Тақырыбы: Оқытудағы жаңа тәсілдер. Диалогтік оқыту Мақсаты



Дата27.12.2016
өлшемі29,59 Kb.
#6189
Әріптестеріме өткізген коучинг Күні 27.03.2015 ж


Тақырыбы: Оқытудағы жаңа тәсілдер. Диалогтік оқыту

Мақсаты: мұғалімдерді диалогты оқытудың әдіс-тәсілдерімен үйрету, топтық жұмыс негізінде бір-бірімен ой бөлісіп жобаларын қорғау.

Оқыту нәтижелері: Коучинг соңында мұғалімдер:
1. Диалогтық оқытудың маңызын түсінеді.
2. Жұптық жұмыстарда дұрыс сұрақтар қойып үйренеді.
3. Өз тәжірибесіне диалогтық оқыту әдісін енгізеді.
4. Сыныптағы диалогтік әдістерді оқушылардың өзара бағалауын қадағалайды.


Негізгі түйінді идеялар:
Диалог – мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік.
Сұрау және топтық жұмыс диалогтік тәсілдің балаларды оқыту сапасын арттыру құралы.


Коучингтің барысы:
1. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Шаттық шеңберіне тұрып, жұп арқылы мұғалімдер бір-біріне өз есімдерінің сырын айтып, түсіндіреді. Қасындағы жұбы барлығына хабарлауы тиіс. «Жылы жүрек» тренингі бойынша бір-біріне жүректі беру арқылы тілектерін айтады. (5-7 мин)

2. Топқа бөліну:атом-молекула ойыны арқылы топқа бөлемін. (3 мин)


3. Топ мүшелері бейнеүзінді көреді.Соның мазмұны негізінде ой бөліседі.


Бағыттаушы сұрақтар:
- Бейнеүзінді мазмұнынан не байқадыңыздар?

-Оқушылар жұмыстың қай түрі бойынша талқылауда.

- Қандай тақырыпта ой қозғаймыз деп ойлайсыздар? (3 мин)

4. Диалогті оқыту дегеніміз не? деген сұрақ бойынша топтарға постер құрғызамын.

(5 мин)

Берілген бейнефильм бойынша диалог құрады. Егіз балалар не туралы сөйлесіп тұр деп ойлайсыздар. (7 мин)

5. Мерсер негіздемесі бойынша диалогтік оқытудың үш түрі бар


- Әңгіме - дебат
- Кумулятивті
- зерттеушілік (3 мин)

6. 1-топ «Көшпенді халық баспанасы киіз үйдің пайдалы және зиянды жақтары»

(әңгіме-дебат); 2-топ «Мектеп-кеме,білім-теңіз»(кумулятивтік әңгіме ). 3-топ «Ғасырлар қазынасы-ауыз әдебиеті» (зерттеушілік әңгіме); (5 мин)
7. Сергіту сәті. Қызыл өрік (3 мин)

8. Диалогтік оқытуда сұрақ қою маңызды орын алады.


Сұрақтардың түрлері: Төмен деңгейдегі, жоғарғы деңгейдегі
Сұрақ қою техникасы: түрткі болу, сынақтан өту, қайта бағыттау
Түрткі болу: сұрақты қарапайым етіп қою, өткенді пысықтау...
Сынақтан өту: толық жауап беруге, ойын толық айтуға итермелейді."Сіз мысал келтіре аласыз ба? "деген сұрақтармен бағыттайды
Қайта бағыттау - сұрақты басқа оқушыларға бағыттайды."Көмектесе алатындарың бар ма?" деген сұрақ қойылады.

Тапсырма: берілген сурет қиындылары бойынша сұрақтар қояды. (5 мин)

9. Мақтаншақ қыз мультфильмін көру. 1-топ. Қызға мінездеме береді. 2-топ. Мультфильмді жалғастырады. 3-топ. Жоғары деңгейлі сұрақтар қояды. (15 мин)



10. Топтар шапалақтау арқылы өзара бір-бірін бағалайды. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісін қолдану арқылы сабақты қорытады. Стикерлер жабыстырады. (5 мин)

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі

Макин орта мектебі

«Диалогтық оқыту»

тақырыбындағы коучинг-сабақ

Дайындап-өткізген:

Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі М.С.Абжанова

2015 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет