Мұғалімнің құндылығы мен міндеттерін анықтау (Білім беру платформасын қара).
МҰҒАЛІМНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІН АНЫҚТАУ
Бұл тапсырманы Сіз басқа екі мұғаліммен бірге орындауға тиіссіз. Сіз үш адамнан тұратын топта (A, B және C) жұмыс істей отырып, шағын топтағы пікірталас арқылы өзіңіздің кәсіби құндылықтарыңыз бен міндеттеріңізді талдауға тиіссіз. A B-ға төменде жазылған сұрақтарды қояды. C В-ның жауаптары туралы ескертулерді жазады.
Қорытындысында, C В-ға оларға рефлексивті қорытынды жазуға көмек көрсету үшін түсініктеме береді. Осы қорытынды кейін сіздің портфолиодағы тәжірибелік дәлелдеме ретінде пайдаланылуы мүмкін. Бұл жұмыс кейін үш мұғалімде де «сұхбат» беру мүмкіндігі болатындай етіп құрылады, топтағы әрбір адам әртүрлі позицияда болып көреді.
Кәсіби рөл
Сіз қандай мектепте жұмыс істейсіз? Сіз онда қанша уақыт жұмыс істейсіз? Мектептегі Сіздің рөліңіз қандай? Ол сыныптағы жұмысқа ғана негізделген бе немесе Сіздің қандай да бір әкімшілік міндеттеріңіз немесе ерекше жетекші (жетекшілік) рөліңіз бар ма?
Құндылықтар мен мүдделер
Сіздің негізгі кәсіби құндылықтарыңыз қандай? Сіз негізінде білім беруде нені маңызды деп санайсыз?
Сіз сабақ беруден басқа қызметтерді атқарасыз ба немесе арнайы тапсырмалар орындайсыз ба? Сіз бұрын өз еркіңізбен қосымша қандай да бір жобалар немесе бастамаларға қатыстыңыз ба? Сіздің жолыңызда қандай күрделі міндеттер тұрды?
Мектептік даму басымдықтары
Қазіргі уақытта сіздің мектебіңізде оқытудың қай салаларын дамыту қажет? Басымдықтары қандай? Осы басымдықтарды алға жылжытуға сіз қалай көмек берер едіңіз?
Кеңес алу
Егер мектепте жобаны жүзеге асыруды қаласаңыз, сіз кіммен кеңесуге тиіссіз?
Күшті жақтары
Сіз сыныптағы өз жұмысыңызды өзгерту арқылы қандай жақсылықтар енгізер едіңіз?
Қажеттіліктер
Сізге қандай дағдылар мен қасиеттеріңізді дамытуға тура келеді? Сіздің ойлауыңызша, даму үшін сізге қандай қолдау қажет болады?
Құндылықтарыңыз, ұстанымыңыз және тиісті стратегиялық іс-әрекеттеріңіз
туралы идеяларыңызды дамыту (Білім беру платформасын қара).
Достарыңызбен бөлісу: |