Тақырыбы: «Педагогика ғылым саласы ретінде» Қабылдаған: Абдуллина г орындаған: Тұрсынбек а тобы: ппм-111


Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы



бет3/4
Дата13.12.2022
өлшемі34,87 Kb.
#162511
1   2   3   4
Байланысты:
Пед.Бөж Тұрсынбек Аяулым

2. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы 


Философия - табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдарын, түбегейлі мәселелерін зерттейді, өмір шындығын танып-білу жөніндегі көзқарастың негізгі жүйесі болып табылады, адамды күшті идеялық сенімге, айқын түсіне білушілікке тәрбиелейді. 
Ғылыми философия тұрғысынан қарағанда, мысалы, теріске шығару зақының мәнін былайша түсіндіруге болады: ескінің орнын жаңа басады, дамудық бір кезеңі екінші кезеңімен ауысады. Мысалы, қоғамның тарихи даму барысында бір формация екінші формациямен ауысады. Ғасырлар бойы табиғи дамудық негізінде жануарлар мен өсімдіктердің ескі түрлерін жаңа түрлері теріске шығарады. 

Ғылыми философия әр түрлі заттарды, құбылыстарды, оқиғаларды терең және жан-жақты зерттей білуді талап етеді. Сондықтан ол басқа ғылымдар сияқты педагогиканы диалектикалық әдіспен қаруландыра отырып, тәрбие және оқыту мәселерін ғылыми тұрғыдан шешуге көмектеседі. 
Кейбір жалпы мәселелер философия мен педагогика ғылымдарының бірігіп зерттеуін қажет етеді.Оларға тәрбиедегі жұртшылықтың рөлі, адамды қалыптастыруды тұқым қуалаушылықтың, ортаның және тәрбиенің рөлі, т.б. жатады. 

Педагогика психологиямен тығыз байланысты. Педагогика тәрбие мен дидактика мәселелерін әр уақытта психологиялық ғылыми мәліметтерге сүйене отырып зерттейді. 
Егер психология психикалық процесті (түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау, т.б.) және адамның дербес ерекшеліктерін (темперамент, мінез, қабілет), демек, адам психологиясының даму заңдылықтарын зерттейтін болса, ал, педагогика осы мәселелерді терең пайдалана отырып, адамды қалыптастыру үшін тәрбие мен оқыту және білім берудің тиімді әдістері мен құралдарын анықтап ашады. 
Мектептегі білім және тәрбие беру жүйесінің негізі жас ерекшелігі физиологиясы ғылымына байланысты. Мұғалім балалар ағзасындағы жоғары жүйке қызметін, тыныс алу және қан және жүрек-тамыр жүйесінің физиологиялық ерекшеліктерін жете білуі қажет. Ол осы мәліметтерге сүйеніп, тәрбие мен оқу процесін, әсіресе, дене тәрбиесінің практикалық және теориялық мәселелерін дұрыс шешу жолдарын іздестіреді. Жас ағзаның дамуы барысындағы анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерді, әсіресе жоғары жүйке қызметінің негізгі заңдылықтарын (қозу, тежелу) жете түсіну педагогикалық процесті ойдағыдай басқарудық негізі болады. 
Педагогика ғылымы мектеп гигиенасымен тікелей байланысты. Мектеп гигиенасы – жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту және дамыту жайындағы ғылым. Оқушылардың денсаулығы әр түрлі факторларға байланысты. Мектеп ғимаратында, сынып бөлмелерінде ауаның жеткіліксіз болуы оқушыларды бас ауруына, жалпы әлсіздікке, демек түрлі сырқатқа ұшыратады. Жарықтың нашарлығы баланың көзіне әсер етіп, көру мүшесінің қызметін нашарлатады. Осылардың нәтижесінде балалар сабақ үстінде селқос, сылбыр болып, зейіні нашарлап, ойлау қабілеті төмендейді. Бұл жағдай үлгермеушілікті туғызады. 

Педагогика ғылымы тәрбиеге байланысты этнографиялық және археологиялық деректерді пайдаланады. Этнография ғылымы – белгілі бір халықтың экономикасын, қоғамдық және рухани мәдениетін, тұрмысын зерттейді. 
Археология - өткен ғасырдағы ескерткіштер арқылы халықтардың әдет-ғүрпын, мәдениетін зерттейді. 
Соңғы кезде педагогика ғылымы кибернетика жетістіктерін де пайдалана бастады. 

Кибернетика - (грек сөзі) - басқару өнері. Кибернетика – жас ғылым, ол XX ғасырдық 40-жылдарының аяғында қалыптаса бастады. Кибернетика – күрделі машиналардағы, тірі ағзадағы және қоғамдағы процестердің жалпы заңдылыңтарын зерттеп басқаратын, олардағы ақпараттарды беретін ғылым. Кибернетиканың негізгі салалары: ақпарат теориясы, автоматтар теориясы, бағдарламалау теориясы. 
Әлеуметтану(социология) - ғылымы мен тығыз байланысыты. Педагогика ғылымы нақты мәселелерді зерттеп жинақтауға әлуметтану ғылымы әлуметтік ортаның адамға қатысын қарастырады. Жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесін қарастырғанда педагогика ғылымы әлуметтік ортамен тәрбие жайындағы мәліметтерді әлеуметтану ғылымы негізінде қарастырады. 
Психология- педагогика ғылымы психология ғылымымен тығыз байланысты. Психология психикалық үрдісті (адамның зейінін, ойлауын, есін, қиялын және адамның дербес ерекшеліктерін, темперамент, мінез, қабылдауын зерттейді), ал педагогика осы мәселелерді қолданып, жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру үшін пайдаланады.[5]
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет