Мақсаты: Наурыз мерекесін өткізу дәстүрімен таныстыра отырып мереке туралы түсінік беру.
Зал іші әсем безендірілген,күй әуені ойнап тұр.Ұлттық әшекейлер, оюлы сырмақ, кілем, дөңгелек үстел үстінде ұлттық тағамдардың барлығы тұр. Залға ұлттық киім киген балалар кіріп, қонақтармен амандасады.
Жүргізуші:Наурыз келді,Наурыз келді, ағайын!
Жайнататын көңілдердің сарайын.
Көктем келе күлімдейді көк аспан,
Әнге толды, күйге толды маңайың!
Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар , ата-аналар, балабақша ұжымы!
Бүгін біздің балабақшамызда үлкен мереке- Наурыз тойы.Ұлыс оң болсын,
береке мол болсын! Ертеден келе жатқан халқымыздың қасиетті де,
қуанышты мейрамы. Бұл күні барлық табиғат, жан-жануар қайта түлеп,
жаңа тілек, жаңа армандар туады. Наурызқұтты болсын!
Жүргізуші:Үнділер сіздердің де өнерлеріңіз бар шығар.
Үнді халқы: Әрине бар. Әдемі биімізді сыйлаймыз.
Би: «Үнді биі»
Жүргізуші:Енді балалардың өлең шумақтарына берейік.
Тақпақтар:
Жүргізуші:Қазақ халқы өте ырымшыл, қонақжай рәсімшіл халық. Сонымен қатар пейілі кең халық. Қыз бала өте нәзік жан. Қыз баланың тәрбиесіне ата- анасы аса көңіл бөліп тәрбиелеген.Ендеше қазір «қыз ғұмыры» салт дәстүрін тамашалаңыздар!
Салт- дәстүр: «Қыз ғұмыры»
(Дария мен Камила)
Жүргізуші:Келесі кезекті қызықты ойынға берейік.
Ойын: «Тақия»
Жүргізуші:Ал, енді түріктердің өнерлерін тамашалайық.
Би: «Түрік биі»
Жүргізуші: Наурыз тойым, наурыз тойым.
Құтты болсын халайық!
Қане достар, қане достар,
Шырқап әнге салайық,- деп, «Наурыз» әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Наурыз»
Жүргізуші:Сығандар биін тамашалаңыздар.
Би: «Сығандар биі»
Жүргізуші:Балалардың өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.
Тақпақтар:
Жүргізуші: балалар, бізге біреу келе жатқан сияқты.
(музыка әуенімен Алдар көсе келеді)
Алдар көсе: Сәлем бердім жұртыма.Наурыз құтты болсын! Мен сендерге қызықты ойын әкелдім.
Ойын: «»
Жүргізуші: Әсем кештің ажары,
Әсем бисіз кіре ме?
Кіп-кішкентай бишілер, мың бұрала билейді,- демекші, қазақ ұлтының биін тамашалаңыздар!
Би: «қазақша»
Жүргізуші: Ал, балалар, бәріміз ортаға шығып, флешмоб биін билейік.
Ата: бата береді.
Жүргізуші:Отбасыларымызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық жүздеріңізге күлкі,тілейміз! Наурыз құтты болсын!