Тақырыбы: Оңтүстік және Оңтүстік –Шығыс Азия елдері. Орталық және Шығыс Азия елдері Мақсат-міндеттер: Білімділік мақсаты



Дата08.07.2017
өлшемі45,53 Kb.
#20915
түріСабақ
Тақырыбы: Оңтүстік және Оңтүстік –Шығыс Азия елдері. Орталық және Шығыс Азия елдері

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Азияның Оңтүстік және Оңтүстік –Шығыс Азия, Орталық және Шығыс Азия елдері аймақтары мен елдерінің өзіндік ерекшеліктері туралы оқушылардың білімін қалыптастыру және олардың табиғатындағы ерекшеліктердің себептерін көрсету.

Дамытушылық мақсаты – Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, Дүние жүзінің саяси картасы, Азияның саяси картасы

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (20 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (30 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (30 мин)

V кезең – үй тапсырманы беру (3 мин)

VІ кезең – бағалау кезеңі (3 мин)

VІІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.

ІІ

Мұғалім үй тапсырмасын тексергенде ең алдымен балалардың кескін карталарын тексереді және балалардан тарихи-географиялық аймақтарды сұрайды. Сосын тапсырмаларды тексеріп, Азия қандай тарихи-географиялық аймаққа бөлінетінін және оның ішінде Оңтүстік Батыс Азия аймағының шекаралары мен оның географиялық орнын сұрайды. Одан кейін бұл аймаққа кіретін мемлекеттерді атап көрсетіңдер деп айтады.

Ең алдымен мұғалімге кескін карталарын көрсетеді, сосын тақта алдына шығып, барлық тарихи-географиялық аймақтарды саяси картада көрсетеді. Одан кейін оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді: Азия табиғаты мен шаруашылық сипатына қарай Оңтүстік-Батыс Азия, Оңтүстік Азия, Орталық және Шығыс Азия, Солтүстік Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия аймақтарына бөлінеді, Оңтүстік-Батыс Азия елдері шекарасы Кіші Азия, Арабия түбектері мен Иран таулы қыраттары арқылы өтеді. Құрамына Түркия, Кипр, Иран, Ирак, Ауғанстан, Сирия, Израиль, Ливан, Палестина, Иордания, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі, Йемен, Оман, Катар, Бахрейн, Кувейт мемлекеттері кіреді.

ІІІ

Ең алдымен мұғалім Оңтүстік және Оңтүстік–Шығыс Азия елдері, Орталық және Шығыс Азия елдерінің географиялық орны мен табиғат ерекшеліктеріне сәйкес бұл аймақтар сәйкесінше Азияның оңтүстік және оңтүстік–шығыс, орталық және шығыс бөліктерін алып жатқандығын айтып, бұл аймақтарды көрсетеді.

Бұдан кейін жеке аймақтарды өз беттерінше оқып үйренуге тапсырма береді. Жеке аймақтарға сипаттама беруде Еуропа елдерінде берілген жоспар бойынша жұмыс істеуді одан әрі жалғастырады.

1. Шекаралары мен құрамы

2. Аймаққа кіретін мемлекеттер

3. Табиғат жағдайлары

4. Халқы, олардың тұрмыс жағдайлары

5. Шаруашылығы

Ал ол үшін мұғалім оқушыларды төрт топқа бөліп, балаларға тарихи-географиялық аймақтарды бөліп береді.



Ең алдымен Оңтүстік және Оңтүстік–Шығыс Азия елдері, Орталық және Шығыс Азия елдерінің географиялық орны мен табиғат ерекшеліктеріне сәйкес бұл аймақтар сәйкесінше картадан тауып, олардың географиялық орналасудың принциптерін анықтайды.

Оқушылар берілген жоспар бойынша Дүние жүзінің физикалық картасы, Дүние жүзінің саяси картасы, Азияның саяси картасы мен оқулық мәтінін пайдалана отырып, Оңтүстік және Оңтүстік–Шығыс Азия елдері, Орталық және Шығыс Азия аймақтарына сипаттама береді.

Сосын төрт топқа бөлініп, өздерінің аймақтарын жан-жақты талдайды.


ІV

Тақырыпты бекіту кезеңінде мұғалім оқушылардың сипаттамаларын тыңдап, сұрақтар қою арқылы олармен бірге аймақтарды жан-жақты талдайды.


Тақырыпты бекіту кезеңінде оқушылар топ-топ болып шығады да, өзінің тарихи-географиялық аймаққа сипаттама береді, яғни оның географиялық орнын айтып, картаға көрсетеді. Сосын топтың екінші баласы аймақтың мемлекеттерін көрсетеді, үшінші бала табиғат жағдайлары туралы айтады, халқына тоқталады. Өзінің аймағын сипаттап болған соң, оларға басқа топ балалары сұрақтар қояды. Сосын сөйтіп, екінші топ өз аймағын сипаттайды және т.с.с.

V

Үй жұмысы:

1. §27, 28 оқып, мазмұнын айту.

2. Тапсырманы аяқтау.

3. Кескін картаға Азияның тарихи-географиялық аймақтарын түсіру.



Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.



Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктерін береді.

VІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет