ТАҚырыбы: «орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудағы педагогтың РӨЛІ»



Дата08.07.2017
өлшемі72,15 Kb.
#20850

ТАҚЫРЫБЫ: «ОРТА БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДАҒЫ ПЕДАГОГТЫҢ РӨЛІ» 


Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі: Баяубаева Назгуль Борашевна


Жалпы білім беретін №65 орта мектебі «КММ»

Қарағанды қаласы

Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады. 


Сауаттылық тұлғаның тұрақты қасиеті болып табылатындықтан, функционалдық сауаттылық сол тұлға меңгерген белгілі бір білім-біліктерден көрініс табады. Өйткені функционалдық сауаттылыққа адам нақты білім алу кезеңдерінен өткеннен кейін қол жеткізеді. Бұл орайда білім белгілі бір сауаттылық деңгейін қамтамасыз ететін құрал және нақты іс-әрекеттердің нәтижесі ретінде қарастырылады. Ендеше, мемлекеттік тілді оқытуда білімнің түпкі нәтижесі деп саналатын құзыреттіліктердің біртұтас бірлігі ретіндегі функционалдық сауаттылықтың мәнін, рөлін айқындаудың, оны мектеп тәжірибесіне ендірудің уақыт талабымен толық сай келуі де зерттеу тақырыбының өзектілігін дәлелдей түседі. 

Функционалдық сауаттылық оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті, оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты, оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі, оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі, әлеуметтік-мәдени дамуының өлшемі, білім, білік, дағдыларының құзыреттілікке ұласу жолы. Ол оқушылардың қатысымдық, ақпараттық, проблемалардың шешімін табу құзыреттіліктерінің бірлігінен құралады .



Білім берудегі сауаттылық мәселесі, біріншіден, нақты бір елдегі халықтың әлеуметтік жағдайына, екіншіден, мемлекеттің экономикалық дамуына, үшіншіден, елдегі мәдени ахуалға тәуелді болатындығы айқын. Бүгінгі өркениеттің даму деңгейі білімділік пен сауаттылық ұғымдарының мазмұны мен оны түсінудің сара жолдарын іздестіруді қажет етіп отыр. Ғылыми еңбектерде сауаттылық ұғымының белгілі бір деңгейде ана тілінің грамматикалық нормаларына сай оқу, дұрыс жаза алу дағдыларын игеру екені байқалады. Әйтсе де адамның өмір сүруіне қажетті деп танылып, меңгеруге ұсынылған бастауыш мектеп деңгейіндегі белгілі бір білім, білік пен дағдылардың жиынтығы (оқу, жазу, санау, сурет салу және т.б.) ретіндегі тілдік сауаттылық қазіргі кездегі әлеуметтік сұраным талаптарымен сәйкес келе бермейді. 
Жалпы, сауаттылық адамның білімділігіне қатысты ұғым екені белгілі. Яғни, сауатты деген сөздің түпкі мағынасы оқу, жазу, санау біліктіліктері қалыптасқан, грамматикалық тұрғыда таза, қатесіз жаза, сөйлей, оқи алатын, сондай-ақ дұрыс есептей білетін адам сауатты ретінде танылады. Ал «функционалдық сауаттылық» белгілі бір кезеңге сай субьектінің алған білімі мен білігі негізінде сауатты іс-әрекет ете алуы деген мағынаны білдіреді. 
Сауаттылық ұғымы оны білім берудің әрекеттік аспектісімен бірлікте алғанда ғана кеңейе түседі. Функционалдық сауаттылық – тұлғаның пәндік білім, білік, дағдыларын әлеуметтік-қоғамдық ортада кез келген жағдаятқа сәйкес еркін қолдана алу мүмкіндіктерінің қалыптасқан жүйесі. 
Сонымен, функционалдық сауаттылық – жеке тұлғаның әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесе отырып, меңгерген білімді тұрмыс тіршілікте қолдана алуы мен жетілдіре отыруы. Сонда, функционалдық сауаттылық ұғымына келесі анықтаманы беруге болады: адамның мамандығына, жасына қарамастан меңгерген білімді сауатты қолдана алуы мен үнемі білімін жетілдіріп отыру процесі. Мұндағы басшылыққа алынатын функционалдық сапалар: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алуға қабілеттілік, т.б. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның өзгермелі әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. 
Білім алушы осы аталған негізгі құзыреттіліктермен қатар пәндік құзыреттіліктерді (әр пәннің мазмұны арқылы) меңгеруі тиіс. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты еңбегінде оқулық мәселесіне ерекше тоқталған болатын. 
Функционалдық сауаттылықты жүзеге асырудың екінші тетігі – оқыту нысандары мен әдістері. Тәуелсіз қазақ елінің оқулықтарының мазмұны ұлттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып жазылып, оны оқыту мен жүзеге асырудың жаңа әдістері, яғни аралық белсенді әдістер арқылы жүзеге асуы тиіс. Осы негізде білім алған мектеп оқушылары теориялық білімдерін практикалық тұрғыда қолданумен қатар ана тілінің келешегіне үлкен жауапкершілікпен қарауға тәрбиеленед 

Олардың оқу әрекетінің өзіндік ерекшеліктері жөнінде Л.В.Выготский: «Бұл әрекеттің басты мақсаты мен нәтижесі, яғни, баланың үлкендермен, сондай-ақ, өзінің құрдастарымен әлеуметтік қатынасын қалыптастыру, әрі бұл уақытта өзіне дейінгінің тәжірибелерін, оның ішінде әлеуметтік қатынастың құралы болып саналатын сөйлеу тәжірибесін де меңгеруі қатар жүреді», – деп тұжырымдайды. 

Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздеріне алынатын дидактикалық ұстанымдар екі бағытта белгіленді. 

1.Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың дәстүрлі ұстанымдары. 

2. Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың арнайы ұстанымдары. 

Дара тұлғаға бағдарлап оқыту ұстанымы бойынша барлық оқыту жүйесі оқу әрекетінің субьектісі – оқушының даралық сипатына, мотивіне, шынайы өмірлік қажеттілігіне, мүмкіндігіне, бейімділігіне, әлеуметтік-мәдени дамуына орай құрастырылады. 

Пәндік білім, білік, дағдыларды меңгертудегі шығармашылық ұстаным сабақты шығармашылық үдеріс ретінде құруды мақсат етеді. Оқу үдерісінде жұптық, топтық жұмыс түрлеріне, біріккен шығармашылық тапсырмалар мен жобаларды орындауға үлкен мән берілді. Белгілі бір қатысымдық міндеттерді шешу барысында оқушылардың өз тілек-емеуріндерін іске асыруға мүмкіндігі болады. Оқу үдерісінде оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білім, дағды, біліктерін жаңа жағдаятта қолдана алуына қажетті дағдылары дамытылады. Пәнді интеллектуалдық және шығармашылық тұрғыда түсініп меңгертуге ден қойылады. 
Оқушыларды ғылыми біліммен қаруландыруды көздесек, оның жүйелілігі мен сабақтастығы, бірізділігі де ескерілуі міндетті. Бұл орайда дидактиканың оқытудың жүйелілігі мен бірізділігі ұстанымы жүзеге асырылады. Аталған ұстаным оқытудың ғылымилығы ұстанымымен тығыз байланыста жүреді. Оқытудың жүйелілігі мен сабақтастығын, бірізділігін қамтамасыз ету үшін әрбір пән бойынша берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда ұғымдық-ақпараттық материалдардың белгілі бір жүйемен берілуін, сабақтастығын, біртіндеп тереңдетілуін және кеңейтілуін, сондай-ақ оқушылардың білімді меңгеру әрекеті белгілі бір сатымен (мысалы: ынталандыру, алғаш көру – байқау, қабылдау – түсіну, ұғым құру, есте сақтау, қорытынды шығару немесе тұжырым жасау, т.б.) іске асырылуын ескеріп отыру керек. 
Оқушылардың алған білімі жүйелі, берік, тиянақты, терең болуы үшін мынадай мәселелер ескерілуі тиіс: 

өтілген тарауларды, тақырыптарды үнемі қайталап отыру: а) күнделікті сабақ барысында; ә) белгілі бір тақырыпты немесе тарауды, бөлімді аяқтаған уақытта; б) тоқсан аяғында; в) оқу жылының басында және соңында; 

өтілген тақырыпты практикалық жаттығулармен (ауызша, жазбаша тапсырмалар, жаттығулар, тәжірибелік-бақылау жұмыстары, т.б.) байланыстырып отыру; 

оқушылардың білім сапасын есепке алып отыру (тексеру және бағалау), кемшіліктерін анықтап, тиісті жұмыс жүргізу; 

өтілген оқу материалындағы өзекті мәселелерді, негізгі ережелер мен ұғымдарды есте сақтауларын қамтамасыз ету. 
1. 
Қорыта келе, бастауыш мектептегі оқыту үдерісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда жоғарыда аталған ұстанымдардың қай-қайсысының да қызметі ерекше. Себебі, бұл ұстанымдардың негізінде ұйымдастырылған оқыту үдерісі оқушылардың берілген білімді жүйелі, терең, берік, сабақтастықта және біртұтастықта, ғылыми білімдер жүйесін практикамен байланыста, жеңiлден ауырға, қарапайымнан күрделіге, нақтыдан белгiсiзге қарай жүретін бағытта белсенді түрде әрі қызығушылықпен меңгеруін қамтамасыз ете алады. Сондықтан да біз осы әдістемелік құралда бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктерін қарастыру барысында оларды тығыз байланыста, оқытудың мақсат-міндеттері мен мазмұнына тәуелділікте жүзеге асырудың маңыздылығын баса көрсеткіміз келді. 

Пәндік білім, ептілік және дағдыларға сүйене отырып, оқу пәндері арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту үдерісі ойлау дағдыларын қалыптастыру негізінде жүзеге асады. 

Функционалдық сауаттылық қалыптастыру процесі жекелеген пәндер мен іс- әрекеттерді игеруде білім, ептілік, дағдының құзыреттілікке көшуі. 

Қолданылған әдебиеттер тізімі: 

Оқу­шы­лардың функционалдық са­уат­­тылығын дамыту жөніндегі 


2012-2016 жылдарға арналған ұлт­тық іс-қимыл жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы). 

«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2012 жылғы 


27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы. 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» («Егемен Қазақстан»), 2012 ж. 10 шілде мақаласы. 



2012 жылғы 5 қыркүйекте Назарбаев Университетіндегі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың интерактивті дәрісі.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет