КІРІСПЕ Сертификаттау (куәландыру) - азаматтардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне
және айналадағы ортаға өнімнің қауіпсіз болуы талаптарына сай келуін тексеру.
Мамандандырылған мемлекеттік ұйымдар жүргізеді.[1] Сертификаттау деп сәйкестікті
растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға
сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсімді де атайды.Сәйкестікті бағалау - өнімге,
процеске, тұлғаға немесе органға қойылған талаптардың орындалғанының дәлелдемесі.
Сәйкестікті растау, тіркеу, аккредиттеу, тексеру және қадағалау сәйкестікті бағалау іс-
әрекеттерінің айқын мысалы болып табылады. Сәйкестікті бағалауға үш жақ қатысады.
Қатысушы жақтар дайындаушының (бірінші жақ), сатып алушылардың (екінші жақ)
мүддесін қорғайды. Үшінші жақ - алғашқы екі жаққа да тәуелді емес тұлға немесе
орган.Сәйкесті растау нәтижесі — объектінің техникалық регламенттерінде,
стандарттарында
немесе
шарттарында
белгіленген
талаптарға
сәйкестігін
құжаттамалық куәландыру (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты
түрінде) болып табылатын сәйкестікті бағалау рәсімі.Сәйкестікті растау нысаны -
нәтижелері
өнімнің,
көрсетілетін
қызметтің
техникалық
регламенттерінде,
стандарттарында немесе шарттарында белгіленген талаптарға сәйкестігінің дәлелі
ретінде қаралатын іс-қимылдардың жиынтығы.
Сәйкестікті ерікті растау - дайындаушының (орындаушының) немесе сатушының
бастамасы бойынша жүргізіліп, өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің
стандартқа, өзге де құжатқа немесе өтінім берушінің арнайы талаптарына сәйкестігін
растауды жүзеге асыратын ррәсім
Дайындаушының (орындаушының) айналысқа шығаратын өнімінің, көрсетілетін
қызметінің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат - сәйкестік туралы
декларация деп аталады.
Сәйкестікті міндетті растау - өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген
талаптарға сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім.