Тақырыбы: Нейрогенді эндокринді бездерінің физиологиялық маңызы Орындаған: Тексерген: жоспар



Дата20.12.2023
өлшемі1,53 Mb.
#197709
Байланысты:
Нейрогенді эндокринді бездерінің физиологиялық маңызы презентация


Тақырыбы:Нейрогенді эндокринді бездерінің физиологиялық маңызы
Орындаған:
Тексерген:
ЖОСПАР:
  • Кіріспе
  • 1. Ішкі секреция бездерінің физиологиясы және функциялық реттелу жолдары

  • 2.Гормондар мен биологиялы активті заттардың химиялық құрылымы бойынша жіктелуі және олардың әсер ету жолдары мен механизмдері
    Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Ағзадағы барлық жасушалар, ұлпалар мен мүшелер бір – бірімен байланысып , олардың қызметі және сыртқы ортамен қарым – қатынасы жүйке және гуморальді жолмен реттеулі арқылы іске асады. Нейрогуморальді реттеу жүйесі біртұтас, тығыз байланысқан механизм.
Жұмыстың мақсаты:ішкі секреция бездерінің оның ішінде ұйқы безінің қызметінің бұзылуы салдарынан болатын аурулардың таралу деңгейін анықтау қант диабетіне профилактиканы міндетті түрде қолға алатын болса, онда біздің мақсатымыздың орындалғаны.
Эндокринологияның, физиологияның және морфологияның жетістіктері ағзаның функцияларын реттеудегі механизмімен байланысты.
Жұмыс өзектілігі: Ішкі секреция бездерінің қызметін реттеуде симпатикалық және парасимпатикалық нерв талшықтарының медиаторлары зор роль атқарады, сондықтан ішкі секреция бездерінің әрекеті екі жақты бақыланады. Бірақ, кейбір ішкі секреция бездерінің реттелуі гипофиздің қатысуымен жүреді.
Ішкі секреция бездерінің физиологиясы
және функциялық реттелу жолдары
Эндокриндік мүшелерге секреторлық қасиет тән, олардың мөлшері үлкен болмайды, бірақ қанмен мейлінше мол жабдықталған. Безде қан тамырлары капиллярлар торын құрайды, сондықтан безде түзілген өнімдер бірден қанға өтіп отырады. Эндокриндік бездерге гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқансерік бездері, айрықша без, бүйрек үсті, ұйқы және жыныс бездері жатады.
Эндокриндік бездер қызмет ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлінеді: 1) Біріңғай эндокриндік қызмет атқаратын бездер. Оларға қалқанша, қалқансерік бездері, гипофиз, эпифиз, бүйрек сүті бездері, плацента мен айырша без жатады. 2) Аралас қызмет атқаратын бездер. Бұл топқа ұйқы безімен жыныс бездері жатады.
Эндокриндік жүйе — ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормон деп аталады. Бездер бөлген гормондар қанның ағысымен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді.
Эндокриндік жүйені 3 топқа бөлеміз
Сыртқы секреция бездері
(бауыр, сілекей, ұйқы және ішек бездері)
Ішкі секреция бездері
 (гипофиз, эпифиз, қалқанша без, қалқанша маңы бездері, тимус, бүйрек үсті бездері)
Аралас секреция бездері
(жыныс бездері, ұйқы безі).
Эндокриндік бездердің орналасу схемасы.
Ішкі секрециялық қызметке кең мағыналы ұғым беріледі. Ішкі секрециямен гормон деген ұғымды мүшелердің, ұлпалармен жасушалардағы жүретін алмасу өнімдерімен шатастыруға болмайды. Мысалы, нағыз гормондарды алсақ, олар алыстан әсер етеді, яғни өздері түзілген жерден алшақ жатқан мүшелермен жүйелерге әсер ете алады. әсер етудің мұндай формасын телекриндік реттеу механизмі деп атайды. Жекелеген жасушаларда түзіліп, сол жасушалардың өзіне ғана әсер ететін активті заттар болады, оларды «жасушалық» гормон тобына жатқызады және олардың реттеушілік әсерін аутокриндік реттеу деп атайды.
Эндокриндік реттеу.
Эндокриндік реттеу деп бір бездің гормондарының екінші бір бездердегі гормондардың түзілуі мен шығарылуына тигізетін әсерін айтады. Ішкі секреция бездерінің функциясын реттеуде гипофиздің алдынғы бөлімі ерекше роль атқарады. Егер гипофизді хирургиялық жолмен алып тастаса, денедегі көпшілік бездер гормондар түзуін тоқтатып, солып қалады. Гипоталамустың зақымдануы да осындай өзгерістерге әкеп соғады. Бұдан гипофиздің троптық функциясының гипоталамуста түзілетін пептидті гормондарға тәуелді екендігін көруге болады. Егер гипофизі алынып тасталған жануарға гипофиздік троптық гормондарын енгізсе, бездер қызметі бастапқы қалпына келеді.
Эндокриндік немесе гуморальдық реттеу.
Гормондар қатарына жатпайтын кейбір метаболиттер эндокриндік бездер қызметін гуморальдық жолмен реттеу механизіміне қатысады. Реттеудің бұл түрі көпшілік жағдайларды, эндокриндік функциялардың өзін - өзі реттеу жүйесіне жатады, өйткені, метаболиттер гормондар бақылауында болатын алмасу поцестерінің деңгейі қарқыны туралы ақпарттарды гормон түзетін бездерге жеткізіп оларды үнемі ол жөнінде хабардар етіп отырады. Мысалы, глюкоза эндокриндік жасушалармен глюкорецепторлар арқылы әрекеттесіп, Лангерганс аралшықтарында инсулиннің, глюкагонның, хромофин ұлпаларында адреналиннің, аденогипофизде сомато және адренокортикотропты гормондардың түзілуіне секреция қарқындылығына әсер етеді.
Қорытынды
1 Ағзадағы барлық жасушалар,ұлпалар мен мүшелер бір-бірімен байланысып, олардың қызметі және сыртқы ортамен қарым – қатынасы жүйке және эндокринді жүйе жолымен реттелуі көрсетілген және эндокриндік бездерге жататын органдарының қызметі бойынша екі топқа бөлінуі анық сиатталған.
2 Ұйқы безінің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері толық баяндалған, сонымен қатар паталогиясында мәлімет мол берілген.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ж. Н. Нұрғалиев, С.Т Төлеуханов
«Эндокриналогия» Алматы 2002ж 40б
2. Қ.С Рымжанов, И.М Төленбек
«Адам және жануар физиологиясы» Алматы 2000ж 96 бет
3. Х.Қ Сәтбаева, Ж.Б Нілдібаева, Ө.А Өтепбергенов
«Адам физиологиясы» Алматы1995ж 89бет
Назарларыңызға рахмет ! Спасибо за внимание! Thank you for your attention!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет