Тақырыбы: Оқушылардың өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары


Жас кезеңдері, олардың сипаттамасы және жас ерекшеліктері



бет3/4
Дата08.11.2022
өлшемі21,31 Kb.
#157016
1   2   3   4
Байланысты:
Анатомия 3-ағымдық тапсырма Ғ.Ақниет

2. Жас кезеңдері, олардың сипаттамасы және жас ерекшеліктері
Адам жасының кезеңдері. Оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырғанда балалардың жасын белгілі бір топқа бөлуге тура келеді, яғни әртүрлі жастағы балаларды бір топқа қосады. Ол топтардағы балалардың жасын белгілі бір мөлшермен шектеу қажет. Осыған байланысты адам өмірін бірнеше жас кезеңдеріне бөлу қажеттілігі пайда болады.
Өсу жас кезеңдері деп өсу мен дамуыға ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегін айтады. Белгілі бір жас кезеңінде организмнің даму дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі деңгейге дайындалу мерзімі басталады. Осыны ескере отырып 1965 жылы адам организмін зерттейтін түрлі ғылымдар өкілдерінің (физиологтар, гигиенистер, дәрігерлер, педагогтер, психологтар, философтар, генетиктер т.б.) қатысуымен Мәскеу қаласында болған дүние жүзілік жас кезеңдерінің шағын жиналысында адамның барлық өмірін 12 кезеңге бөлген:
1.Жаңа туған сәби (алғашқы 10 күн өмірі);
2.Емшектегі сәби (10 күннен 1 жасқа дейін);
3.Алғашқы балалық шақ (1-3 жас);
4.Бірінші балалық шақ (4-7 жас);
5.Екінші балалық шақ (қыздар 8-11 жас, үлдар 8-12 жас);
6.Жеткіншек немесе жасөспірімдер (қыздар 12-15, ұлдар 13-16 жас);
7.Кәмелеттік немесе жігіттік бойжеткендік (қыздар 16-20, жігіттер 17-21 жас);
8.Кемелге келу немесе ересектік мерзімнің 1-ші жартысы (әйелдер 21-35, ерлер 22-35 жас);
9.Ересектік мерзімнің 2-ші жартысы (әйелдер 36-55, ерлер 36-60 жас);
10.Егде жас (әйелдер 55-74, ерлер 60-74 жас);
11.Қариялар немесе кәрілік (әйелдер мен ерлерде бірдей 74-90 жас);
12.Ұзақ өмір сүрушілер (90 жастан әрі қарай).
Бұған қоса, балаларды тәрбиелеу, үйрету жөне оқыту жағдайларын ескеріп педагогтар келесі жас кезеңдерінің топтарын ұсынды:
1.Жаңа туған сәби (1 ай);
2.Емшектегі сәби (1 айдан 1 жасқа дейін);
3.Жас немесе балбөбектер тобы (1 — 4 жас);
4.Мектепке дейінгілер тобы (5-7жас);
5.Мектеп жасындағылар:
6..Бастауыш сыныптағы оқушылар (7-11жас);
7.Ортаңғы сыныптағы оқушылар (11-14 жас);
8.Жоғарғы сыныптағы оқушылар (14-18 жас).
Әрбір жас кезеңдерінің белгілі бір ерекшеліктері болады. Бір кезеңнен екінші кезеңге ауысу уақытын «өзгеру мезгілі» немесе ауысу мерзімі деп атайды. Өзгеру мезгілі әр кезеңде де ауыр, организм көп күш жұмсайтын кез, ол денедегі біртіндеп жиналған өзгерістерге жаңадан бейімделу уақыты. Сондықтан өзгеру мезгілінде адам организмі біршама әлсіреп, сыртқы ортаның жағдайларының өзгерістерін қиналып өткізеді. Бұл кезде жүрек, қан тамырлары мен жүйке жүйелеріне түсетін салмақ ауыр болады. Өзгеру мезгілін басынан өткізу адамның жасы ұлғайған сайын қиын болады. Жас кезеңдерінің уақыттары әр түрлі шектелген. Ол организмнің биологиялық көрсеткіштеріне негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет