Тақырыбы: Ойын негіздері
Тақырыбы: Ойын негіздері. Отаудағы құмалақтарды өрістете білу.
Мақсаты: Оқушыларды ойын негіздерін сақтай отырып ойнауға бейімдеу.
Керекті құрал: Ойын тақтасы, шебер ойыншылар ойындарынан көрініс – көрнекіліктер.
Мәтіні: Ойын кезінде тартыс алғашқы жүрістерден-ақ шиеленісе түседі. Дойбы, шахмат ойындарындағы сияқты тастарды жинақтап, шабуыл, қорғанысқа даярлау деген сирек жағдай. Өйткені ақ жағының алғашқы жүрісі-ақ бірнеше құмалақтарды ұтып алуға (жеуге) жеткізеді ғой. Сондықтан ойыншы бірден ойланады. «Қай отаудан жүрсем екен?», «ойынды қалай бастасам екен?», «Құмалақтарды отауларда қалай орналастырсам екен», «ойынның басында ғана ма, әлде ойынның соңына дейін үздіксіз есептеп отыру қажет пе?». Міне осындай сұрақтардың тууы да заңды.Әрине, бұл жерде айтылған сөздерді қатып қалған ереже деп ұғу қате. Кез-келген өте табысты жүріс деп танылған жүрісті де жеті рет өлшеп барып қана жүру қажет. Сондықтан біздің ұсынбақ негіздеріміз ойынды үйренуші талапкерге тек жол-жоба ғана болмақ.
Бұл негіздер мыналар:
1) отауларға құмалақтарды өрістете білу немесе оң жақ отаулардан бастап ойнау;
2) тақта үстіндегі ойын күштеріне (отаудағы құмалақтарға) жауапкершілікпен қарау;
3) жүрістерді есептеу.
«Тоғызқұмалақ» ойынындағы негізгі мақсат бірінші жүрістен бастап-ақ қарсы жақтың жүрістерін тарылтып, дұрыс позицияға ие болу. Бұған жетудің басты шарттарының бірі – тақта үстінен жақсы орындар «жаулап» алу, яғни құмалақтардың ойнау күшін дұрыс өрістете білу немесе оң жақтан бастап ойнау.
Бұл негіз бойынша ойынды оң жақтағы отаулардан (6, 7, 8, 9) бастап жүріп өрістету қажет те, сол жақтағы отауларға жиналған құмалақтармен қолайлы бір шабуыл жасау сәтін күту керек. Бұл әдіс әрі сол жақ отаулардағы құмалақтардың күшін сақтайды. Осы айтылғандарды төмендегі кестеден анық аңғаруға болады:
Отаулардың рет саны
|
Сәтті шабуыл үшін тиімді құмалақтардың саны
|
Құмалақтардың мұндай саны тиімсіз болып табылады.
|
Бірінші
|
10-нан 19-ға дейін
28-ден 37-ге дейін
|
1-ден 10-ға дейін
19-дан 28-ге дейін
|
Екінші
|
9-дан 18-ге дейін
27-ден 36-ға дейін
|
1-ден 9-ға дейін
18-ден 27-ге дейін
|
Үшінші
|
8-ден 17-ге дейін
26-дан 35-ке дейін
|
1-ден 8-ге дейін
17-ден 26-ға дейін
|
Төртінші
|
7-ден 16-ға дейін
25-тен 34-ке дейін
|
1-ден 7-ге дейін
16-ден 25-ге дейін
|
Бесінші
|
6-дан 15-ке дейін
24-тен 33-ке дейін
|
1-ден 5-ге дейін
15-тен 24-ге дейін
|
Алтыншы
|
5-тен 14-ке дейін
23-тен 32-ге дейін
|
1-ден 4-ке дейін
14-тен 23-ке дейін
|
Жетінші
|
4-тен 13-ке дейін
22-ден 31-ге дейін
|
1-ден 3-ке дейін
13-тен 22-ге дейін
|
Сегізінші
|
3-тен 12-ге дейін
21-ден 30-ға дейін
|
1-ден 2-ге дейін
12-ден 21-ге дейін
|
Тоғызыншы
|
2-ден 11-ге дейін
20-дан 29-ға дейін
|
11-ден 20-ға дейін
29-дан 38-ге дейін
|
Жамбыл облысының біріншілігінде ойналған мына бір кездесуді талдағанда жоғарыда айтылған негіздің бұзылғанын, оның қандай нәтижеге жеткізгенін көреміз.
Ақ жағы: Қара жағы
1. 29:110 79-611
2. 311:410 910:912
3. 32-414 91:112
4. 414-811? 811:92
Төрт жүрістен кейін тақта үстінде мынадай позиция көреміз (№25 – диаграмма):
9 8 7 6 5 4 3 2 1
1
|
1
|
2
|
10
|
10
|
1
|
11
|
11
|
2
|
|
26
|
1
|
4
|
2
|
2
|
15
|
15
|
15
|
14
|
|
20
|
1 2 3 4 5 6 7 8 9
№ 25 диаграмма
Мұндай позицияны отауларда жатқан құмалақтардың шабуылға ыңғайлы тарамдалуы яғни өрістеу қарқыны жағынан алып қарасақ, қара жағының позициялық артықшылығы бар да, ақ жағының позициясы өте қысылшаң жағдайда. Себебі, қара жағының 2, 3, 5, 6 және 9-отауларындағы құмалақтары түгелдей дерлік ақ жағының отауларына шабуыл жасап тұр да, ақ жағының сол жағындағы отауларында (1,2 3, 4) құмалақтар тым аз, ал керісінше оң жақ отауларына (5, 6, 7, 8) құмалақтар көп шоғырланып, қара жағының бірді-бір отауына шабуыл жасай алмай тұр. Әрі ақ жағының бар отауларының қорғанысы нашар. Келесі жүріс ақ жақтан болғандықтан ол өзінің 4-отауынан «тұздық» бергісі келмей, амалсыздан 5. 32-43 жүрісін жүреді. Қара жағы болса 5. ...610:616 жүрісін жасап, қазанына 16 құмалақ салып алады да, қарсыласының
1-ші отауына тағы да «тұздық» алу қаупін төндірді. 6. 814-33 83:14, 7. 91:14 94:34, 8. 11-28 81-92,
9. 81-91. бұл мәжбүр болған жүріс. Егер 9. 714-29 (516-29) жүрсе, 9. ...75:210 (93:210), 9. ... 62-75,
10. 91-11 11-213. Оныншы жүрістен соң (10. 91-11 11-213) жағыдай мынадай болып шығады
(№26 – диаграмма):
9 8 7 6 5 4 3 2 1
2
|
|
5
|
1
|
11
|
2
|
12
|
13
|
|
|
50
|
|
8
|
|
4
|
16
|
|
14
|
|
|
24
|
1 2 3 4 5 6 7 8 9
№ 26 диаграмма
Жүріс ақ жағынан. Бір қызығы ақ жағының бірді-бір қанағаттанарлық жүрісі жоқ. Ол 11. 714-29 жүрісін жүруге мәжбүр болады. 11. ... 93:210, 12. 12-21 313-61!, 13. 12-23 77:46, 14. 12-25 мәжбүр болған жүріс. 14. 517-33 жүрісін жүруге болмайды. Жүрсе 14. ... 93:29, 15. 12-21 513:82, 16. 518-42 65:14, 17. 42-52 215:74. Қара жағы ұтады.
Сонымен, ойынды қай отаулардан бастап жүру, оң жақ, сол жақ отаулардағы құмалақтардың орналасуын бақылап отыру ойын нәтижесіне тікелей қатысы бар.
Бұл негіз бойынша – ешбір мақсатсыз, жоспарсыз, ойламай, өз жағындағы отаудағы құмалақтарды қарсыласына ұтқыза беруге және отаудағы құмалақтар санын азайтуға болмайды. Өз отауларындағы құмалақтар санын кеміту және ұтқыза беру оның күшін әлсіретеді, көбіне ол ойыншыны ұтылысқа әкеліп соқтырады. Сондықтан отаудағы құмалақтар санына ойынның басынан жауапты қарау керек.
Көбінесе кейбір тәжірибелі ойыншылар да кездесудің басынан-ақ құмалақтарды көп ұтуға тырысып, немесе «тұздық» алу үшін өз құмалақтарын оңды-солды шашып (ұтқызып) ойнайды. Бұл өте қате. Егер оның қарсыласы күшті ойыншы болса, алғашқы ойыншы жеңілді дей беріңіз. Мысалы төменде1974 жылы республикалық біріншілікте ойнаған жамбылдық Р.Ақпанбетов пен торғайлық Б.Қылышбековтың партиясының басталуын, әрі өрбуін, аяқталуын ұсынып отырмыз.
Ақ жағы: Қара жағы:
79:610 79:610
910-911 911-912
311:412 511-63Х
413:74 92-113
94:314 115-6Х
114:54 813-217??
93:218 32:44
215:72 15-52
Сегіз жүрістен кейін, тақта үстінде №27 – диаграммадағыдай позиция пайда болады.
Қара жағы «тұздық» алып алғаннан кейін қарсыласына «тұздық» бермеу мақсатын көздеп, дұрыс қорғаныс жүрістерін жасамай, 64 құмалағын ұтқызып қойыпты да, өзі қазанына не бары 18 құмалақ жинап алады. Енді ақ жағына, «тұздық» алмаған күнде де, тақта үстінде қалған құмалақтардан 18 құмалақ алу қиынға соқпайды, яғни ойынды өз пайдасына шешуге толық мүмкіншілігі бар.
9 8 7 6 5 4 3 2 1
3
|
1
|
|
5
|
2
|
6
|
3
|
2
|
1
|
|
18
|
2
|
1
|
6
|
5
|
18
|
Х
|
7
|
16
|
2
|
64
|
1 2 3 4 5 6 7 8 9
№ 27 диаграмма
Тағы бір мысал. 1975 жылы «Қайрат» ерікті спорт қоғамының ашық біріншілігінде ойналған қырғызстандық Ө. Асанов пен шымкенттік С. Қаратевтың ойынын алып қарайық:
Ақ жағы: Қара жағы:
1. 79: 610 79:610
2. 910-911 911-112
3. 61-73 91:112
4. 211:312 61-73
5. 74:114 511:62
6. 71-814! 212:414?
7. 513:814! 92:13Х??
8. 95:414!! 76-315
Сегіз жүрістен кейін, тақта үстінде төмендегідей позиция (№28 – диаграмма) жасалды:
9 8 7 6 5 4 3 2 1
2
|
1
|
1
|
3
|
3
|
|
3
|
3
|
2
|
|
42
|
Х
|
4
|
15
|
|
1
|
1
|
1
|
15
|
1
|
64
|
1 2 3 4 5 6 7 8 9
№ 28 диаграмма
Мұндай позициядан кейін, ақ жағына 16 құмалақ ұтып алу қиынға соқпайды. Яғни ол ойынды өз пайдасына шешеді.
Достарыңызбен бөлісу: |