10. Әдептілік ар-ұят
(Адамдықтың белгісі)
11. Сіз деген - әдеп , (біз деген-көмек)
12 .Жақсы сөз- (жарым ырыс)
13. Кішіден –ізет,( үлкенге-парасат)
14.Әдептілік белгісі- ар-ұят
4. «Кішіпейілділік- кісінің көркі» атты суреттер сайысы.
1-сурет. «Әдепті бала, алыстан сәлем береді».
2-сурет. « Әдепті бала арлы бала,
әдепсіз бала сорлы бала»
Оқушылар салынған суреттер бойынша көрініс қою.
5. Үй тапсырмасы: «Байлық пен ақыл» ертегісі
6. «Кім көп біледі?» ойыны
1. Ой толғаныс.
Сиқырлы сөздер.
1. Гүлжан дәлізде біреумен байқамай соқтығысып қалды. Әлгі адам ашуланды. Гүлжан бір сөз айтып еді, әлгі адам жадырап қоя берді.
Сұрақ: Гүлжан не айтты? Әлгі адамның ашуы қалай басылды?
2. Көше бойымен таяққа сүйенген бір қарт келе жатыр. Ол әбден қартайғандықтан бүкірейіп кеткен. Бір бала оған қарсы кездесті. Әлгі бала қартқа жақындағанда бірдеме айтты. Қарт оған алғыс білдірді.
Сұрақ: Бала не деді? Қарт оған не деді?
Марапаттау.
Қорытынды.
Оқушылар сөзімді қорыта келе әр халықтың өзіне тән мінез-құлқы мен өзіне ғана жарасатын әдет- ғұрпы болады, ұрпақтары ата-баба дәстүрінің кәусарын бойына сіңіріп өссе ғана халқына аброй әкеледі. Күн сайын біз қанша адаммен жүздесеміз, тілдесеміз, пікірлесеміз. Амандасудан адамның иманжүзділігі және инабаттылығы мен тәрбиелігі көрініп тұрады.
Қазақта «алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария келіп, иіліп сәлем береді» деген қанатты сөз бар. Мұнда жасы үлкен адам келген баладан амандық сұрап, жасының үлкендігін бұлдамай өзінің кішіпейілділігін көрсетеді. Олай болса, сәлеміміз дұрыс болса, әлемімізде тыныш болады деп ойлаймын.
Сабақтың тақырыбы: Кәсіпкерлік деген не?
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға кәсіпкерлікті ұйымдастырудың формаларын ұғындыру. Білімділік дағды қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға кәсіпкерлікті ұйымдастыруда кәсіптік бағдар беру. Еңбекке баулу. Кәсіпкерліктің маңыздылығын ұғыну.
Дамытушылық мақсаты: Оқушыларға кәсіпкерлік қызмет формасын ұғындыруда ой - өріс қалыптастыру. Кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекеттік бағдарламалардың маңыздылығын ұғындыру.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, кесте, суреттер, интерактивті тақта. диаграмма
Сабақтың түрі: теориялық білім беру
Сабақтың әдісі: кіріктірілген сабақ, интерактивті тақтамен жұмыс
Сабақтың пәнаралық байланысы: әдебиет, математика, құқық, сызу,
Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру
2. Еске түсіру
1. Кәсіп ету туралы түсінік?
2. Кәсіпкерге қойылатын талаптар?
3. Кәсіпкердің міндеттері мен құқықтары?
4. Кәсіпкерлік қызмет дегеніміз не?
3. Жаңа сабақ жоспары:
1. Кәсіпкерлік қызмет туралы түсінік.
2. Кәсіпкерлік қызмет формасы.
3. Кәсіпкерлікті дамыту.
4. Қорытынды.
Кәсіпкерлік қызмет дегеніміз – тауар өндіру мен қызмет көрсету түрлері бойынша табыс табу мақсатымен тәуекелге баратын адамның өзіндік іс әрекеті мен қызметі.
Ауылымызда жеке дүкендердің халыққа қызмет көрсетуі, олардың бір жағынан өздері пайда табу мақсатымен еңбектенуі кәсіпкерлік қызметтің жақсы дамып келе жатқандығының айғағы.
Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкер - кәсіпорын - тұтынушы арқылы жүзеге асады.
Кез келген кәсіпорыннан, дүкеннен біз тауардың қажетімізге керегін тұтынамыз, яғни сатып аламыз. Дүкен сөрелерінде тұтыну заттары жеткілікті мөлшерде, кез - келген уақытта, не керектің бәрі бар.
Кәсіпкерліктің мынадай түрлері бар:
1. Өндірістік
2. Коммерциялық
3. Қаржылық
4. Делдалдық
5. Сақтандыру
Ауылымызда кәсіпкерліктің коммерциялық, өндірістік, сақтандыру бағыттары жақсы дамыған. Мысал: фото, видео.
Коммерциялық бағытта дүкен иелері: Күзембаев Сағат, Сағытжанов Атшыбай т. б
Өндірістік бағытта: заманауи пластик терезелер шығарып халықты өз товарымен қамтамасыз етіп отырған Маңғыбаев Смақан.
Сақтандыру бағытта: автокөлік транспорттарын сақтандыруды қолға алған Сұлтанов Бағытжан, Иманов Бақтықожа т. б
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысымен "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілді.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленді.
1. Жаңа бизнес - бастамаларды қолдау міндеттері
2. Кәсіпкерлік секторды сауықтыру
3. Экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау
Мемлекет «Даму» қоры арқылы 5 пайызына субсидия береді. Субсидия – бюджеттен берілетін қаражат түріндегі қайтарымсыз көмек.
Өркениетті елдерде экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуде кәсіпкерлікке арқа сүйейді. Себебі көптеген мәселелердің орындалуына кәсіпкерлік маңызды рол атқарады. « Қайырымдылық акциясын» ұйымдастыруда маңызды рол атқарады.
Кәсіпкерлікті дамытудағы мақсат, міндеттер: 1. Экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешу.
2. Халықты жұмыспен қамтамасыз ету. 3. Азаматтардың еңбекке белсенділігін дамыту.
4. Тұтыну нарығын көп ассортиментті товарлармен, қызметтермен толықтыру.
КӘСІПКЕР -------------- ТҰТЫНУШЫ ------------- КӘСІПОРЫН
Бір - бірімен тығыз байланыста болғандықтан сұраныс, ұсыныс арқылы кәсіптің дамуына жол ашылады.
Кәсіпорын формасының артықшылықтары мен кемшіліктері:
Жеке кәсіпорын: Артықшылықтары:
1. Құру оңай.
2. Бақылауда ұстау оңай.
3. Мемлекет тарапынан басқару аз.
Кемшіліктері:
1. Фирманы кеңейтуге қаржы табу қиын.
2. Ұйымдағы жұмысты меншік иесі жүргізеді.
Серіктестік: Артықшылықтары:
1. Құру оңай.
2. Басқару жұмысын бөлуге болады.
3. Кеңейту үшін ірі соманы салыстырмалы түрде табу жеңілдеу.
Кемшіліктері: 1. Серіктестер арасында болуы мүмкін жанжалдар. 2. Серіктестердің біреуі жұмыстан шығуы, құжаттарды қайта қарастыруды талап етеді.
Акционерлік қоғам: Артықшылықтары:
1. Акция сату арқылы көп капитал жинауға болады.
2. Иеленушілік өзгергенде тұрақтылық сақталады.
3. Менеджер жалдау мүмкіншілігі бар.
Кемшіліктері:
1. Қатаң мемлекеттік реттеу.
2. Ұйымдастыру және басқару шығындары жоғары.
Кәсіпорын:
1. Атаусыз;
2. Мекен, жайсыз;
3. Телефон байланысысыз;
4. Банк деректемелерсіз (есепшот номері, банк мекен жайы)
5. Арнайы бланкілерісіз;
6. Мөр және мөртаңбасыз:
7. Салық органдарына тіркелусіз жұмыс істей алмайды.
Сабақты бекіту сұрақтары:
1. Кәсіпорынның қалыптасуы қалай ұйымдастырылады?
2. Кәсіпкерлікті дамытуда қандай бағдарлама бекітілді?
3. Субсидия дегеніміз не?
Тест сұрақтары:
1. Азаматтардың пайда өзіндік табыс алуға бағытталған дербес қызметі.
а) кәсіпкерлік ә) бизнес б) сауда
2. Бір немесе бір отбасы иелік ететін бизнес.
а) акционерлік қоғам ә) жеке кәсіпкерлік б) серіктестік
3. Акцияны сату арқылы көп капитал жинауға болады, бұл қай түріне тән артықшылық.
а) серіктестік ә) акционерлік қоғам б) жеке кәсіпкерлік
4. Бір жұмысшының жұмыстан шығуы, құжаттарды қайта қарауды талап етеді, бұл қай түріне жататын кемшілік
а) серіктестік ә) акционерлік қоғам б) жеке кәсіпкерлік
5. Мемлекет тарапынан басқару аз, бұл кәсіпорынның қай формасына тән артықшылық.
а) серіктестік ә) акционерлік қоғам б ) жеке кәсіпкерлік
Оқушыларды бағалау.
Қорытынды.
Жастықта әр тараптың басын шалсаң,
Қармақты тәуекел деп суға салсаң,
Еңбегің еңбектенген зая кетпес.
Мақсатқа бір жетерсің ойыңа алған.
Үйге тапсырма: «Бизнесмен болғың келе ме?» мәнжазба жазу.
Тақырыбы: Ұстаздық еткен жалықпас
Мақсаты: ұстаз еңбегінің жемісі, білім өмір шырағы, оқу – инемен құдық қазғандай деген ұғымдардың мағынасын оқушыларға түсіндіру.
Көрнекілігі: нақыл сөздер: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» Абай.
«Өнер – білім бәрі де оқуменен табылған»
Ы.Алтынсарин.
«Барлық істің басшысы – білім мен ұғым»
Ж.Баласағұни.
«Адамның адамшылығы….. жақсы
ұстаздан басталады»
Мұғалім. – Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар бүгін біздің мектепте үлкен мереке. Сынып оқушылары мектеп ұстаздарын төл мерекелерімен құттықтағалы отыр. Бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан, ұлағатты ұстаздар Сіздерге бүкіл әлем баласы бас иеді.
1 оқушы. Мөлдір.
Ғұлама, білгіш ғалымнан
Оқушы жас жалыннан
Мархабатты ойшылдан
Мал өсірген қойшыдан
Жазушыдан, ақыннан,
Космонавтан, батырдан,
Өнері тасқан артистен,
Ырыс қазған шахтерден,
Мың бұралған бишіден
Ой тербеткен күйшіден
Сіздерге бүгін мың алғыс (бәрі бас иеді)
1 оқушы.
Құрметті ұстаздар! Біз сіздерден үлгі аламыз, сіздерді мақтан етіп жырға қосамыз. Енді өздеріңіз туралы жүрегімізден шыққан алғыс сезімізді тындаңыздар.
3 оқушы.
Ұлт ұстазы
Кім ұғады оқушының тілегін,
Кім ұғады оқушының жүрегін.
Ұғатын кім, үйден аттап шыққан соң,
Ұғатын ол – ұстаздар деп білемін.
Оқушыға мейірі мол анадай,
Ол қуанса, қуанады баладай.
Түсе қалса, қабағы мен қасы егер,
Жұбатады жылы сөйлеп аялай.
Үйретеді жалықпастан өнеге,
Отырығызып білім атты кемеге.
Теңіздейін тереңіне бойлатып,
«Маржан» терсе, көтереді төбеге.
Өрелі боп өссе ұлы-қыз бағына,
Асып – тасып мерейленіп тағы да
-Міне, менің шәкірттерім осындай,-
деп, өткенін еске сағына.
Жақсы шәкірт – жақсы ұстаздың жалғасы,
Өзендердей ортаймайтын арнасы.
Ұлт ұстазы, ұлағатты келіскен,
Ар-білімін ұрпағыңа арнашы!
Мұғалім. – Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.
Ол өзінің барлық жігерін, білімін, бойындағы барлық бағалы қасиетін өзінің оқушыларына, халыққа беріп отырады.
4 оқушы:
«Ұстаз деген….»
Мұғалім мен ұстазда бар айырма,
Ұстаз деген – жақсы әндегі қайырма.
Мұғалім, ол – бар болғаны ма мамандық,
Жеткенінше жеті өнерлі шайырға.
Ұстаз деген – ұлағаттың шайыры,
Қадірінің тиетұғын қайыры.
Ұстаз деген – шуағы мол шапағат,
Шаршамайтын, шалдықпайтын, тәйірі.
Ұстаз деген – ұстаз болып туғандар,
Ұлылықты ұлықтаған имандар.
Ұрпағының ертеңіне жол ашып,
Өмірінің әр шақтарын қиғандар.
Қимағандар — ұстаз емес, мұғалім,
Мұғалім боп, ұстаз болмау күнә, мың.
Қара тақта, ақ бор ғана қолданып,
Ұстатты ұстаз дүниенің құлағын…..
Жақсы ұстаздың шын мәңгілік пайдасы,
Өзіне обал арзан дәріс, айласы.
Ұстаз болу бақыт, әрі абырой
Ұстаз деген – шәкірттердің айнасы.
Қыздардың орындауында би «Қазақ вальсі».
Мұғалім.- Оқушы – мұғалімнің өзін көретін айнасы. Мұғалімін жақсы көрген шәкірт ешуақытта ұятқа қалдырмайды, тек балалардың сүйіктісе бола біл. Бұл онша қиын да емес, өкінішке орай, барлық ұстаз осы дәрежеге көтетле алмай қалуы мүмкін.
5 оқушы:
«Ұстаз ағай»
Ұстаз апай неге көп,
Кілең жұмсақ жүректі.
Ұстаз ағай неге жоқ,
Ыбырай ата – тілекті.
Ұстаз аға көбейсе,
Ұлдар ұқсап бақпай ма?
Тұлғалардай кешегі
Намыс отын жақпай ма?
Ұстаз ағай мектептің,
Тірегіне айналса.
Ұстаз апай мектептің,
Жүрегіне айналса.
Ұл – болмай ма ұлықты,
Қыз – болмай ма қылықты.
Біздің ұстаз ағалар,
-Қалай мұны ұмытты?!.
Мұғалім. – Ұстаз жолы – қиын да қызық, ауыр да абыройлы жол.
Баласы – Ата, маған мектепте,
Ұрыспай ма мұғалім?
Мен білетін ертекке,
Дұрыс, дей ме, шырағым!
– Ата, мені мұғалім,
Сіздей жақсы көре ме?
Орындалып сұрағым,
Көтере ме төбеге?
Еркелегім келсе егер,
Көтерем бе қолымды?
Еркелікке, көнсе егер
Күнде етем бе сонымды?
-Ата, Сізсіз мектепке,
Тіпті барғым келмейді.
Ертіп баршы мектепке,
Сонда ешкім жеңбейді.
Атасы: –
Айналайын, ақылдым,
Өмірімнің жалғасы.
Қартаюға жақынмын,
Арманымды жалғашы.
Сен ақылды баласың,
Мектебіңе барасың.
Ұрыспайды мұғалім,
Ол да сенің анашың.
Тәртібің мен білімің,
Қатар өсіп дамысын.
Жеңбесі жоқ білімнің,
Қосылса оған намысың.
Еркелікті қалдыр да,
Үйде отырған атаңа.
Ақылыңды алдырма,
Адал бол, ақ батама.
Атасының баласы
Жаман бала болмайды.
Қабыл болып батасы
Алла өзі қолдайды!
Ұлдар тобының орындауында «Жорға» биі.
Мұғалім. Бала тәрбиесі үлкен өнер. Әр балаға әр түрлі тәсіл керек. Біреуіне ақыл айтсаң да жетіп жатыр. Енді біреуіне ақыл жүрмейді, мінез-құлқына қарай басқа амалын табу керек. Бала жүрегі – кішкентай ғана күйсандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт жүруі керек.
6 оқушы: Перизат
Өмірімнің жалғасы түлектерде,
Жас ұрпақтың өмірін мәпелеген,
Бір саналар ана менен әкеменен
Мен ұстазбын, бірімін, миллиондардың,
Болашаққа, ұрпаққа жетелеген.
7 оқушы: Шыңғыс
Диханмын мен жерге емес, жүректерге,
Ұлан – асыр өлшеусіз тілектерге.
Дән орнына азамат жан өсірем,
Өмірімнің жалғасы – түлектерде.
8 оқушы: Жансая
Ізденетін үнемі сан саладан,
Жүгім ауыр, демеймін арқалаған.
Ел мақтаны азамат өссе болды,
Осы менің тілегім бар қалаған.
Мұғалім. Ұстаз мамандық әлеміндегі ең ғажайып мамандық. Көзі жаудырап алдында отырған шәкірттер ертеңгі ел басқаратын, ғылымның тылсым сырын ашатын, қоңыр даланың ғарышқа самғайтын немесе ақылдың нұрымен суарып кітап жазатын еліңнің ертеңгі қожалары емес пе!
9 оқушы: Біржан
Ұстаздар Хан бол, мейілің, қарабол
Дарын бол, мейілің, дара бол.
Өтетін бәрі алдынан,
Ұстаздар бейне сара жол.
10 оқушы: Жанар
Ұстаздар – ұлттың тірегі,
Ұстаздар – мектеп жүрегі.
Тақырыбы: «Тәуелсіздік- тұғыры
Сабақтын мақсаты: -Оқушыларды ұлтжандылыққа, адамгершілікке, Отанды сүюге тәрбиелеу;
-Оқушыларға азаттығымыздың қалай келгендігін түсіндіре отырып, өз елін, жерін сүюге, қадірлей
білуге баулу.
-Оқушы бойында патриоттық сезімін қалыптасуына ықпал жасау.
Сабақтың түрі: тарихи- танымдық тәрбие сағаты.
Оқыту әдсі: әңгімелесу, пікір алысу.
Пәнаралық байланыс: тарих пәні, әдебиет
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Әнұран орындау
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Туымызды бізге ешкім бермеді.
Ел тізгінің қолына алу жолында,
Қыршын кетті талай қазақ ерлері.
Ой ашар:
1. Балалар біз қандай елміз?(Тәуелсіз)
2. Қай жылы тәуелсіздік алдық? (1991 жылы 16 желтоқсанда)
3. Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіздер.
4. Егемен елдің ерекшелігі неде? (Шекарасы, Елбасы, ұллтық рәміздері, Ата заңы, өзіндік экономикасы шаруашылығы, әлеуметтік жағдайы, салт-дәстүрі болады.)
5. Қазақ елінің іргесі қай жылдардан қаланды деп ойлайсыздар, ол кезде қазақ елді кім басқарды?
- Иә, балалар, XV ғасырдың II жартысында Жәнебек, Керей хандарымыз қазақ елін құрып, біздін ата-бабаларымызды бір тудын астына біріктіріп, ел шекарасын белгіледі. Қазақ елі құрылды. Кейіннен бірнеше хандар елімізді басқарды. Алдарыңызда қазақ елінің алғашқы сол кездегі картасы. Осы қазақ елін құрған хандарымыздың ерен еңбегі бүгінгі танда еленіп, ҚР Тұнғыш Президенті мұражайынын алдындағы саяббаққа биіктігі 12 метірлік ескерткіш орнатылды. Жобаның авторы астаналық жас мүсінші- Ринат Әбенов. Ескерткіштін ашылу салтанатында Н. Ә. Назарбаев: «Елорда тұрғызылған Керей мен Жәнібек хандардың енселі ескерткіші – мызғымас мемлекетімізге арналған мәнгілік белгі» деген болатын. Сонымен бірге, Есілдің сол жағалауындағы екі көшеге Жәнебек пен Керей аты берілді.
Дегенмен,1991 жылы егемендік, тәуелсіздік алдық деп қайталап отырмыз. Сіздер үшін бұл түсініксіз жайт болып отыр. Иә, осы аралықта сан ғасырлық тарих. Үлкен шежіре жатыр.
Слайд(Желтоқсан оқиғасы)
Ой қозғау.
I «Тарихы мол сан тарау»
Егемендік –ел болудың белгісі,
Басқы жұртпен тең жұлдызы, тең күші.
«Егемендік» деген сөзден естілер,
Ата жұрттын арғысы мен бергісі.
Тәуелсіздік алғаннан соң елдің биік рухын бейнелейтін «Тәуелсіздік монументі» алматыдағы республика алаңына орнатылды. Ескерткіштің жобасын жасаған сәулетші- Тимур Сүлейменов. Сонымен, біз тәуелсіз елміз, азат елміз, егемен елміз. Ал, тәуелсіз елдің өзіндік ерекшелігі, байлығы болады. Бізде не бар екенін топтастырын көрейік .
1) Біздің басқару жүйеміз қандай? Біздің Тұнғыш Президентіміз туралы кім не біледі?
2) Еліміздің ұлттық рәміздеріне тоқталайық.
Ту-елдіктің белгісі. Авторы-Ш, Ниязбеков. 1992 жылы Ту бекітілді. Көгілдір түсті, жиегінде оюмен безендірілген, ортасында күн және қыран бейнеленген.
3) Елтаңба-бейнесі. Авторлары- Ш. Уәлиханов, Ж. Мәлібеков.
4) Әнұран- Отанымыздың салтанатты үні, өр үні. өміршен үні. Оның қалықтай көтерген әуенінде туған жердін рухы мен сазы шымырлай шалқиды . Кеудені мерейлі қуанышқа бөлейді, арманыңда аялай самғатады.
5) 19993 жылы 28 қантарда Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда біздің қогамымызда өзгерістерге, жан талаптарға сай толықтырылған қазіргі Ата занымыз қабылданды.
6) «Мен қазақпын»-әні орындалаады.
-Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?
-Қазақстан көп ұлтты мемлекет.
Халқының саны-16млн9600.
Жалпы халықтың 63%-ын қазақтар құрайды.
7) «Түркі халықтарының ішіндегі ең бай,бейнелі тіл-қазақ тілі».
Қазақ тілі- 1990 жылдан бастап мемлекеттік мәртебеге ие болды. 2001 жылы наурызда Тіл туралы Заң қабылданды.
8) Діні – Ислам. Ислам дінінің негізін салушы- Мұхаммед пайғамбар. Ислам дінінің негізгі Сауд Арабиясында қаланды. Қазіргі танда Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Бас мұфта Әбсаттар қажы Дербісәлі.
9) Валютамыз теңге. «Валюта» баға дегенді білдіреді. Әр елдің өз бағасы бар. АҚШ-та доллар, Ресейде-рубль.
10) 1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құралды.1992-1998 жылдар аралығында Қарулы Күштер қайта құрылып, 1999 жылы түбегейлі тұрақтандырылды. Бүгінгі танда бас қолбасшы – Президентымыз Н.Ә. Назарбаев.
11) 1997 жылы Елорда Ақмола қаласына көшірілді, 1998 жылы Астана деген ат берілді. Стамбулда өткен түркі тілдес халықтар Саммитінде Астана 2012 жылға Түркі әлемінің астанасы деп жарияланды. Елордамызда Астанасы әлемге паш ететін монументтер көрініс тапты . Соның бірі- «Қазақ елі» монументі, биіктігі- 91 м. Ұшар басындағы салмағы 2,5 тонна алтын жалатылған самұрық құс орнатылған. 1990 шаршы метр кеңістікке созылған мәрмәр тастан жасалған. Бас сәулетші-Саматбек Бөкебай. Ал «Бәйтерек» монументінің биіктігі-97 м. Шарының диаметрі-22 м. «Аәлы алақан» композициясы 2 кг алтыннан ,6 кг күмістен құйылған. Ол әлемінің жеті кереметінің бірі- Әйфел мұнарасы нысаны қатарыны қосылған. Міне, осындай біздің сүйікті астанамызда кеше ғана әлемді аузына қаратқан Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастык Ұйымына мүше елдердің Саммиті болып өтті. Саммит сөзі- «Шың» дегенді білдіреді. Дәлірек айтсақ, елдердің басшыларының бас қосуы деген түсінікті береді. Саммитте 13 бөлімнен тұратын Астана декларациясы (жарғы ) қабылданды. 56 елден келген елбасылары мен өкілдері бірауыздан ЕҚЫҰ шеңберіндегі өткір мәселелерді бір ізге түсіріп, бейбіт түрде шешу мәселелерін бекітті.
Ой толғау.
«Мен елімнің ұланымын»
Сонымен, тәуелсіз елміз.Тәуелсіздігімізге 20 жыл толды. Бұл үлкен мәртебе. Үкімет Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына жалпы ұлттық дайындық жоспарын жасады. Біз осы тәуелсіз елдің ұланымыз, болашағымыз. Елімізді, жерімізді сүйеміз. Ендеше, елімізге арналған жүрекжарды өлеңдерің мен шығармаларыңды оқи қойыңдар.
Ой қорыту.
Оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімдеріне сүйене отырып, өз ой-пікірлерін әңгімелейді.
Тәуелсізбің, егеменмін, азатпын,
Туды міне, ел аңсаған азат күн!
Елдің туын биік ұстар әрқашан,
Болашағы сендерсіңдер қазақтың!
Ән: «Елім менің»
Тақырыбы
Достарыңызбен бөлісу: |