Тақырыбы: Қоршаған орта Мақсаты



бет2/2
Дата07.02.2017
өлшемі0,84 Mb.
#8946
1   2

Тақырыбы: Ұлылар елі

Мақсаты: Білімінің, оның ішінде бірнеше тілді білудің өзектілігін түсіндіруге, оқушының санасына жеткізуге жағдай туғызу;

Міндеттері:

а/ дамыту: Көп тіл білу және сабақта оларды тиімді қолдану қабілеттерін дамытуға мүмкіндік туғызу;

ә/ оқыту: Оқушының коммуникативтік әрекеттерін пысықтап, бағыт беріп отыру;

б/ тәрбиелік: Қазақстан азаматының негізгі міндетінің бірі – мемлекеттік тілді жетік білу екенін оқушының санасына жеткізе білу

Оқушының іс -әрекеті: Топтық, жұптық жұмыстарда өзінің белсенділігін көрсету, жекеше жұмыс жүргізуге дағдылану;

Мұғалімнің –іс -әрекеті: Оқушының іс -әрекетін ұйымдастыру, сабақ үрдісі кезінде оқушыға кеңес беріп, тақырыпты меңгеру кезінде көмек көрсету, түсіндіру;

Ұйымдастыру кезеңі:

Тіл кеңістігін қалыптастыруға арналаған сұрақтар тобы:



  • Қандай көне қалаларды білесің?

  • Түркістанда ауа райы қандай болады?

  • Саған көне қалалар ұнай ма?

  • Қоршаған ортада қандай өзгерістер болып жатыр?

Үй тапсырмасы:

  • Өздерің тұратын жерде қандай көне ескерткіштер бар?

  • Қалада кімдерге арналған ескерткіштер бар?

  • Олар туралы не білесіңдер?

  • Басқа да тарихи қалаларды білесіңдер ме?

Жаңа тақырып: Ұлылар елі

Кіріспе: Балалар, бүгін біз сендермен қазақ халқының ерекше қадірлі жерлері туралы әңгімелесеміз. Оның тарихи дамуы мен мәдениеті туралы білуге тырысамыз. Сонымен ол туралы қазақ тілінде айта отырып, ол туралы сауатты жазуды үйренеміз.

(Тақтада Абай, Шәкәрім, Мұқтар Әуезовтың суреттер ілініп, балаларға Шыңғыстаутуралы кітап көрсетіледі )

І -жұмыс


  1. Мәтінді мәнерлеп оқу:

  2. Сөздік жұмысы

  3. Сұрақтарға жауап беру

ІІ- жұмыс

4.5.2 . синоним бойынша жұмыс:

Алып, үлкен, орасан

Сирек, анда-санда, селдір

Атақты, белгілі, танымал

Батыр, ержүрек, қаһарман



4.5.3 жұптастырыңыз:

( оқулық бойынша жазбаша жұмыс)



3.Өзара сөйлесеміз:

- Бүгін аспан ашық, күн жылы.

- Онда табиғат аясында демалайық

- Бұл не?

- Бұл орман.

- Анау не?

- Ол – бұлақ

- Орманның табиғаты тамаш екен.

- Иә, орманда ағаштар, өсімдіктер көп.

- Мұнда жануарлар мен жәндіктер бар ма?

- Иә, бар. Құстар да бар.

- Анау қандай құс?

- Ол-қарлығаш. Үйге тапсырма: жаттау
Сабақтың тақырыбы : Театр және кино өнерінің тарихынан.
Көрнекті құралдар: кітаптар, әр түрлі суреттер т.б.
Мақсаты: Тіл дамыту. Оқушының коммуникативтік іс -әрекетін дамытуға мүмкіндік туғызу.

Міндеттері:


  • дамыту: оқылым, тыңдалым, сөйлесім, айтылым, жазылым әрекеттерін, жұптық, топтық қарым –қатынаста белсенді де , тиімді қолдануға жағдай жасау;

  • оқыту: талғаулы салалас құрмалас сөйлемнің ерекшеліктерін түсіндіріп, ол сөйлемдерді іс –тәжірибеде қолдануға жағдай туғызу;

  • тәрбиелік: оқушының санасында «мен қоғамның белсенді бір мүшесімін» деген түсінік қалыптастыру;

Оқушының іс -әрекеті: топтық, жұптық жұмыстарда өзінің белсенділігін көрсету, өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру;

Мұғалімнің іс -әрекеті: Оқушының іс -әрекетін ұйымдастырып, сабақ үрдісі кезінде оқушыға ақыл –кеңес беріп, тақырыпты меңгерген кезінде көмек көрсету, түсініктеме жасау;

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі: тіл кеңстігін қалыптастыру:

- балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- қыс айында балалар не істейді?

- каникулда қалай демалдың?

- қандай фильмдер көрдің ?

ІІ. Өткен тоқсандағы тақырыптарға шолу:

Грамматикалық тапсырмалар:


  • өткен шақ – қал,көр, отыр

  • келер шақ – айт, жаз, ал;

  • осы шақ – кел, жүр, жаз – күрделі түрі

Өзара сұхбат: «Жаңа жыл»

  • Сәлем, ...!

  • Сәлем...!

  • Жаңа жыл құтты болсын!

  • Саған да соны тілеймін!

  • Жаңа жылда қайда болдың!

  • Мен жаңа жылды әжем үйінде қарсы алдым.

  • Өте жақсы. Мен ата –анаммен үйде болдым.

  • Енді каникулда не істейсің?

  • Мен әкеммен Астанаға барамын.

  • Ал мен болсам, қазір әжеме көмектесіп жүрмін. Сондықтан каникулда әжемнің қасында боламын.

  • Сау бол...!

  • Сау бол...!

Жаңа тақырып: Театр және кино өнері тарихынан

Тапсырма:



«Театр» және «Кино» тақырыптарына сызба жасау:

Үйге тапсырма: мәтінді мәнерлеп оқып келу, өз бетінше әңгімелеу

Өзара сұхбат: «Жаңа жыл»


  • Сәлем, ...!

  • Сәлем...!

  • Жаңа жыл құтты болсын!

  • Саған да соны тілеймін!

  • Жаңа жылда қайда болдың!

  • Мен жаңа жылды әжем үйінде қарсы алдым.

  • Өте жақсы. Мен ата –анаммен үйде болдым.

  • Енді каникулда не істейсің?

  • Мен әкеммен Астанаға барамын.

  • Ал мен болсам, қазір әжеме көмектесіп жүрмін. Сондықтан каникулда әжемнің қасында боламын.

  • Сау бол...!

  • Сау бол...!


«Абай және Пушкин»

әдеби –сазды бағдарлама

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма!

АБАЙ

1.Абай мен Пушкиннің портреттері;

2. Абай мен оның балаларының, жолдастарының суреттері

3. Абай мен Пушкиннің шығармалары бойынша кітап көрмесі;

4. Абай әндерінің мәтіндері мен ноталары

5. Бейне таспадан Абай туралы бейне фильм



Мұғалім:

Шығыс халықтарында соғыс- батылдықты, еңбек –ақылдылықты, ал жоқтық – достықты шыңдайды деген нақыл сөз бар. Қазақстан мен Ресей халықтары талай қиын – қыстау тарихи оқиғалардың бәрін бірге бастан кешті, сондықтан олар біздің халықтарымыздың достық, сенімді және жарқын сезімдерге нық сене отырып, екі халықтың тарихи ынтымақтастыққа ұмтылуы біздің заманымыздың рухани дамуына деген жауап болып табылады. Біздің достығымыз – бұл лайықты және тең ұлттардың достығы. Біздің жарқын да ашық аспан астында бейбіт өмір сүріп отырғанымыз және бақытты болашаққа деген сеніміміз жайдан –жай нәрсе емес, ол біздің халықтарымыздың саясаттағы, мәдениеттегі және өнердегі ынтымақтастығың белгісі.

Абай және Пушкин – қазақ, орыс және әлем әдебиетіндегі ең белгілі, ең қадірлі есімдер. 2006- жыл Қазақстанда орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкиннің жылы болса, Ресейде қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбаев жылы болып аталып өтті.

Пушкин және Қазақстан ... Алғашында құлаққа осы бір сөз тіркесі бір түрлі болып естіледі. Абай арқылы қазақ даласы алғаш рет Пушкин өлеңдерін ести отырып, оны өзінің туған өлеңдеріндей қабылдады. Содан болар қазақша пушкиниананың тарихы сонау ертеден бастау алады. Қазақстанның алғашқы астанасы Верный қаласында 19-ғасырда Пушкиннің мерейтойлары аталып өтетін. Пушкин Қазақстанда болды ма екен?

А.С.Пушкин Қазақстанда 1833 жылдың күзінде болған болатын. Ол осы сапарында қазақ халқының өмірімен, халықтың ақындық өнерімен танысты. Пушкин қазақ халқының «Қозы Көрпеш –Баян сұлу» фольклорлық шығармасының мазмұнын жазып алған болатын.

1-жүргізуші:

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

Жырымен жан сусынын қандырған кім?

Өзіне -өзі орнатып ескеркішті

Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?

2- жүргізуші

Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен, Абайы –біреу –ақ. Абайы бар қай елмен де терезесін теңестіре алады. Абайы бар елдің мерейі үстем. Абай – қазақтың бар жерінің туын ұстап тұрған кемеңгер.



1-оқушы:

Пройдя свой путь раздумий и стараданий

Он стал у основанья снежных гор.

Как дружбы свет, как прошлому укор,

Величественным и строгим изваяньем

2-оқушы:

Песнь его по степи летит!

Возносится до горных ручей!

На снежных пиках в вышине,

И на скалистой крутизне-

Мы видим след певца могучей.


3-оқушы:

Взглянет он зорче степного орла,

Струны раздумий в душе теребя.

Против невежства, против зла

Он обращает свой гнев,скорбя.

1-жүргізуші:

Абайдың творчестволық сезімі ерте оянды. Ауылда жүргенде бала кезінен –ақ толып жатқан халық ақындарының, әншілерінің, жыршыларының аузынан халық өлеңдерін, ертегі -әңгімелерін, қисса мен дастандарын көп естіген. Ұғымтал Абай естігенін тез ұғып, оны көкірегіне тоқып алатын.

Ол сонымен қатар орыс әдебиетінің алыптары А.С.Пушкин, Ю.М. Лермонтов және И.И.Крылов шығармалармен де танысып, оны қазақ тіліне аударды. Сол арқылы қазақ даласында орыс әдебиетіне қазақ жастары үшін жол ашты.

Мәнерлеп оқу:

Татаьянаның хаты

Амал жоқ –айттым білдірмей,

Япырма-ау, қайтып айтамын?

Қоймады дертің күйдірмей,

Не салсаң да, тартамын
Талапсыз, бақсыз мен сорлы

Еріксіз аттап ұяттан,

Қорлыққа көндім бұл құрлы,

Байқалар халім бұл хаттан


Күтемін сізден қайта хат,

Қуандырып, дертім жаз.

Ол болмаса, шыныңды айт,

Кінә өзімде, өзіме аз



Онегиннің Татьянаға жауабы

Таңғажайып бұл қалай хат,

Мағынасы алыс- өзі жас?

Сөзі орамды, әр түрі жат,

Және әдепті және рас.

Ішім өлген, құр денем сау,

Босқа үрейім жүр менің.

Жарамайды бекер алдау,

Теңің емес мен сенің.
Сенің өмірің гүлденіп тұр,

Есігін тап, көр қызық!

Менің өмірім –бір суық сұр,

Күзгі күндей тұр бұзық.



  1. жүргізуші:

Абай создал мелодии к своим переводам отрывков из «Евгения Онегина». Имя Пушкина и имена его героев, Онегина и Татьяны, пролетав над степями на крыльях этих песен, стали такими же родными для казахского народа, как имена казахских акынов.

Татьянаның әні .

Татаьянаның хаты ( музыкалық сүйемелдеуде орындалады)

Амал жоқ –айттым білдірмей,

Япырма-ау, қайтып айтамын?

Қоймады дертің күйдірмей,

Не салсаң да, тартамын
Талапсыз, бақсыз мен сорлы

Еріксіз аттап ұяттан,

Қорлыққа көндім бұл құрлы,

Байқалар халім бұл хаттан


Күтемін сізден қайта хат,

Қуандырып, дертім жаз.

Ол болмаса, шыныңды айт,

Кінә өзімде, өзіме аз


( Бейне таспа арқылы теледидардан Абай туралы шағын фильм көрсету)

Мұғалім: Міне, балалар, бүгін біз Абай мен Пушкин туралы шағын да болса, осындай іс –шараны өткізе отырып, екі алып ақынды еске түсірдік. Бұл ұлы ақындардың шығармаларын әр уақтта ұмытпай есте сақтап, ұрпақтан –ұрпаққа жеткізу біздің басты- мақсатымыз бен міндетіміз. Алдағы келе жатқан Тілдер күні мерекесіне арналған мерекелік іс –шарамыз аяқталды. Жаңа басталған оқу жылдарың құтты болсын!
Тақырыбы: «Өнерлі өрендер» тақырыбы бойынша білгірлер сайысы

Мақсаты: орыс тілінде оқытатын сынып оқушыларын мемлекеттік тілде сөйлеуге үйрету, әр сөзді дұрыс айта білуіне көңіл аудару, қазақ тіліндегі өлең сөздерді мәнерлеп оқи білуге үйрету, мақал –мәтелдердің мазмұнын түсіндіру; әр түрлі жұмыс түрлері арқылы оқушылардың қазақ тіліндегі білімдерін одан әрі дамыту; оқушыларды қазақ тіліне, мәдениетіне, тарихына, музыкасына құрметпен қарауға тәрбиелеу

Топтардың атаулары: 1-топ «Жұлдыздар»:

Ұраны:«Көп білген кемеңгер емес, білімін пайдалана білген кемеңгер»

2-топ «Бәйшешек»

Ұраны: «Білмеген надан емес, білгісі келмеген надан»
Мұғалім: Құрметті, балалар, қадірлі қонақтар, бүгін біз Сіздерді өнерлі өрендердің өнерін тамашалауға шақырамыз. Қазақ халқында «Өнерлі өрге жүзеді» деген тамаша сөз бар. Бүгінгі осы өнер сайысына өзімнің «Атамекен» бағдарламасының «Сөнбес жұлдыздар» бағыты бойынша үйірме жұмысына қатысып, өз білімдерін толықтырып жүрген оқушылар қатысып, өз өнерлерін көрсетпекші. Осы оқушылардың өнерін бағалау үшін алдымен қазылар алқасын сайлап алу қажет. Сол қазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер: Бүгінгі жарысымыз қазақ тілі мен әдебиетіне арналады. Сонымен бүгінгі жарысымызды бастайық. Алдымен ортаға екі топтың басшыларын шақырамыз, сөз соларға беріледі
Әр топтың капитаны 1-топ

2-топ

Әр топтың басшылары өз тобының мүшелерімен таныстырады



Топ басшысы: «Біздің тобымыз «Жұлдыздар» деп аталады. Біз Отанымыздың аспанында әрдайым жарқырап тұратын жарық жұлдызы боламыз. Біздің тобымыздың мүшелері .. біздің ұранымыз / барлығы бірге айтады»

Топ басшысы : «Біздің тобымыз «Бәйшешектер» деп аталады. Бәйшешек көктемнің алғашқы гүлі, бізде сол көктем гүліндей жайнап Отанымыздың болашағына өз үлесімізді қосамыз. Біздің топтың мүшелері... біздің ұранымыз / барлығы бірге айтады/»

М: бірінші бөліміміз «Ойнайық та, ойлайық» деп аталады. Мына тұрған текшелерден әр топтың бір мүшесі қазақ тілінде сөз құраулары керек, қай топ көп сөз құраса, сол топ жеңімпаз болады. Бағалау бес балл
І. Бой жазу сәті: «Ойнайық та, ойлайық»

/ Екі топтың оқушыларына берілген әріптерден қазақ тілінде сөздерді құрау тапсырылады, 2 минут ішінде қай топ көп сөз құраса, сол топқа көп ұпай есептелінеді -5 ұпай/



М: Биылғы 2006 жыл Қазақстан мен Ресей мемлекеттері үшін ерекше жыл болып отыр. Оның ерекшелігі: Қазақстанда А.С.Пушкин жылы болса, Ресейде Абай Құнанбаев жылы болып табылады. Соған орай оқушылар осы екі ұлы ақынға деген құрметін келесі өнер сайысында көрсетпекші. Қабыл алыңыздар!
ІІ. Үй тапсырмасы «Өнерлі өрге жүзеді»

  1. Екі топқа жеке –жеке тапсырма беріледі:

«Жұлдыздар » тобына «Татьянаның Сахарадағы әні» атты сахналық көрініс

Қатысатындар

/ қажетті заттар: Пушкиннің, Лермонтовтың кітаптары мен май шам, қауырсын, дөңгелек үстел/

«Бәйшешек» тобына «Евгений Онегин» поэмасынан үзінді оқып беру

Қатысатындар / қажетті заттар, балауыз шам, қауырсын, кітаптар, шляпа/

/ мұнда оқушылардың әртістік өнері мен сөйлеу мәнері бағаланады/


Ана тілім, сенен биік шың бар ма?

Сен арқылы жарып кіргем мыңдарға.

Сенсіз маған әуен қайда, жыр қайда,

Мен шалқимын құдіретің тұрғанда.



Келесі сайысымыз қазақ тілі білгірлеріне арналады. Әр топтың басшысы конверттерді таңдап сондағы сұрақтарға қазақ тілінде толық және анық жауап берулері қажет

ІІІ. Мемлекеттік тіл – менің де тілім / әр топқа конвертке салынған сұрақтар беріледі, сол сұрақтарға толық жауап берулері талап етіледі/

  • халық ауыз әдебиетінің түрлерін атаңдар;

  • Абай орыс халқының қандай ақындарының өлеңдерін аударды?

  • Қазақ халқының эпостық батырларын атаңдар;

  • «Кел,балалар, оқылық» өлеңінің авторы кім?

  • Қарағанды облысындағы ең көне қаланы атаңдар;

  • Шығыс халықтарының ертеден келе жатқан мейрамын атаңдар;

  • өздерің білетін қазақтың композиторлары мен ақындарын атаңдар;

  • қазақ халқының ұлттық ойындарын атаңдар;

  • Қазақстанның бұрынғы астаналарын атаңдар;

  • Қазақтың киіз үйі қандай бөліктерден тұрады?

  • Қазақстан қай жылы Тәуелсіздік алды?

  • Қазақстан халықтарының Тіл мерекесі қай айда тойланады?

  • Қазақстанның жаңа әнұраны қашан қабылданды?

/ бұл сайыс бойынша оқушылардың берілген сұрақтарға толық әрі нақты жауап бергендері бағаланады/
М: Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, екшеліп, ұрпақтан – ұрпаққа мұра болып келе жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі – мақал –мәтелдер. Енді сайыс кезегі топ басшыларына беріледі, бұл сайыс айтыс түрінде өтеді, тақырыбы «Отан оттан да ыстық» . Қай топтың басшысы көп мақал –мәтел біледі екен?

IV. Капитандар жарысы : «Отан оттан да ыстық» тақырыбына мақал –мәтелдер жарысы

V. «Ән –көңілдің ажары»
М: Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабының бірі киелі домбыра. Домбыра қазақ өнерінің үкісі. Домбырада қазақ даласының үні бар. Олай болса келесі музыкалық өнер сайысында әр топтың өнерпазы қазақтың күй өнерін ортаға салады. Мұнда әр өнерпаздың домбырада ойнау мәнері бағаланады.

VI. «Қазақ халқының салт –дәстүрлерінің білгірлері» / әр топтың оқушылары қоржыннан асық алады, сол асықтағы нөмір бойынша сұраққа жауап береді/
1.Шілдехана - жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той. Дастархан жайылып, жастар домбыра тартып, ән салып, ұлттық ойындар ойналады. Шілдехана думанды болса, сәби сергек, қызықты өмір сүреді деген сенім бар.
2.Қырқынан шығару –нәрестенің туған күніне қырық күн толған соң, ыдысқа қырық қасық су құйып, соған шомылдырады. Сәбидің қарын шашын, тырнағын алады. Ит жейдесін шешіп алып, сақтап қояды. Мерекелік дастархан жайылады.
3.Бесікке салу – Халқымызда бесік – қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бұл – халқымыздың елеулі үлкен дәстүрі. Бесікке салу жолы жасы үлкен немесе елдің құрметті, өнегелі адамына жүктеледі. Мерекелік дастархан жайылып, бесікке салған адамға кәде беріледі.
4.Тұсау кесу - сәби қаз тұра бастағанда, тез жүріп кетсін деп, ала жіп есіп, екі аяғын тұсап, сүрінбей жүретін адамға тұсауын кестіріп, баланы қолынан ұстап, тез-тез жүгіртеді. Оған қуанысып, шашу шашылып, дастархан жайылып, «тұсаукесер» кәдесі беріледі.
5.Үйлену тойы – бір –бірін сүйіп ұнатқан қыз бен жігіт ата-ана, ағайын- туыстарының танысып білуінен басталады.

Алдымен күйеу жігіттің әке-шешесі болашақ келіннің үйіне келіп, қыз ата-анасының ризалығын алып, құда болысып, тойдың барысы жайлы келіседі



VІІ. «Ептілер» -ұлттық ойын

«Теңге алу» ойыны –орамалға түйілген теңгені аяқты бүкпей еңкейіп тіспен тістеп алу керек

5 ұпай
Қажетті материалдар: түрлі –түсті қағаздар; конверттер; тапсырмалар;

Эмблемалар; Ұран сөздері

Қорытынды:

Мұғалім: Міне, балалар, бүгін біз өзіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша біліміміздің қандай екенін көрсете отырып, қазақ әдебиетінің, өнерінің, мәдениетінің қандай екеніне аз да болса көз жеткіздік. Осындай қадірлі де қасиетті қазақ тілінің одан әрі дамуына ат салысуларыңа шын жүректен тілектеспін

Ол өз халқының ұлы болды

Мақсаты: білім алушыларды Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметімен тереңірек таныстырып, туған жерінің өткен тарихына деген танымдық қызығушылығын дамыту, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Шоқан Уәлихановтың өміріне қатысты суреттер, әдебиеттер слайдтар, Шоқан туралы ой –пікірлер бойынша плакаттар;

Іс –шараның түрі: әдеби –тарихи кеш
Іс –шараны өткізудің барысы:

( Қазақтың сазды әуені домбырада ойналады, сол сәтте оқушылар шығып, төмендегі өлеңдерді оқиды)




1-оқушы:

Өмірдің кілтін аштың жарық көзбен,

Қазақтың тілін байлап жүйрік сөзбен.

Құштарлығың білімге тез оянып,

өмірге қарадың ғой жаңа көзбен.
2- оқушы:

Көтердің мәртебесін қазақ елдің,

Бұл өмірдің қазақ атты пендесі едің.

Ғылымының айдыныныда терең бойлап,

Жаманның жамандығын ерте көрдің.

3-оқушы:

Асуың бар Азия деп белес атқан,

Еуропаға танытар даңқың жатқан.

Қысқа өмір беріпсің бұл пендеге,

Неге мұнша қатал ең, уа, Жаратқан!

4- оқушы:

Білмеймін қалай кеттің бұл өмірден,

Орын алдың қазақтың дәл төрінен.

Мақтан етер бар қазағым өзіңді,

Соның бірі мына пенде өзім едім.

Слайд бойынша Абылай ханның портреті көрсетіліп, кадр сыртынан дауыс естіледі:

Бірде Абылай хан түс көреді. Түсінде ол өзінің өмірден өткенін және оны жерлеуге жиналған халықты көреді. Оның аяқ жағында екі ер бала отырады. Біреуінің қолында құран, ал екіншісінің қолында қанжар бар. Келесі күні Абылай Бұқар жырауды шақыртып, одан көрген түсін жорып беруді сұрайды.


Домбыраның баяу сазды әуені ойналған сәтте Абылай хан мен Бұқар жырау шығады.

1-көрініс:

- О, менің Абылайым, - дейді Бұқар жырау. Сіз өмірден өткен соң Қазақ хандығы бытырап, тағы да қырғын соғыстар басталады. Сенің аяқ жағында отырған балалар – ол сенің ұлдарың. Қанжар ұстаған бала –ол Қасым, одан жауынгер ұрпақ туады, ал Құран ұстаған бала – олУәли, одан өнер – білімге құштар ұрпақ туады.

2-жүргізуші:

Мы в начале нашего вечера просмотрели сценку из романа Ильяса Есенберлина «Кочевники», когда однажды Абылай-хану приснился сон, будто он умер и собралось огромное множество людей на его похороны. У его ног сидели два мальчика: один с Кораном в руках, другой с кинжалом. На следующий день Абылай –хан призвал к себе Бухар – жырау, чтобы разгадал его сон. « О, мой Абылай! –ответил Бухар –жырау. – После твоей смерти распадается казахское ханство, опять начнутся междоусобные войны. Мальчики, которых ты видел, это твои сыновья. Мальчик с кинжалом – это твой сын Касым, от которого родятся воинственные потомки. А мальчик с Кораном – это сын Уали, от которого родятся ученые потомки»
1-жүргізуші:

Ұлтының ұлылығын әлемге әйгілеген ұлы ғалым Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов Үш жүздің басын қосқан даңқты Абылайдың шөбересі, ұлы даланың төл перзенті. Оның бойындағы асыл қасиеттер түркі халықтарының үзілмей келген салт –дәстүрінің, рухани болмысының, өскен ортасының жемісі. Болашақ ғалым дала әніне, ана уіліне, түркілердің елдігі мен ерлігіне әлдиленіп өсті. Бабаларымыздың өсиетнамасын, елін, жерін, тілін сақтауға алтын арқау, аялы өзек болды, қадір тұтты.

1-жүргізуші:

Шокан прожил на земле 30 лет. Но мы его помним. Память о гении жива, пока актуальны проблемы, поднятые им.

Более 170 лет прошло со его дня рождения, но как современно и своевременно звучит его голос!

« Он был гениальным писателем своего народа, если бы имел читательскую среду,» - писал о нем его кадетский товарищ Потанин.

Он был всесторонне одаренным человеком. В нем сочетались таланты историка, литератора, художника, языковеда и воина. Редкое человеческое обояние дарило ему великих друзей.

Шоқан өміріне қатысты материалдар бойынша слайд –шоу:


Шоқанның шын аты – Мұхемедханафия. Апасының еркелетіп қойғаны – Шоқан. Шоқыдай биік, таудай асқақ деген мағынаны білдіреді. Кішкене кезінен апасы Зейнептің шоқы, Шоқан атауының өзі Шоқанның бала жастан зерек, алғыр болғандығын байқатады.

Шоқан Уәлихановты замандастары шығыстану іліміндегі қайталанбас ірі тұлға деп танығаны белгілі.

Суретшілік өнер – тарихшы, географ, этнограф, фольклорист, саяхатшы Шоқанның сегіз қырының бірі ғана.

Шоқанның екі жүзге жуық суреттері сақталған. Ш. Уәлихановтың бес томдық шығармалар жинағының бірінші басылымының 5- томына енген. Ал «Өнер» баспасынан шыққан «Шоқан және өнер» аттыкітапта Шоқанның белгілі суреттерінің бәрі басылып шықты. Бұл еңбектер Шоқан халқымыздың шын мәніндегі тұңғыш суретшілерінің бірі екенін дәлелдейді


1-жүргізуші:

«Жеті жұрттың тілін білуге» тиісті хан тұқымы болғандықтан, ауыл мектебінде оқып, арабша хат таныған Шоқан араб, шағатай тілдерін меңгереді. Бұдан кейін оны әкесі сол кезде Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны деп есептелетін Омбы кадет корпусына береді. Зерек те зерделі Шоқан мұнда екі –үш жылдан кейін –ақ, өз сыныптастарынан ғана емес, өзінен екі жас үлкендерді де басып озып шығады.




  1. жүргізуші:

Здесь в кадетском корпусе будущий ученый изучал историю, литературу, георгафию, физику, геодезию, тюркские языки и другие дисциплины, овладел французскими и английскими языками, усовершенствовал свои знания в арабском языке.

Когда Шокан поступил в кадетский корпус, он совсем не знал русского языка. Однако, обладая незаурядными способностями, великолепной памятью и трудолюбием, он быстро преодолел трудности и превзашел в учебе всех своих сокурсников. Русский язык стал для Шокана вторым родным языком.


Шоқан өміріне қатысты кітаптар көрмесі бойынша кітапхана меңгерушісі Л.К.Ишутинаның сөз алады.


  1. жүргізуші:

Кадет корпусын бітіргеннен кейін Шоқан Батыс Сібір генерал –губернаторының кеңсесіне қалдырылады. Ол 1855 жылы Ұлы жүзді Қоқан хандығының ықпалына шығарып, Ресейге қосу бағытында жұмыс істеу үшін ұйымдастырылағн экспедицияға қатысып, Семей , Аягөз, Қапал арқылы Іле Алатауына дейін келеді. Жоңғар қақпасына, Алакөл, Тарбағатайға саяхат жасайды. Осы сапарында қазақ, қырғыз ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен этнографиясының материалдарын жинап алады. Бұл еңбегін жоғары бағалаған генерал Г.Х.Гасфорт оны наградаға ұсынады, әскери лауазымы бір сатыға жоғарылап, поручик атағын алады.


  1. жүргізуші:

После окончания кадетского корпуса молодой офицер служил адъютантом Западно –Сибирского генерал –губернатора. Духовный мир и научный кругозор Шокана Уалиханова был обогащен благодаря общению его с деятелями казахской степи – биями, султанами, а также с представителями русской науки и литературы. Глубокий след оставило в нем пребывание в Петербурге в 1860-1861 годы. Большое влияние на формирование ученого оказала его дружба с Г.Н.Потаниным, ссыльным писателем Ф.М.Достаевским, ученым –путешественником П.П. Семеновым – Тянь –Шанским

  1. жүргізуші:

Тән ауруы мен жан ауруынан шипа таба алмаған Шоқан 1865 жылы Алтынемелде, Көшептоған деген жерде өзінің соңғы күндерін өткізеді. Ол 30 жыл ғана өмір сүрді. Оның өмірі – қазақ халқының тарихының дәуірі. Қазақ халқында«Атаңның ұлы болма, халқыңның ұлы бол!» деген жақсы сөз бар. Шоқан осындай адам болатын

  1. жүргізуші:

Он прожил 30 лет. Его жизнь –эпоха в истории казахского народа. Вся его жизнь была символична. Его судьба –капля, по которой узнают вкус океана.

Есть прекпасная казахская пословица: «Не будь сыном своего отца, а будь, сыном своего народа». Шокан Уалиханов был именно таким человеком

Викториналық үзіліс ( сұрақтар жалпы қатысушылар мен қонақтарға қойылады)

* Шоқан Уәлиханов кім? Ол қай жылы және қайда дүниеге келді?



* Оның шын аты кім? Анасының еркелетіп қойған аты кім?

* Неше жасында кадет корпусына оқуға түсті?

* Шоқан Уәлиханов қай жерлерді аралады?

* Алғаш рет қай халықтың жырын қағазға түсірді?

* Ол қандай қоғамға мүше болды?

* Оның жолдастарын атаңыз

* Қай жылы қай жерде қайтыс болды?

* Ол қандай тілдерді білген?
1-оқушы:

Ғасырлардың толқындары...

Сылқым әуен құбылады заманмен.

Қатал өмір салар ащы тезіне,

Дархан қазақ өр жолында ман ең,

Сұм тағдырға қайдан қалдың кезіге.

2-оқушы:

Жазира –нұр жүректермен тіл қатып,

Өтті –ау қанша заман ағым сұрапыл.

Ғасырлардың жартасынан құзар –шың

Сізді оқып Шоқан ата ұнаттым.

3-оқушы:


Аққан жұлдыз. Қысқа ғұмыр ... қысқа ән...

Дүниенің қызығынан тыс қалған.

Себелеген өр халқыңның бағына,

Сізді, ата, ақ жауынға ұқсатам.



  1. оқушы

Шоқан ата...

Ақ арманы ақ сағым боп ағарған,

Жүрек толы даналық пен ақ арман.

Шынар кеуде бар әлемді сыйғызды,

Бүгін міне мұарағатың дін аман.

4-оқушы:


Іңкәр әлем сыры менен жыры көп,

Құпияң да шарықтауда құрылып,

Неге өмір тар келеді данаға,

Даналарға кімдер жатыр құныға?!


Мұғалім: Міне, балалар, бүгін қазақтың тұңғыш ғалымы, ақын жанды суретшісі Шоқан туралы аз да болса сыр бөлістік. Ол өз халқының тұңғыш өнер зерттеушісі, өнер тарихшысы және өз халқының әдебиеті мен мәдениетіне зор мән берген. Оның ғылыми еңбектері, өнер туындылары қазақ халқының алтын қазынасы ретінде ғасырлар бойы жасай бермек. Сонымен қатар оның жарқын өмірі мен азаматтық бейнесі сендер үшін нағыз үлгі болады деп ойлаймын.

Татьянаның Сахарадағы әні

(сахналық көрініс)

Кіріспе сөз: (қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі)

Шығыс халықтарында соғыс- батылдықты, еңбек –ақылдылықты, ал жоқтық – достықты шыңдайды деген нақыл сөз бар. Қазақстан мен Ресей халықтары талай қиын – қыстау тарихи оқиғалардың бәрін бірге бастан кешті, сондықтан олар біздің халықтарымыздың достық, сенімді және жарқын сезімдерге нық сене отырып, екі халықтың тарихи ынтымақтастыққа ұмтылуы біздің заманымыздың рухани дамуына деген жауап болып табылады. Біздің достығымыз – бұл лайықты және тең ұлттардың достығы. Біздің жарқын да ашық аспан астында бейбіт өмір сүріп отырғанымыз және бақытты болашаққа деген сеніміміз жайдан –жай нәрсе емес, ол біздің халықтарымыздың саясаттағы, мәдениеттегі және өнердегі ынтымақтастығың белгісі.

