Тақырыбы: «Қош бол, құтты Әліппем!»



бет3/3
Дата25.03.2017
өлшемі436,91 Kb.
#12272
1   2   3
Ақ сүт берген анамыз.
Б - дегенім бал тілім
Біз бақытты баламыз.
Дильназ: Ә - дегенім әншінің
Әуені ғой әдемі.
Қ - дегенім малшының
Қамшысы ғой әдемі.
Жансая: З - дегенім өнерлі ғой.
К - дегенім кемені
Капитандар басқарады.
Нұрбақыт: Д - дегенім добың ғой
Дойбы болып шықпай ма.
С - дегенім сәбидің
Сылдырмағың ұқпай ма.
Хор: Әліппе
Орыс биі. Махаббат - Жадыра
Конбой биі. Ұлдар тобы
Жадыра: Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысың төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Бұл кім?
Оқушылар: Ана, ана, ана.
Жүргізуші: Балалар, сендердің әліппені жақсы меңгеріп, сауатты оқушы ата - ананың қосқан үлесі зор. Қане бәріміз ата - аналарға рахмет айтайық.
Ән: Ақ мамам. Орындайтын: Жадыра
Жүргізуші: Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы. Адамның, туып өскен жері, туған - туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын Атамекені - Отан.
Отан көркем сөзі. Оқитын: Жансая.
Астана. Оқитын: Жадыра.
Астана. Оқитын: Шолпан.
Астана. Оқитын: Анель.
Отан. Оқитын: Амангүл.
Отан. Оқитын: Санжар.
Ән: Қуыршақ. Орындайтын: Ақсұңқар.
Қазақ биі. Орындайтын: Қыздар тобы.
Әліппе:- Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.
Ана тілі:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.
Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер - білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз! ( 5 - тіктер тарату)
Хормен: Қош бол, қош бол, құтты Әліппе
Жүргізуші: Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата - ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Мұғалім: Ана тілі оқулығы бізді сынамақшы.
Ана тілінің тапсырмасы.
1. Мақалдар еліне саяхат.
Балалар мақал - мәтелдерге кезігеді.
Мақал: Әліппеден балалар
Не оқыдың, не білдің?
Қане, айтшы мақалдар
Біліміңді көрейін.
1. Ас атасы - нан.
2. Оқу - білім бұлағы
Білім - өмір шырағы.
2. Санамақ еліне саяхат.
Балалар санамақтар еліне соғады.
Санамақ: Мен санамақ боламын,
Ақыл - ойдан тұрамын.
Айтып берсең санамақ,
Қазір жолды ашамын.
Оқушылар өздері санамақ айтады.
3. Жұмбақтар еліне саяхат.
Балалар жұмбақтар еліне кездеседі.
Жұмбақ: Біз жұмбақтар айтамыз.
Шешуін сіз тапсаңыз,
Жолыңды біз ашамыз.
Хор: Жарқын жүзді ұстазым.
Жүргізуші: Қош болыңдар, балақайлар!
Біз енді Әліппемен қоштасамыз,
Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз.
Білімнің бұлағынан сусындауға,
Көптеген кітаптармен достасамыз.
Балалар, мектептегі алғашқы жеткен жемістеріңмен құттықтаймын. «Әліппе» сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір - біріңмен достыққа, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!
Бүгінгі күн әр үйдің той басы боп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға
Тілек айтар қонақтар.

Мұғалім: Құрметті қонақтар! Бүгінгі ертеңгілігімізге уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін көп рақметімізді айтамыз. Келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!



Кері қайту

«Әліппенің арғы жағы – білім бағы»

Мұғалім:
Бүгін шаттық, бүгін думан маңайым
Қалай бүгін тебіренбей тұрайын.
Әліппе тойда біздермен бас қосқан
Армысыздар, жаны жайсаң ағайын!

Қадірлі ұстаздар, құрметті ата-аналар, қымбатты оқушылар! Кеше ғана алаңсыз жүрген бүлдіршіндер, бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болып, азаматтық борыштарының алғашқы асуын асып, бір жасқа есейді.Тойларыңыз тойға ұлассын, шәкірттер!


Құрметті ата-аналар балаларыңыз атаның ұлы емес, халықтың ұлы болсын!
Бала бақыт, бала базар, бала өмір,
Балалардың шат үнімен бал өмір.
Баласы бар үйдің бәрі бақытты,
Балалармен қызығырақ бұл өмір.

Ән. «Әнұран»


бастаушы: Армысыздар ардақты ата-аналар!
бастаушы: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар!
бастаушы: 1В сынып оқушыларының «Әліппенің арғы жағы – білім бағы» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.
бастаушы: Міне, біз бүгін барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі әліппені бітірдік.
бастаушы:
Уа халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Қайсы күйші, кім биші
Талабына қарайық.

бастаушы: Кімдер зерек, кім тапқыр, талаптарды табайық.


бастаушы: Армысыздар аналар!
бастаушы: Бармысыздар балалар!
бастаушы: Сөзіме құлақ салыңыз!
бастаушы: Бір серпіліп қалыңыз.
Екеуі бірге! Әліппеге арналған,
Бүгінгі жыр әніміз!
Асылхан:
Өтті оқу, сан-сабақ
Бүгін үлкен салтанат
Оқулықпен достастық,
Әліппемен қоштастық.
Хормен:
Өсті білім ойымыз,
Құтты болсын тойымыз.
Рауан:
Мектеп деген білім кеші, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені!
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені.
Аида:
Мектебім – білім берер алтын ұям
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулисың төрт жыл бойы ата-аналамдай
Әрқашан қасиетті атың маған.
Ерасыл:
Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
Гұлнұр:
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі.
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен
Күллі шәкірт саған басын иеді.
Аружан:
Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Мұғалім:
Іші толы әріпке
Білімді де жарық не?
Хормен:
Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті әліппе!
Ол сүйікті әліппе!

бастаушы: Олай болса, барлығымыз қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық!


Әліппе:
Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Жақсы білім көрімдік
Болсын бізге халайық.
Не үйретіп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!
Мұғалім:
Ал әліппе,
Сенің нұрын сөнбесін
Ашық аспан, жарық күн,
Келешегі сөйлесін.
бастаушы: «Әліппе» туралы тақпақтап айтамыз.
Сұлтан:
Мынау менің әліппем
Көгілдір тудың түсіндей
Ақылшы жақын досымдай,
Қымбатсың маған досымдай.
Бекнұр:
Іші толы әріпке,
Мынау әйбат әліппе
Барлық ілім-білімнің,
Әжесі осы әліппе.
Балауса:
Алфавитті біліңдер,
Онда қалып жүйе бар.
Біздің қазақ тілінде,
42 әріп бар.
Ақжа йық:
Алфавиттің «А» – тұрады басында
Әрқашанда «Ә» тұрады қасында
Байқадың ба «Б» тұрады үшінші
Ал осының сыры неде? түсінші.
Ақбота:
А – деген ол аналар ғой ардақты,
Ә – деген ол әкелер ғой салмақты.
Б – деген ол балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі
Алшақ кетпей сондықтан да расында,
Тұрады ол алфавиттің басында.
Аделя:
Бар кітапқа бас болған
Әліппе – ғылым анасы
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
Ән. Хормен. Әліппе әнін орындау.
бастаушы: Әліппеден өткен әріптерді айтайық ,
Жансая:
«А» – ны айтқанда даусымыз дірілдейді,
Ұстазым көз алдымда күлімдейді.
Күн сайын әріптердің атын біліп,
Сөз оқимын айырып, буынды енді.
Нұрбақ:
Шындықты сақтайық,
Шыншылды жақтайық.
Шаршы топ алдында,
Шығарып мақтайық,
Нұрсұлтан:
Ғарышкері ғаламның,
Намысты ері даламның
Тоқтар сынды ағамның,
Ізбасары боламын.
Арсен:
Сабақты баппен бастадық,
Зиялы сөз тастадық.
Ойға тоқып айтқанын
Мазмұнын оқып жаттадық.
Жансая:
Тәртіпті бала сүйеніш
Төбең көкке жетеді.
Тәртіпсіз бала күйініш
Төмендеп басың кетеді.
Меруерт:
Спортпен айналыс,
Сұлулық сыйлаған.
Сол саған пайдалы,
Сауық пен кинодан
бастаушы: Шалдарбек Жасминның биін тамашалаңыздар.
Құралай:
Барлық әріп бағалы
Айттық әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды.
Буын онсыз толмайды
Адам барлық әріпті
Ардақтайды қолдайды.
Тимур:
Достастырған өзіңмен
Ұстазыма мың алғыс
Иландырған сөзіңе
Қамқоршыма шың алғыс
Жанель:
Әліппе даңғыл жол ашты,
Жаңадан пәндер жалғасты.
Әліппе сырын ұқтырған,
Рахмет ұстаз алғашқы!
Хор:
Үйретіп бізге әліппені
Мұғалім ғылымға жол
салып береді.

Ән: «Мұғалім ол біздің»


Би: «Көбелектер» биі
Нұрғали:
Таныстырған 42 әріппенен
Қош бол менің қасиетті әліппем
Сенің арқаң оқида, жаза білгенім
Сауатты адам, санатыма кіргенім
Мұғалім:
Балалар сендер 4 ай ішінде көп нәрсені үйреңдіңдер. Осының бәрін үйреткен кімдер?
Хормен:
- мектеп
- әліппе
- мұғалім
- ата-ана.
1. бастаушы: Әліппені меңгертуге жазуға, санауға үйреткен ата-аналарымыздың үлесі бар. Ата-аналарымызға ризашылығымызды білдіреміз.
Мұғалім:
Балалар сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң- қуанып, ренжісең, – жұбататын асыл адам –Ана!
Ана – біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау – біздің парымыз.
Нұрай:
Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың ,
Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың,
Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын, аман болсын анашым.
Аружан:
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең-ақ мақтанышың.
Білім алып тер төгем, еңбек
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін.
Димаш:
Әкем менің жан әкем
Батылдыққа үйреткен
Еш жамандық көрсетпей
Жақсылықты үлгі еткен.
Жасмин:
Еліне де ардақты
Өз ақылы жан-жақты
Даналығын халқымның
Менің әжем сақтапты.
Би. Жансаяның жеке биі.
2. бастаушы: Міне білімнің кілті. Әліппемен қоштасар уақыт та жақындады.
1. бастаушы: Қане, әліппеге қош айтайық.
Хормен.
Жақсы кітап – әліппе,
Қош бол құтты әліппе!

Әліппе: Білімнің көп қой саласы,


Әліппе соған жол басшы
Ғылымның қиын жалғасын,
Басқа кітаптан табарсың!
Мұғалім: Балалар, әрі қарай бізге әліппенің орнына «Ана тілі» келеді.
Қарсы алайық, танысайық.
Ана тілі:
Туған елдің тілімін,
Ақылымын таңымын.
Түсіндірер бәріне,
Ана тілі пәнімін
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
- Балалар, енді сендер мені оқитын боласыңдар, ынтамен оқысаңдар, көп нәрсені үйренесіңдер. Мен сендерге жұмбақтар айтайын, сендер шешіңдер.
1. Қабат-қабат қаттама
Ақылың болса аттама (кітап)
2. Тақтада жазып, жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған (бор)
Үйреткен білімді,
42 білімді (алфавит)
Алты түрлі түсі бар,
Сурет салар ісі бар (қарындаш)

- Рахмет , балалар, жарайсыңдар!


Мұғалім: Ана тілі отырып балалардың өнерін тамашалаңыз.
2. бастаушы: Көрініс. Мақта қызбен мысық. Ертегіні тамашалаңыздар.

бастаушы: Біз көптеген пәндермен таныс болдық, соның ішінде бізге ағылшын пәні өте қызықты өлеңдер мен санамақтар үйретті. Ағылшын пәнінен ән.


бастаушы: Ән. «Көбелектер»
бастаушы: Абзал тәлімгеріміз Ахмет Байтұрсынов атамыз «Ырым етсең, адал ет, жамандықтан аман ет» – деп тегін айтпаған ғой. Енді ырым тиымдарды айтып көрейік:
Нұрғали: Үйде ысқырма
Жансая: Нанды баспа, нанды бір қолыңмен үзбе.
Ерасыл: Отты шашпа, күлді баспа.
Аида: Есікті керме
Бекнұр: Отпен ойнама
Енді мақал-мәтел айтайық.
Ақбота: Оқу білім бұлағы
Білім өмір шырағы
Нұрсұлтан: Ақыл озбайтын тон
Білім таусылмайтын кен

Жанель: Білікті бірді жығар


Білімді мыңды жығар

Ақжайық: Оқусыз білім жоқ


Білімсіз күнің жоқ
Бастаушы: Ал енді санамақ айтайық.
Гұлнұр: Бір дегенім – бесік
Шықтым содан өсіп
Димаш: Екі дегенім – елім
Данам, тауым көгім
Адель: Үш дегенім – үміт
Үміт артар жігіт
Сұлтан: Төрт дегенім – төзім
Төзе білем өзім
Меруерт: Бес дегенім – бақыт
Бағалайтын уақыт
Арсен: Алты дегенім – ақыл
Тыңдағаның мақұл
Жансая: Жеті дегенім – жалау
Жүректегі алау
Тимур: Сегіз дегенім – сөзің
Серт беретін кезің
Нұрсұлтан: Тоғыз дегенім –тоқтау
Елдің жоғын жоқтау
Рауан: Он дегенім – Отан
Қорға соны ботам!
Би: Қара жорға биі.
Мұғалім: Балалар, өнер білімнің барлығы мектептен басталады. Біз әліппенің арқасында көп нәрсені оқып үйрендік. Жүркке жылы тиетін « Отан, Ата-ана, Мектеп, Әліппе» сөзімен таныстық. Соның ішінде «Отан» сөзі жүрекке жақын естіледі.
Балалар біздің Отанымыз!
Қазақстан Республикасы
Біздің Елбасымыз
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Біздің астанамыз!
Астана қаласы
Біз қай қалада тұрамыз?
Шымкент қаласында

Жарайсыңдар!


бастаушы: Тәуелсіздік қыран құсы самғайтын
Ошақ аты онсыз түзу жанбайтын
бастаушы: «Тәуелсіздік алтын көпір аялы,
Бүгінімен болашақты жалғайтын» деп ақын ағаларымыз жырлағандай жақында ғана тойлаған Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын ағайын!!!

Гүлнұр:
Тәуелсіздік Қазақстан бір ұғым


Жұпар ауам, ішер суым тұнығым
Тәуелсіздік мәңгі жасау үшін де
Менде туған Отанымның құлымын.
Асылхан:
Қандай бақыт қуанышты күн бүгін
Дәлелдеуде Қазақстан елдінін
Арман кеткен, қыршын кеткен ағалар
Елің алды егеменді теңдігін
Нұрай:
Тәуелсіздік арман жылдар есігі
Тәуелсіздік – барша халық бесігі
Тәуелсіздік орындалған армандар
Анашымның ардақтаған есімі
Рауан:
Көк аспандай – туларың
Желбірейтін күні бұл
Елім деген ұлдардың
Елжірейтін күні бір
Аида:
Жұпар шашқан гүлімнің
Жаңа ашылған күні бұл
Менің ана тілімнің
Бағы ашылған күні бұл
Ерасыл:
Атамекен – ақ үйдің
Азат болған күні бұл
Елім деген ұлдардың
Елжірейтін күні бұл

Ән. «Жаса Қазақстан» әні.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет