Оқыту мен тәрбие процесін ажырамас бірлікте қарастыру идеясы XIX ғасырдың ортасында өмірге келді.
«Педагогикалық процес» ұғымын ғылымға алғаш рет 1904 жылы Петр Федорович Каптерев енгізді.
«Педагогикалық процес - өзінің табиғатында өзіне-өзі әрекет жасай алатын қоғамдық жеке тұлғанын жан-жакты жетілуі».
Ол педагогикалық процес пен тәрбиені үйлесімдікте, яғни педагогикалық процесті тұлғаның жан-жақты жетілу процесі ретінде карастырды.
П.Ф. Каптерев педагогикалық процесті әтүрлі кырлар мен құралдардан тұратын біртұтас қүбылыс ретінде түсіндіріп, оның оқыту, білім, тәрбие беру, үйрету, дамыту, бағыт беру, жандандыру, жазалау кезендері болатынын атап көрсетті
XX ғасырдың 20-жылдарында тәрбиенің заңдылықтары зерттеле бастады (Н.К. Гончаров, А.Г. Калашников).
Біршама кейін педагогикалык процестің құрамдас бөлігі оқыту процесі зандылықтарын В.И. Загвязинский, Г.И. Щукина, Н.И. Болдырев және т.б. өз еңбектерінде нақты ашып көрсетті.
XX ғасырдың соңғы жылдарында біртұтас педагогикалық процес заңдылықтарын М.А. Данилов, Ю.К. Бабанский, Б.Т. Лихачев, В.А. Сластенин сияқты ғапымдар педагогика әдіснамасы жетістіктеріне сүйеніп, зерделеді.
М.А. Данилов «Педагогикалық процес - көптеген процестердің ішкі байланыскан жиынтығы, оның мәні тәрбие аркылы адамның әлеуметтік құнды сапасына айналатындығы» деген анықтама береді.
Педагогикалык процестің негізгі сипаттамасы оның бір түтастығында.
Педагогикалық процестің барлық құраушылары бір мақсатқа бірігеді: білім берушілік, дамытушылык, тәрбиелік.
Педагогикалық процестің тұтастығы жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту, дамыту мақсаттарының бірлігі мен нақты оқу-тәрбие процесінің барысымен сипатталады.
Ю.К.Бабанский, В.А.Сластенин, Н.А.Сорокиннің «Педагогика» оқулығында педагогикалық процес кандай да біртұтас қасиеттерімен сипатталады:
тәрбие, білім беру, окыту, дамыту процестерін өзара органикалық бірлікте қарастырады
оқыту мен тәрбие әдістерінін бірін- бірі толықтыруына мүмкіндік береді, түпкі нәтижесі - тұлғаның бәсекеге қабілетті, инновациялық ойлауынын дамуына бағытталған тұжырымдаманы мектептегі педагогикалык процесте жүзеге асыру;
педагогикалық және оқушылар ұжымын тұтас жалпы мектептік ұжымға біріктіреді, тұтас мектеп ұжымы оқушының нәтижеге бағытталып дамуында субъект рөлін атқарады, педагогикалық үдеріске оның тұтастығын қамтамасыз ететін зандылықтары мен ұстанымдары тән», - деген тұжырым жасайды.