Тақырыбы: «Наурыз-мерекем, наурыз-берекем»
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушылардың Наурыз туралы түсінігін кеңейту,сөздік қорларын молайту, жаңа сөздерді пайдаланып, ауызекі сөйлеуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық ықыласын молайту, қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Оқиғаға сыни көзқараспен қарап, өз ой пікірлерін еркін жеткізу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Әз Наурыз еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ынтымақ пен ырыстың мерекесі екендігін және қазақ халқының шығармашылық дәстүрлері, ауыз әдебиетінің мұраларымен таныстырып, олардың тарихи маңызын түсіндіру. Халқымыздың салт дәстүрлерін дәріптеу арқылы оқушыларды еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Презентация, слайдтар,
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
1-жүргізуші:Наурыз- бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. Парсы тілінен аударғанда наурыз сөзі жаңа күн деген мағынаны білдіреді. Оны барлық түркі халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер, тағы басқалар атап өтеді. Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі. Қазақ елі бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз көктемнің ең көркем айларының бірі. Наурыз айын қазақ халқы ерекше құрметтейді. Себебі, наурыз қыстан шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі.
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
Жыр сыйлығын, нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерледік, қадіріңді білдікте.
Құтты болсын, Ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді Ынтымақ пен бірлікке.
Оқушыларды үш топқа бөлу
Видеоролик көрсету
https://youtu.be/jG1XfetSXxQ
1.Наурыз мерекесі туралы әр топ оқушылары постер қорғайды.
2.«Бәйге» сұрақтарға жауап.
1. Наурыз туралы не білесіндер?
Жауабы: Наурыз – парсы сөзі. Нау – жаңа, рыз – күн, «жаңа күн, жыл басы» дегенді білдіреді. Ал қазақшасы – Ұлыстың ұлы күні.
2. Наурыз жыры деген не? Жауабы: Наурыз мерекесінде айтылатын жыр, өлең, мадақтау, тілек, бата, әзіл. Оның түрлері халық арасында өте көп тараған.
3.Наурыздан тілек қандай мақсатта, қай ауқытта айтылады? Жауабы: Наурыз тілек – достық көңіл мен тілек-тестіктің, адамгершіліктің белгісі. Әр адам өзіне, отбасына немесе жақын туыс-туғандары мен дос-жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап жақсы тілек тілейді, бір-бірінің үйіне кіріп дәм татады.
4.«Наурыз төл» дегенді қалай түсінесің? Жауабы: Наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар наурыз төлі деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, малжандық қазақ баласы оны ерекше күтіп бағады. Төл басы сатылмайтын болған, ешкімге сыйлауға да болмайды.
5.«Наурызкөк» дегеніміз не? Жауабы: Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Оны алғаш көргендер «Наурызкөгім келдің бе» деп шықырып жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейтін болған.
6.«Наурызша» деген сөзді қалай түсінесің? Жауабы: Наурыз айында жұп-жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «наурызша»деп атайды.
3.«Жорға» мақалдарды аяқтау.
1.Туған жер-…………..(алтын бесік)
2…………-отбасынан басталады.(Отан)
3.Білім теңіз, мектеп ………(кеме)
4…………. инемен құдық қазғандай.(Оқу)
5..Ең тәтті де-…………..,
Ең ащы да-……………(тіл)
6……….. көрген оқ жанар,
……….. көрген тон пішер.(Ата,ана)
7……….. білім жоқ,
………..күнің жоқ.(Оқусыз,білімсіз)
8. .Еңбектің ………. тәтті,
Жалқаудың …….. тәтті.(наны,жаны)
Мұғалім сөзі:Баршаңызды ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Жер жаһанға шуағын ала келген наурыз мейрамы елімізге береке мен құт болып дарысын. Дүниені жандандырып жарқыраған кезі ұлыстың ұлы күнімен барша адамзатты қуана құттықтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |