Тақырыбы: Наурыз-көктем мерекесі Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Нақыл, қанатты сөздер, сайысқа керекті жабдықтар, музыкалық орталық Барысы: Кіріспе. Мұғалім: - Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
Өздеріңіз көріп отрығандай класс 3 топқа бөлінген.
І-жүргізуші Мадияр: Наурыз – көктем мерекесі. Наурыз – жыл басы. Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп. ІІ-жүргізуші Сәнжар:
Наурыз – қуаныш мерекесі, Бақыт пен шаттық мерекесі. ІІІ-жүргізуші Диас:
Наурыз – шаруаның мерекесі. Наурыз – еңбек мерекесі. І-жүргізуші Мадияр: Армысыңдар, халайық, Бармысыңдар, халайық. Наурыз тойын жұп жазбай Жылда қарсы алайық. ІІ-жүргізуші Сәнжар:
Ал, халайық, тұрмайық, Әндетейік жырлайық! Ортамызды ашайық, Ырыс тілеп бұл жылға, Жырдан шашу шашайық! ІІІ-жүргізуші Диас:
Наурыз тойым, Наурыз тойым Құтты болсын, халайық! Қане достар, қане достар Шырқап әнге салайық. Бәрі бірге:
Ән: «Наурыз көктем» Мұғалім: Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады. І-жүргізуші Мадияр:
Әділ – қазы береді, Өздеріңе сыйлықты. Бізге айтып береді, Кім өнерлі, кім мықты? - деп әділ – қазылар алқасымен таныстырып өтейік. Гүлмарал:
Ақпан кетті араз боп Наурызбен, Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп. Көктем жетті көрісіп, жанын үзген Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен. Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен, Мейірім танысын деп тасып өткен. Наурыз сән – салтанат, ұлттық рух, Бақытты Наурызы бар халқым неткен! Мұғалім:
Деген екен Қазақ халқы «Сәлем – сөздің анасы,» Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген баласы. Амандасу – ізгіліктің, сыпайылықтың белгісі, Сәлем достар! Амансың ба? Қалайсың? – деп «Кел, танысайық!» атты бөлімімізді бастаймыз. Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.
(Бұл байқауда әр топ өз топ мүшелерімен таныстырады.) Мұғалім:
Келесі бөліміміз «Ағаш көркі жапырақ» деп аталады. Бұл бөлімде сайыскерлеріміз жапырақтарды алып, ондағы сұрақтарға жауап береді. Жауап берген соң жапырақты мына талға іліп, ағашты безендіреді. 1 – сұрақ: Абайдың шын аты кім? (Ибраһим) 2 – сұрақ: 1 дециметрде неше сантиметр бар? (10см) 3 – сұрақ: Адам өміріне қажетті 5 жағдай...(ауа, тағам, жылу, жарық, су) 4 – сұрақ: Қызыл кітап не үшін қажет? (Азайып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерді қорғау үшін қажет) 5 – сұрақ: Зат есім дегеніміз не? (Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге не? Нелер? кім? Кімдер? Деген сұрақтар қойылады. Зат есімнің жалпы, жалқы жекеше, көпше сияқты түрлері бар.) 6 – сұрақ: Жұмбақ Ағаштардың көсемі Мәңгі жасыл бұтағы. Мекен ғып тау өлкені, Кәусар ауа жұтады. (Шырша) 1 - ші топ: Наурызды қалай түсінесің? Күтілетін жауап: Наурыз – жаңа күн, Жыл басы, Ұлыстың ұлы күні, халыққа молшылық тілеу, өкпе назды ұмыту. Наурыз көже неден жасалады? Күтілетін жауап: Ет, сүт, тұз, кеспе т. б. 2 - ші топ: Ұлттық киімдерді ата? Күтілетін жауап: Камзол, мәсі, тақия, көкірекше, сәукеле, шапан, кимешек т. б. Ұлттық ойындарды білесіңдер ме? Күтілетін жауап: Сақина салу, арқан тарту, асық ойнау, бәйге, ақсүйек, аударыспақ, орамал тастау, қазақша күрес, қыз қуу т. б. 3 - ші топ: Қазақ ұлтына тән тойларды атаңыз. Күтілетін жауап: Бесік тойы, сүндет тойы, тіл ашар тойы, беташар, қыз ұзату, үйлену тойы т. б. Наурыз қай мезгілде және Наурызда қандай ерекшеліктер болады? Күтілетін жауап: Көктемде, жаңбыр жауады, күн жылынады, Наурыз тойы тойланады, күн мен түн теңеледі. Аружан А:
Наурызым ғажап туысың, Ұлыстың ұлы күнісің. Жылыттың жердің жүрегін, Жүрегі елдің жылысын. Наурызым - тойлы нұрлы күн, Мерейің асып тұр бүгін. Жерімнің жүзін жылыттың, Елімнің сақта бірлігін! Бәрі бірге:
Ән: «Наурыз балалар әні» Мұғалім:
Кедеймін деп қысылма, Өнерің болса қолыңда. Өнерлінің ырысы Жарқырап жатыр жолында. Сайыста ән салайық, би билейік, Өнермен өрге басып кідірмейік. (Әр топ өз өнерлерін көрсетеді.) Динара Қ:
Арда өсіп, адал емген ақ уызың, Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін. Көк бөрілі байрағын желбіретіп, Көк түріктер тойлаған Наурызым. Наурыз – достық, Наурыз – күн, Барша халық бірлігі. Тағы келді Ұлыс күн, Жалғасып ғалам тірлігі. Мұғалім:
Келесі бөлім «Мені жалғастыр» деп аталады. Бұл бөлімде карточка алып, ішіндегі мақалды немесе өлең жолдарын жалғастырады. Ортаға барлық сайыскерлерімізді шақырамыз. 1) Әдепті бала – арлы бала, .............................................
2) Таулы жер бұлақсыз болмас, ................................................... Өлеңді жалғастыр. ..................... сайрайды, ..................... жайнайды. ...................... құлпырып, ....................... сыйлайды. 3) Бір тал кессең -. ......................... Өлеңді жалғастыр. ................. атпаймыз, ................. сатпаймыз. .................. қорғаймыз, ................. ақтаймыз. Мұғалім:
Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан, Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан. «Шеше көрген тон пішер» деген рас, Қыздарымыз шебер қолға араласқан, - дей отыра қыздарымыздың ою оюының кереметін тамашалайық. Ортаға әр топтың қыздарын шақырайық. Қыздарымыз ою ойып болғанша ұлдарымыздың мергендігі мен шыдамдылығын анықтау мақсатында асық атып жарыстырайық. Ортаға ұлдарымызды шақырайық. (Қыз балалар ою ояды, ұлдар асық атады) ІІІ-жүргізуші Диас
Көрсетті өнерлерін жаңа ғана, Сыналып үлкендерден үлгі алуға. Салты бар өнерлі осы ортада, Берер деп әділ – қазы әділ баға – деп, әділ – қазыларға сөз кезегін береміз. (Әділ-қазы шешімі айтылады)
І-жүргізуші Мадияр:
Келер күнге бар үмітті табынтып, Бар халықты қуантатын бұл қай кез? Хормен: Наурыз! Нұржан:
Шашу! Шашу! Көп шашайық шашуды, Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр. Уа, жамағат, теріп ал несібіңді, Ризығың болсын көл – көсір! Қашанда құт – береке орнасын деп, Тойларда шашу шашу - салты елімнің. Уа, халайық! Теріп ал несібіңді, Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!