Абай және Пушкин – қазақ, орыс және әлем әдебиетіндегі ең белгілі, ең қадірлі есімдер. 2006- жыл Қазақстанда орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкиннің жылы болса, Ресейде қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбаев жылы болып аталып өтті.

( Н.Тілендиевтің «Ата толғауы» атты шығармасы орындалады да, осы сәтте сахнаға екі жүргізуші оқушы шығады)

1-оқушы:

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

Жырымен жан сусынын қандырған кім?

Өзіне -өзі орнатып ескерткішті

Мұра қып кейінгіге қалдырған кім?

2-оқушы:

Ерте оянып, ойланып ержеткен кім?

Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Құба жон, құбақан құм, құла қырды,

Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

Мұғалім:


  • Қазақ жерінің ақыны көп болғанымен, Абайы біреу –ақ. Абайы бар ел қай елмен де терезесін теңестіре алады. Абайы бар елдің мерейі үстем. Абайы- қазақтың бар жерінде туып, бар жерінің туын ұстап тұрған кемеңгер.

«Татьянаның Сахарадағы әні» сахналық көрініс

( Баяу ғана домбырада Абайдың «Көзімнің қарасы» әні орындалып тұрады)

Сахнада қазақтың киіз үйінің ішкі безендірілген көрінісі. Ортада қазақша үстел, оның үстінде бірнеше кітаптар, қауырсын қалам, сия сауыт қойылған. Төрде үстел басында Абай кітапқа үңіліп , оқып отырады. Қасында іс тігіп Әйгерем отыр. Осы сәтте сахнаға бір топ қыз –жігіттер кіреді.

1-жігіт:

- Ассалаумағалейкум, Абай аға. Біз сізге сонау Семей қаласынан арнайы іздеп келдік, ол үшін айып етпеңіз!

Абай:


  • Уахайлекумуссалам, жоғары шығыңдар, төрлетіңдер. Келгендерің өте жақсы болды.

( Жастар жайғасып, үстелді жағалай отырады)

2-жігіт:


- Абай аға, Жастар сіздің өлеңдеріңізді, әндеріңізді өте жақсы көреді. Оның ішінде сіздің әуезді әндеріңіз бізге өте ұнайды.

Абай:


  • Жылы лебіздеріңе көп рахме! Әйгерім, қонақтарды жақсылап қарсы ал. Сендер менің өлеңдерімді жақсы көреді екенсіңдер, мүмкін, өздерің маған сол өлеңдерді оқып берерсіңдер?!

( 1-2 жігіт пен қыз Абайдың өлеңдерін оқиды)
1.Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқтықпалы, сопақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!

Ішім толған у мен өрт, сыртым түтін

Мен келмеске кетрмін түк өндірмей,

Өлең, шіркін, өсекші, жұртқа жаяр,

Сырымды тоқтатайын айта бермей.


2. Құлақтан кіріп бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй,

Дүние ойдан шығады

Өзімді- өзім ұмытып,

Көңілім әнді ұғады

Жүрегім бойды жылытып,

Аңсаған шөлде су тапса,

Бас қоймай ма бастауға

Біреу түртсе, не қақса

Бой тоқамас жасұауға

Бір күйгізіп, сүйгізіп ескі өмірді тергізер

( Жастар өлең оқыған жастарды көтермелеп, қоштап қояды)

1-жігіт:

- Абай аға, енді бір жақсы ән айтсақ қайтеді? Әйгерім жеңгеміздің әнін тыңдамағалы көп болды. Сондықтан жеңгемізден бір жақсы ән сұраймыз

Абай:


  • Әйгерім, мына жастарға Татьянаның әнін бір жақсылап орындап берші!

Жігіттер, бұл орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкиннің шығармасы. Мен оны аударып, соған ән жазған болатынмын. Тыңдап көріңдер

2- жігіт:

- Абай аға, мынау тамаша ән екен!

( Ән шырқалады. Содан кейін жастар барлығы қоысылып «Көзімнің қарасы» әнін орындайды)

1- жігіт:

- Біз біраз отырдық, енді қайтайық, Абай аға, рұқсат болса? Сізге көп рахмет! Сау болып тұрыңыз!



Абай:

- Сендерге де көп рахмет! Келіп тұрыңдар!






Саран қаласы әкімдігінің жалпы білім беретін №7 орта мектеп – интернаты



Дайындаған қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі

  • Алтын Кенжебековна Қаңтарбекова





Саран қаласы- 2010ж.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет