Тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа жыл!»


Тәрбиеші: Балалар, сонымен ескі жылымыз қандай жыл болды? Балалар



бет4/4
Дата09.02.2023
өлшемі28,16 Kb.
#168166
1   2   3   4
Байланысты:
жана жыл 2023

Тәрбиеші: Балалар, сонымен ескі жылымыз қандай жыл болды?
Балалар: Барыс жылы
Тәрбиеші: Ал, келетін жаңа жылымыз қандай жыл болады? Кім біледі?
Балалар: Қоян жылы.
Тәрбиеші: дұрыс айтасыздар! Ендеше не тұрыс жаңа Қоян жылың ортаға шақырайық!
Барыс жылы:
Аппақ бүгін қыр далам,
Ақ дастархан жапқандай.
Жасыл шырша жанына
Қоян жылы Қош келдің!
Сәлем саған баршадан!
Қоян жылы: 
Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде жақсылық.
Барыс жылы мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық!
Тәрбиеші: Қоян мен Барыс ер балалармен би билейді.
Би «Ханзадалар» биі
Тәрбиеші: Жарайсыздар балалар, жаңа жылымыз қоянға өзіміздің тамаша тақпақтарымызды айтып берейік.


Камилла:
Возле елки в новый год,
Водим, хоровод
Елочка красавица
Детям очень нравится
Вот оно какая
Строиная болшая!


Ақбота:
Аяз ата тыңдаңыз
Тақпақ айтып берейік
Ортамызда шыршамыз,
Ойнап бірге, күлейік.
Қыс келгенде далама
Қызығып тек тұрамы
Ат жегіп алып шанама
Аппақ қармен зырлаймын.


Ясина:


Тамаша,тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Жасыл шырша жанында
Би билейік жаңаша


Ұлан:

Жаңа жыл, жаңа жыл


Сені күттім елеңдеп
Өзіңменен ілесіп
Аяз ата келер деп.
Той, мереке, салтанат
Думандатты шартарап
Келді, міне жаңа жыл
Тартуларын арқалап


Айлин:
Жаңа жылға ризамыз,
Өсе түсті бойымыз.
Қандық талай сырға біз,
Шарықтады ойымыз.
Ән саламыз би билеп,
Жырдан шашу төгілді


Әділет:


Аязды келіп қыс
Алғашқы қар ұшты
Аппақ болып үстіміз
Ақ қырау жабысты.
Аяз ата жол салып,
Ақ боранмен алысқан.
Балаларға базарлық,
Алып келді алыстан



Айзере:
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіт, сағынған,


Мансур:
Ақ таяғын таянып,
Таңмен бірге оянып
Аяз ата келіп тұр
Ақ күпіге оранып,
Ал балалар билейік,
Ойнайық та, күлейік.
Аяз ата қуансын.
Муслим:
Келді тағы жаңа жыл
Қуантумен біздерді!
Құтты болсын қуаныш,
Құттықтаймыз сіздерді!
Нұрландырып маңайды
Шырша шамы жағылсын!
Жаңа жылдың құрметіне
Ақ тілектер ағылсын!
Тәрбиеші: Ендеше, балалар тағы бір тамаша ән шырқап жіберейік.
Ән: «Жаңа жыл келді» хор
Тәрбиеші: Аяз Ата бугін біз ән айттық, би биледік, сіз бізге сыйлық бересіз бе?
Аяз Ата: 
Жаңа жылда, балалар, тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан, мықты болу өзіңнен.
Ақшақар:
Жаңа жылда, балалар, тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық қастарыңда болмасын.
Сау болыңдар, балалар
Аяз Ата: Өте әдемі өнерлі балалар екенсіңдер, сіздерге сыйлығымды берейін. Аяз Ата мен Ақшақар балаларға сыйлық таратып қоштасып кетеді.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл жылға арналған мерекеміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет