Тақырыбы: Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың жаңа педогогикалық технологиялар ерекшеліктерін үйрене отырып,мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыру. Мақсаты



Дата04.07.2018
өлшемі34,86 Kb.
#47002
Тақырыбы:

Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың жаңа педогогикалық технологиялар ерекшеліктерін үйрене отырып,мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыру.

Мақсаты:

Оқу-тәрбие үрдісін инновациялық нұсқада ұйымдастыру арқылы мұғалімдердің құзыреттіліктерін қалыптастыру, дамыту.

Міндеттері:

  • Заман талабына сай іскер,білімді,жаңашыл,шығармашыл,ізденімпаз кәсіп иесін қалыптастыру.

  • Әдістемелік бірлестік жұмысын практикада жүйелі ұйымдастыру.



Алғы сөз:

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында».

Н.Назарбаев

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек,жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрган келелі мәселе – білім беру,ғылымды дамыту,өркениет біткеннің өзегі,білім,ғылым,тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы - мектеп,ал мектептің жаны - мұғалім екендігі баршаға мәлім.

І кезең: Ұйымдастыру дайындық кезеңі

Мақсаты:Орталықтарды нормативті құқықтық құжаттармен қамтамасыз ету.

ІІ кезең:Жүзеге асыру кезеңі

Мақсаты:Әдістемелік жұмыстың тиімділігін арттыру,білім берудің жаңашыл жүйесін құру.

ІІІ кезең:Жинақтау-қорытындылау кезеңі

Мақсаты:Орындалу деңгейі мен сапасын бақылау, бағалау.

Математика мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік қызметті ұйымдастырудың негізгі бағыттары:

  1. Ұйымдастырушылық инновациялық бағыт.

  2. Ғылыми әдістемелік бағыт.

  3. Консультациялық бағыт бағдар, ақыл кеңес беру бағыты.

  4. Ақпараттық технологиялық бағыт.

  5. Талдау бағыты .

Ұйымдастырушылық инновациялық бағыт:

  • Апталықтар ұйымдастыру .

  • Әдістемелік бірлестік жоспарын құру, талдау, жасау.

  • Мектепішілік бақылау мен тексеру.

  • Жас ұстаздарға практикалық көмек, тәлімгер бекіту.

  • ҰБТ-ға және МАБ-қа дайындық .

  • Мектептен тыс қоғамдық шараларға мұғалімдерді тарту.

  • Ұстаздардың біліктілігін көтеру жөнінде курстар ұйымдастыру .

Ғылыми әдістемелік бағыт:

  • Ғылыми –әдістемелік әдебиеттерге сараптама жасау.

  • Мұғалімдердің өз проблемалық тақырыбы бойынша зерттеушілік қызметпен айналысуына ықпал ету.

  • Конференцияларда баяндама оқу, авторлық бағдарлама дайындау.

  • Мұғалімдерге зерттеушілік, ізденушілік іспен айналысуына ғылыми жоба қарғауына мүмкіндік тудыру.

  • Жетекші ретінде проблемалық тақырып бойынша шығармашылық есеп дайындау.

Консультациялық бағыт бағдар, ақыл кеңес беру бағыты:

  • Белгілі бір мәселе бойынша проблемалық топтарға бөліну.

  • Жаңа педагогикалық және психологиялық зерттеу нәтижелерін түсіндіру және тарату.

  • Жас ұстаздарға көмек көрсету .

  • Мұғалімдердің сабақтарына кіру талдау, пікір айту.

  • Өз сабағын талдай білуге үйрету.

Ақпараттық технологиялық бағыт:

  • Интернетке ену, оқу тәрбие саласы бойынша сайттарға шолу жасау.

  • Электрондық оқулықтармен жұмыс.

  • Компьютерлік сауаттылықты тереңдету, өзге елдердің озық іс-тәжірибесін оқып, үйрету.

  • Педагогикалық кадрлардың компьютерді , ақпараттық технологияларды игеруін қадағалау.

Талдау бағыты :

  • Кеткен оқу жылының әдістемелік жұмыс жоспарын талдау, кемшіліктер мен жетістіктерін анықтау.

  • Мұғалімдердің сандық және сапалық құрамы туралы мәлімет.

  • Оқу сапасын талдау.

  • Оқу тәрбие жұмысы бойынша қол жеткізген жетістіктер жөнінде ақпараттар.

  • Мұғалімдердіңсабақта-рына әдістемелік, психологиялық, дидактикалық тұрғыдан талдау жасау.

Білім беру үрдісін зерделеу және мониторингісі

  • Оқу-тәрбие үрдісін диагностикалау,білім сапасының мониторингі.

  • Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру,талдау.



НӘТИЖЕ

ШЫҒАРМАШЫЛ ҰСТАЗ- ЗАМАН ТАЛАБЫ

«Маған жақсы мұғалім бәріненде қымбат, өйткені мұғалім-мектептің жүрегі (Ы.Алтынсарин)

1.Едилова Алия Мажитовна-математика пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік жетекшісі.
Математика пәнінің І – санатты мұғалімі. Еңбек өтілімі – 24 жыл.


Оқыту әдісі – дамыта оқыту.

Тақырыбы: «Жаңа педогогикалық технологияның элементтерін қолдана отырып математиканы оқыту».

«Алгебра пәні бойынша құрастырылған тестілік тапсырмалар» жинағы ОблБАИ-да бекітілді.2011ж.

Облыстық тамыз кеңесінде «Математика пәнін бастауыш, негізгі және жалпы орта мектепте оқытудың сабақтастығы» тақырыбында баяндама жасады. 2011ж.

Қалалық семинарда «Жаңа ақпараттық технологиялық әдістерді қолдану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.»десант сабақ. 2011ж.

Шәкірт ойы «Әлия туралы аңгіме». « Маңғыстау» газеті,2007жыл.

Әбдіссаламова Д. 5-сынып “Ақбота-2011” марафоны.ІІІ орын,Жәнібек А. 5-сынып «Ақ бота -2011» марафон. ІІІ орынды иеленді.

«Атамекен слеті»2007жыл І Іорын Дариева Динара иеленді.

Жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім берудегі жетістіктері мен жемісті еңбегі үшін қалалық білім бөлімі «Құрмет грамотасы».2009жыл.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жыл,мектептің 25 жылдық мерейтойына орай кәсіподақ өміріне белсене қатысқаны үшін,ұстаздық тәлімі мен тәрбиесін жас ұрпақты ел өмірінің ертеңіне дайындаудағы ерен еңбегі үшін қалалық кәсіподақ ұйымы «Құрмет грамотасы».2011жыл.
ҰБТ оқушыларды сапалы дайындаған үшін мектеп әкімшілігі «Алғыс хат».2008жыл


«Жыл сынып жетекшісі-2002» жеңімпазы,ІІІ орын.


2. Абилдиева Қаламша Кенжебаевна- Математика пәнінің І – санатты мұғалімі. Еңбек өтілімі – 47 жыл.Оқыту әдісі – деңгейлік технология элементтерін қолдану.

Өзінің ізденгіштігімен, тәжіриебелілігімен, теориялық білімділігімен қызмет істейтін мұғалім. Ол өткізген көрнекі ашық сабақтар,сыныптан тыс сабақтар,факультативтік сабақтар,тақырыпты қамтумен,тиянақты нәтижелілігімен жақсы әсер қалдырып жоғары деңгейде өтеді.

Тақырыбы: «Математика пәнін тереңдетіп оқытуда жаңа технологиялық элементтерді қолдану».

«Кеңейтілген сынып 5-7 сынып бағдарламасы» авторлық бағдарламасы ОблБАИ-да бекітілді. 2012ж.

Ұстаз еңбегі туралы « Маңғыстау мұғалімі» газетінде Г.Қанатбаеваның мақаласында айтылып өтті.«Өмірін ұстаздыққа арнаған»2011жыл.

«Шәкіртсіз-ұстаз тұл » демекші ,қашаннан жаны жақсы жаңалыққа, педагогикалық ізденіске тынымсыз ұмтылатын апай өз шәкірттерімен де мақтана алады. Жарылғапова Ә. 8-9 сынып Қалалық пәндік Олимпиада-2010,2011. ІІІ орын, Оғлан Н. 5-сынып “Ақ бота-2011”. ІІІ орын, Алшынбеков М. 6-сынып«Сәйгүлік-2010». ІІІ орынды иемденіп, ұстаз мерейін өсірді.

Құрмет грамотасы:
Жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім бергені үшін қалалық білім бөлімінің және қала әкімінің «Құрмет грамотасы»марапатталған.2009жыл,2011жыл.


3.Махмудова Гульжихан Хажмединовна-математика пәні мұғалімі.
Математика пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі.Еңбек өтілімі - 35 жыл.


Оқыту әдісі – дамыта оқыту.

Тақырыбы: «Виды самостоятельных работ на уроках математике».

Облыстық семинарда «Жаңа ақпараттық технологиялық әдістерді қолдану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру»ашық сабақ. 2009ж.

«Карточи к зачету» және «Серию уроков по математике»жинақтары бекітілді.

Қалалық кәсіподақ ұйымының «Құрмет грамотасы»марапатталған.2011жыл.


4.
Нугманова Надежда Владимировна-математика пәні мұғалімі.
Математика пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі.Еңбек өтілімі - 30 жыл.


Оқыту әдісі – дамыта оқыту.

Тақырыбы: «Стандартты емес есептерді шығару жолдарын уйрету».

Математикалық жұмбақтар,диктанттар,логикалық есептер,тест арқылы оқушы білімінің сапасын арттырып,пәнге қызуғышылығын күшейте біледі.

Бірлестік отырысында « ҰБТ-ға оқушы дайындау жолдары» атты баяндама жасап,жас ұстаздарға өз тәжіриебесін ұсынды.

7-сынып «Алгебра пәні бойынша құрастырылған бақылау жұмыстары»ОблБАИ -да бекітілді. 2011ж.

9-сынып «Алгебра пәні бойынша құрастырылған бақылау жұмыстары»ОблБАИ -да бекітілді. 2011ж.

«Маңғыстау мұғалімі» газетінде мақаласы жарияланды.2011жыл.

Шәкірті Артемев В . 9-сынып Пәндік олимпиада-2011жылы ІV орынды иеленді.

Қалалық білім бөлімінің «Алғыс хаты» және қалалық кәсіподақ ұйымының «Құрмет грамотасы»марапатталған.2009жыл,2011жыл.


5. Тасымова Талигат Идаятовна-
математика пәні мұғалімі
Математика пәнінің І – санатты мұғалімі. Еңбек өтілімі –17 жыл.


Оқыту әдісі – Ж.А.Қараевтың үш деңгейлік оқыту технологиясын элементтерін қолдану.

Талиғат – математика пәнін оқытудың қырларын жетік меңгерген,өз жұмысының қорытындысын өзгелерге тамаша көрсете білетін шебер мұғалім.

Тақырыбы: «Жаңа педогогикалық технология пайдалану арқылы математика пәнінен оқушының өз бетімен шығармашылық қабілетін арттыру».

«Математик пәні бойынша құрастырылған бақылау жұмыстары»АҚБҮО-да бекітілді. 2009ж.

Облыстық семинарда «Жаңа ақпараттық технологиялық әдістерді қолдану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.»ашық сабақ. 2009ж.

« Интерактивтік технология – ақпараттық-коммуникациялық технология »атты мақалада Облыстық семинарда ашық сабақ өткізген мұғалім Тасымова Т. « Маңғыстау мұғалімі» газеті,2009жыл 27ақпан

Шахиева Г;Жазымбаева М; Айтыманова Г; Халықназаров Р; Азаматов Н; 10-сынып «Пирамида» тобы КТБ байқау-2011жыл. ІІ орын, Бақтыгереева А. 7-сынып “Кенгуру-2010”.ІІ орын, Сұлтанова А; Нұрманова Ұ. «Сандар тізбегі»ғылыми жоба . ІV орын, Есжанова А. 8-сынып Қалалық “Кенгуру-2010”. ІІ орынды иеленді.

Қалалық кәсіподақ ұйымының «Құрмет грамотасы»марапатталған.2011жыл.
Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында өткен қалалық математикалық «Көңілді,тапқырдлар,білгірлер»байқауына «Пирамида»тобын дайындағаны үшін қалалық білім бөлімі «Алғыс хат»марапатталған.2011жыл.


«Жыл мұғалімі-2004» жеңімпазы,ІV орын.


6.
Нуржанова Амангул Диханбаевна-математика пәні мұғалімі.
Математика пәнінің І – санатты мұғалімі. Еңбек өтілімі –26 жыл.


Оқыту әдісі – дамыта оқыту,ойын арқылы оқушыны бағыттау.

Тақырыбы: «Математикада халықтық педогика элементтерін қолдану».

Халықтық педогика элементтерін қолданып,ойын-сабақ,сайыс-сабақ,саяхат-сабақ,аукцион-сабақтар өткізді.

Пән апталығында өткізген «Білім бержасы»сайыс-сабағы өз ерекшелігі,түрлі қызметтері және өз шеберлігі бар екенін байқатты.

