Тақырыбы: «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні! » атты тәрбие сағаты
Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» Қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
Көрнекілігі:Нақыл сөздер жазылған плакат, үнтаспа, ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар, шарлар,слайд.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата – аналар! Сіздерді қазақтың ұлттық мерекесі Ұлыстың ұлы – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.. Бүгінгі болғалы отырған «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Наурыз – жаңа жыл және көктем мерекесі. Сіздерді келіп жеткен көктем мерекесімен құттықтап, сіздерге
шаттық тілей отырып, мерекелі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз! Жаңа өмірдің қайта басталатын күн есебінің басы, көктемнің көшбасшысы, қанатына маржан тағып қараторғай жеткенде
көктемнің алғашқы жаңбыры себелейді. Сіресіп жатқан қар еріп, көл – көсір су болып ағады. Өсімдік ұйқыдан оянады, бәйшешек қаулайды. Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын
тойлайтын Ұлыстың ұлы күні келді. Той құтты болсын, ұлыс оң болсын!