ҰБТ-ға оқушыларды сапалы дайындаған үшін қалалық білім бөлімі «Алғыс хат»марапаттады.2011жыл.


7.Рахманова Алмаш-математика пәні мұғалімі.
Математика пәнінің ІІ – санатты мұғалімі. Еңбек өтілімі –22 жыл.


Оқыту әдісі – дамыта оқыту.
Тақырыбы: «Жаңа технология элементтерін қолдана отырып,оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау қабілетін арттыру».


Алмаштың теориялық білімі,өз ісін жетік меңгергені ол өткізген ашық сабақтардан,тәрбие сағаттардан,баяндамалардан анық көрінеді. Мұғалім өз ісінің нәтижелі болуына ұмтылады.Өз сабақтарды интерактивтік тақтаны,электрондық оқулықтарды пайдаланады.

«Мәтінді есептерді шығару практикумы» ;

«Кенгуру олимпиадасының есептер жинағы» АҚБҮО-да бекітілді. 2011ж.

Рахманова А. «Қысқаша көбейту формулаларын қолдану тақырыбын қайталау »сабақ жоспары жарияланды. « Маңғыстау мұғалімі» газеті,2011жыл 31 қаңтар.

8.Махамбетова Күміс Аккожаевна-математика пәні мұғалімі.
Математика пәнінің ІІ – санатты мұғалімі. Еңбек өтілімі –30 жыл.
Мақтау қағазы:ҚР.-2011жыл.
Алғыс хат:ОблБАИ-2012жыл.
Тақырыбы: «Оқушыларға есеп шығарудың тиімді жолдарын үйрету».


9. Атшыбаева Гульбану Балгазиевна-математика пәні мұғалімі.
Математика пәнінің ІІ - санатты мұғалімі.Еңбек өтілімі - 12 жыл.
Тақырыбы: «Жаңа технология элементтерін қолдана отырып,оқушылардың пәнге кызуғышылығын арттыру».


10. Джунаева Ұлым Кимкаевна-математика пәні мұғалімі.
Математика пәнінің санатсыз мұғалімі.Еңбек өтілімі – 2 жыл
Тақырыбы: «Сабақта ойын элементтерін қолдану арқылы оқушылардың есеп шығару қабілетін арттыру».



11.Сайфекенова Жамиля Еркіновна-
математика пәні мұғалімі.
Математика пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі.Еңбек өтілімі - 26жыл.
Тақырыбы: « Математиканы этнопедагогикамен байланыстыра отырып оқушылардың қызығушылығын арттыру».



Күтілетін нәтиже :

  • Ғылыми негізде қызмет жасауға қабілетті,шығармашылық ізденісі мол қабілетті маман дайындау.

  • Мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынасты жаңаша құруға , олардың бірігіп шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ету .

  • Жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру

  • Қабілетті және құзыретті, мәдениетті, білімді кәсіби маман қалыптастыру.

Мұғалім қоғам айнасы, мұғалім оқытушы, мұғалім ұстаз, мұғалім оқулық авторы, мұғалім технолог, мұғалім жаңалықты таратушы, дәріптеуші болу керек.

Сөзімді қортындыласам, білім-әр адамның ақыл-ойы мен өмір танымын

қалыптастырушы тірек. Сондықтан қазіргі мектептегі бірлестік жетекшісінің жұмысына белгілі бір нәтижеге жету үшін қойылатын бүгінгі заман талабы – өзіндік ой-тұжырымы бар, логикалық ойлау қабілеті дамыған, өз көзқарасы мен пікірін ашық айта алатын, ақпараттар ағымынан қажетін іріктеп ала білетін, қоғамдық ортаға икемді, өз жолын дұрыс таңдай алатын жас ұрпақ тәрбиелеудің, бірлестік мүшелерін ұйымдастырып, топтастыру.

Мектептегі әдістемелік жұмыстарды жүйелі жүргізіп, жаңаша жоспарлау оқу-тәрбие үрдісінің сипаты мен мұғалімдердің шығармашылық деңгейлерінің артуына көп септігін тигізері сөзсіз.

№16 орта мектеп



Шығармашылық тұғырнама

Тақырыбы:

Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың жаңа педогогикалық технологиялар ерекшеліктерін үйрене отырып,мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыру.

Дайындаған: бірлестік жетекшісі Едилова Ә.М.



Ақтау

2012 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет