Тақырыбы: Педагогикалық әдеп және шеберлік Пәні


Педагогтік әдеп және қалыптасуы



бет8/10
Дата18.12.2021
өлшемі47,46 Kb.
#102808
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Байбосынова Альфинура Курсовая работа

2.3 Педагогтік әдеп және қалыптасуы


Қазіргі кездегі мектеп – оқушылар үшін ақпарат берудің бірден – бір көзі емес. Олар мектеп өмірі, мұғалімдер, оқушылар өмірі туралы оқиды, радио тыңдайды, телевизия хабарларын, кинофильмдерді көреді. Олар біздің мамандығымыздың құпияларымен, біздің қоғамымыздың оқушыларды тәрбиелеуге қоятын талаптарымен де таныс. Олар біраз жағдайда біздің қылықтарымызды бізден жақсы ажырата алады. Оларға біздің тарапымыздан қойылатын талаптың орынды болуын зейін қоя қадағалайды, олар біздің талаптарымызға сын көзбен қарауға да бар, тіпті келіспейтін кездері де болады. Сондықтан да біздің оқушылармен қарым-қатынасымыздың мәні ерекше. Оқушылармен дұрыс іскерлік және эмоциялық қарым-қатынас орнату – күрделі іс. Ол бізден жоғары шеберлікті, кәсіби білгірлікті, тиісті іскерлік пен дағдыларды қажет етеді. Ал біздің шеберлігіміздің аса маңызды бөлігі – педагогикалық әдеп пен педагогикалық тактика болып табылады.

Педагогикалық әдеп – мұғалім әрбір нақты жағдайда оқушыларға тәрбиелік әсер етудің бірден-бір тиімді құралын қолданатын арнайы педагогикалық іскерлік. Педагогикалық әдепке оқушылар жүрегіне педагогикалық жол табу деп те анықтама беруге болады. Оны оқушылардың сыртынан психологиялық бақылау жүргізу деп те атауға болады, өйткені педагогикалық әдептің өзі, К:Д.Ушинскийдің айтқанындай: “түптеп келгенде психологиялық әдеп”.

Педагогикалық әдепке және осы терминді қолдану өрісіне анықтама беру теорияда және педагогика практикасында үш түрлі көзқарасқа негізделеді:


  • жалпы адамзаттың әдептілікті сіңіру;

  • мұғалімнің жеке басының психологиялық ерекшелігі;

  • мұғалім шеберлігінің бір бөлігі.

Алғашқы екі көзқарас бойынша педагогикалық әдеп мұғалімнің оқушыларға деген сүйіспеншілігі, олармен сыпайы қарым-қатынасы, олардың қадірін біліп сыйлауы, қайырымдылық, ілтипаттылық, кеңпейілділік, шынайылық, ұстамдылық, байсалдылық, сенімділіксияқты мінез сипаттары және қасиеттері қатарында қарастырылады. Үшінші көзқарас бойынша педагогикалық әдеп оқушылармен қажетті қарым-қатынастар орнату және оны сол қалпында ұстай білудегі арнайы кәсіби іскерлік ретінде қарастырылады. Оған жалпы педагогикалық амал-тәсілдердің едәуір бөлігі, жекелеп айтқанда педагогтық техника да енеді.

Бұлайша ұғынғанда педагогикалық әдеп түптеп келгенде педагогикалық тактика болып табылады. Бұдан былай біз бұл екі терминді де қолданамыз. Оларды белгілейтін сөздердің шығу тегі түрлі болғанымен мазмұн ортақтығы мол:

такт латынша tactus – “жанасу, түйсіну” дегеннен,

ал тактика – грекше taktike – “тәртіпке келтіру” деген сөзден шыққан. Осы екі терминді пайдалану қажеттілігі бар ма?

Бар, өйткені біз көбіне бір терминді екіншісімен алмастырып жібереміз, педагогикалық тактикамен істес бола отырып, педагогикалық әдеп жайын айтамыз. Педагогикалық әдеп жағымды жақтан ғана қаралады. “Педагогикалық әдебі нашар” қайрымдылығы нашар, сыпайылығы нашар, балаларға деген сүйіспеншілігі нашар, т.б. деумен бірдей. Ал педагогикалық тактиканың тым күрделі – аса жақсыдан жаманға дейін, мейлінше жетілгендіктен қарадүрсінділікке тұқыртылған мәні болуы мүмкін. Әрбір мұғалім оқушылармен қарым-қатынаста белгілі бір тактиканы әрқашанда қолдана береді, бірақ онда педагогикалық әдептің болмауы да ықтимал. Былайша айтқанда мұғалімдердің бірсыпырасының оқушыларды бағындыруға, олардың қарсылығын тойтаруға бағытталған үркітулері, жазалаулары, ақылгөйлігі, дауыс көтеруі, т.б.жақсы болмаса да әрине өзіндік тактикасы, бірақ ол әсте де педагогикалық әдеп бола алмайды. Мұғалім оқушыларына ықыласты қарап, оларды қадірлеп, кеңпейілді, сақ, әдепті болғанымен олармен қоян-қолтық араласа алмайтын жағдай болады. Оның сабақтарында тәртіпсіздік үстемдік етеді, оқушылар үй тапсырмаларын орындамайды, айтқан ақылды тыңдамайды, шынтуайтқа келгенде оны сыйламайды. Мұндай мұғалімді әдептілігі жоқ деп кінәлауға болмайды. Онда әдеп бар. Бірақ оның тактикасы жетілмеген, тактикалық амал тәсілдері қоры аз, ұйымдастыру мен жүйелілік мүлде жоқ. Педагогикалық шеберлік тұрғысынан алғанда мұғалімнің мінез ерекшелігі ретіндегі әдептілігінің оның әрбір нақты жағдайда тиімді тактика таңдай білуінің үйлесімділігі мейлінше дұрыс болып табылады.

Жеке әңгімелескенде кейбір жолдастар “тактика” деген әскери терминді педагогика сияқты бейбіт ғылымға көшірудің керегі бар ма деген күдік білдірді. Өйте берсек, педагогикалық стратегиға да барамыз дейді олар. Мұндай күдіктің негізі жоқ шығар. А.С.Макаренконың тәрбие тәжірибесіне әскери өнердің кейбір элементтерін саналы түрде енгізгені мәлім. Оның үстіне тактика тек әскери ғана емес, философиялық, ғылыми, саяси термин. Сондай-ақ, педагогикалық та термин. Оқыту теориясында қазір “стратегия” термині кең де, тар да мағынасында қолданады. Мысалы, есеп шығару стратегиясы деп айтылып та жүр. Ал тактика – стратегияның құрамдас бөлігі. Сондықтан тактика ғана емес, стратегия да педагогикаға жат емес. “Тактика” термині оқушылармен қарым-қатынасымыз турасында әңгіме қозғалғанда педагогикалық әдебиетте де қолданылады. Тактиканың анықтамасында әдептің педагогикалық шеберліктің құрамдас бөлігі ретінде, оқушыларға әсер ету құралдарының белсенді қоры ретінде қарастырылатын педагогикалық әдеп анықтамаларымен бірегейлігі мол.

Осылайша ұғынылатын педагогикалық әдеп, менің бұрын айтып өткенімдей, нақты педагогикалық тактикаға, біздің стратегиямыздың нақтылы көріністеріне, оқушыларға ықпал етудің түрлі құралдарын іскерлікпен ұштастыруға және пайдалануға айналады.

Педагогикалық тактика мұғалімнен әскери тактика командирден нақты жағдайда бағдар табуды, бар мүмкіндіктер мен кедергілерді есепке алуды, тура және айналма жолдарды, қарсылықтың күткен және күтпеген формаларын, ықтимал нәтижелерді көре білуді, т.б. пайдалануды қандай талап етсе, сондай талап етеді. Әрине, оқу – тәрбие процесінде мұғалімдер мен оқушылар қарсыластар емес, қатысушылар. Олар өзара ынтымақта болады. Бірақ бұл ынтымақ тартыссыз бола бермейді. Оқушылар өзіндік тіршілік, мүдделерімен өмір сүреді, оларды біздің оқу және тәрбие талаптарымызға, алдағы алшақ жатқан мақсатқа сәйкес келмеуі мүмкін. Оқушылар үшін оқу мен тәрбие көптеген талаптармен, қолайсыздықтармен , шектелулермент.с.с. байланысты. Олар қарсылық көрсетеді, бұл қарсылық оқушылардың жан дүниесіндей өте күрделі болуы ықтимал. Қарсылық ашық та астыртын, саналы да санасыз, жалпы да нақты, белсенді де самарқау мүмкін.

Педагогикалық әдеп қайшылықты жағдайларда мейлінше қажет, бірақ оның негізгі қызметі – ондай жағдайлардың алдын алу, оқушылардың қарсылығын бәсеңдету. Педагогикалдық әдеп келісімпаздық, оқушыларға деген талап қаталдығын босаңсыту, олармен қақтығысудан икемдену емес. Талап қоя білмейтін мұғалімнің де, оқушыларға айқайлайтындар және өкпелететіндер сияқты, әдептілігі шамалы болады.

Біздер педагогикалық әдепке әрбір нақты жағдайда оқушыларға әсер етудің тиімді құралы ретінде педагогикалық тактика деп анықтама бердік. Сөйтіп, егер мен оқушылардың сеніміне ие болғым, олардың қарсылығын бәсеңсіткім, олардың көңілі мен ой-күйін игергім, өз жағыма тартқым, өз еркіме көндіргім және с.с.әрекет еткім келсе, біріншіден, жеткілікті мөлшерде әр түрлі тактикалық құралдар (тікелей қолданылатынынан жанама қолданылатынына дейін) қорым; екіншіден, оқушылардың қарсылық көрсетулерінің себептерін білуім; үшіншіден, олардың көңіл-күйін бағалай білуім; төртіншіден, менің әрекетіме қарсы әрекетті болжай алуым керек. Осыған байланысты мен өзімнің жалпы тактикамды ойластырамын немесе жеке тактикалық жолды таңдап аламын: нақты бір теріс қылықты белгілі мөлшерде айыптаймын, оған бей-жай қараумен шектелемін, байқамаған боламын, жағымды баға беремін,т.с.с.

Педагогикалық тактика бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Оны барлық жағдайда барлық педагогтар қолдана алатын белгілі бір нұсқауға, тіпті ережелерге айналдыру қиын. Оқушылармен тіл табысуды жолға қоюға, оларға әсер етудің әр түрлі құралдарын қолдануға жалпы кеңес беруге ғана болады. Олар сіздерге, әрине, белгілі. Мен тек еске түсіре кетпекпін.

 

Оқушылармен тіл табысуда , оларға әсер етудің әр түрлі құралдары.



Адамдық қадір-қасиетті құрметтеу. Сөз оқушылардың адамдық қадір-қасиетін құрметтеу жайында болып отыр. Педагогикалық әдеп мәнінің өзі адамды кемсітпеуде. Адамдық қадір-қасиет – адам бойындағы ең қымбат байлық. Біз оқушылармыздың, қоғамның болашақ құрылысшыларының бойындағы осы байлықтың әрбір бүршігін қызғыштай қорғауымыз керек. Оқушымен оның үлгерімі, тәртібі туралы сөйлесіңіз, екілік қойыңыз, екінші жылға қалдырыңыз, бірақ сөзбен де, көзбен де оның адамдық қадір-қасиетін қорламаңыз, оны күлкі етіп, мазақтамаңыз, ащы мысқылға үйір болмаңыз. Оқушыны қалай қатты ренжітуді емес, оған қалай жуысу, қалай көмектесу жолын ойластырыңыз.

Тәрбиесі қиын балалармен жүргізілген жұмыста олардың адамдық қадір-қасиетін кемсіту арқылы емес, керісінше оларды сүйемелдеу, көтермелеу, дамыту арқылы табысқа жетуге болады.

Ықпал жасау шамасы.Ықпал ету құралдарын пайдалану – медицинада дәрі-дәрмектерді жұмсаумен тең: оны дұрыс шамалай білу керек. “Көп болса, жақсы болады” принципі мұнда жарамайды.

Педагогикалық әдептің өзі көбіне шаманы сезіне білу ретінде де қарастырылады. Өйткені шамадан шығып кету әдептен озуға әкеліп соғады. Әдепті мұғалім – салмақты, ұстамды, байсалды (жақсымағынада айтқанда) болады. Ол мінез-құлықтың да, сөйлесудің де, әдет-қылықтың да, киім киюдің де тым қалыптан шығып кетуіне жол бермейді. Ол шамалап кейиді, шамалап кінәлайды, шамалап мақтайды. Бірақ кейісті тоқтататын, әзілді тежейтін, ақыл айтудан бұлтаратын сәтті қалайша дөп басып табасың? Міне, осы сәтті шамалауды – педагогтың өзі табуы, оны оқушылардың көздерінен, олардың назарынан, үнсіздігінен білуі, жайт-жағдайлардан ұғынуы, жалпы көңіл-күйден, жеке көріністерден сезінуі, ақыры тәжірибесі негізінде іштей сезініп түсінуі керек. Бұл мұғалімнің дара шығармашылығы. Сол шаманы сезінсе – табысқа қолы жетеді, сезінбесе – оның тактикасы ойдағыдай нәтиже бермейді. Олай болса, мүмкін, тәуекелге бармау үшін тәрбие құралының әрқайсысын ептеп қана (ептеп қана жеку, ептеп қана мақтау, т.б.) қолдану керек шығар? Тіпті де олай емес. Ондай қарым-қатынас біздің тәрбиелік құралдарымыздың әсерін шектейді. Бұл арада, тәжірибелі мұғалімдер сияқты бар мүмкіндікті сарқа пайдаланған жөн. Тәрбие құралдарын пайдаланудағы сақтық та шектен тыс болмауы тиіс.

Шешімге келу. Белгілі бір жағдайда ең қажетті шешімге келу – педагогтық тактикадағы ең басты нәрсе емес пе? Ал ең жақсы шешім – байсалды ойластырылған шешім болдып табылады. Ашу, ыза үстінде көбіне оқушылардың қылығына немесе жалпы тәртібіне сай келе бермейтін шешімдер қабылданады. Педагогта адам, сондықтан оның да бар сезімге, ашулануға, буырқануға қақысы бар. Кей жағдайда мұндай сезімдерді тежеудің қажеті де жоқ, ал кейде солай ету керек те болады. Істің мәні олардың формасы мен көрініс беруінің шамасында. Мұғалім өз сезімдерін шынайы (жоқ жерде сезім білдіргенсімей), бірақ “жалпы адам” ретінде емес, шебер-педагог ретінде білдіруі икерек. Сіз ренжіп тұруыңыз мүмкін, бірақ ол қалайда педагогикаға жат формада болмауы тиіс, – А.С.Макаренконың бұл кеңесінің мәні зор. Ал ашу кернеп бара жатса ше? Ең жөні – сабаға түсу, барынша өзіңді-өзің ұстау. “Өзіңнің не өзіңмен сөйлесіп тұрған адамның шамдана бастағанын байқасымен сөзді тоқтат” деп кеңес бередщі Л.Н.Толстой. Ашу-нашар кеңесші. Біз өзімізге қойылатын талапты білгенімізбен педагогикалық әдепті көбіне шамданған кезде бұзамыз. Ашуланғанда талап ұмыт қалады.

Көңіл қалдырмау. Көңіл қалдыру – адамдардың өзара қарым-қатысындағы бәлекет көзі. Ол ызаны қоздырады, кек тудырады, достарды араздастырады. Мектепте ол, атап айтсақ мұғалімдер мен оқушылар арасындағы көптеген қайшылықтардың, байлансытардың жоқтығының себепшісі. Көңілі қалған оқушы өзінің көңілін қалдырған мұғалімнің ешқандай талаптары мен кеңестерін іштей қабылдамайды. Көңіл қалдыру мұғалім мен оқушы арасында өзіндік психологиялық кедергі, ұзаққа созылатын психологиялық сыйыспаушлық тудырады. Көңілі қалған оқушы сырттай болмағанмен іштей сізге қарсы, ол сіздің шынайылығыңызға сенбейді, сіздің сөздеріңізге сезікпен қарайды, сіздің қайырым-ілтипатыңызға күмән келтіреді, сізден көңіл қалдырар жаңа қылық күтеді. Мұндай оқушымен байланысты қалпына келтіру қиынға соғады, бірақ ол бір кездерде өзінен-өзі қалыптасып кетеді деп күтуге де болмайды. Көңілдің қалуы әмәнде ізсіз өтпейді. Мұғалімнің өзінің кінәлі сіз бе, әлде оқушы ма, кінәлілігі үшін кешірімді оқушы бұрынырақ сұрай ма, әлде сіз сұрайсыз ба, тым санасып жатудың қажеті жоқ. Бұл мәселе әлдеқашан шешімін тапқан: кім әдептірек, кім тәртіптірек болса, кешірімді сол бірінші сұрайды. Оқушыдан дер мерзімінде кешірім сұрамау оны мұғалімнен жырақтатады, онымен ішкі байланысты салқындатады.

Оқушымен жеке әңгімелесу кезіндегі мінез-құлық. Оқушымен жеке сөйлесу – мұғалім шеберлігінің көрсеткіші. Ондай әңгімеге сабақтан кем дайындалмау керек. Оның жоспарын, барысын, өзіңіз оқушыға қояр сұрақтарды, сонымен қатар ол тарапынан болуы мүмкін сұрақтарды, ол сұрақтарға жауаптарды, сіздің сұрақтарыңызға оның берер мүмкін жауаптарын ойластыру қажет.

Әңгіменің аяқталу варианттарын міндетті түрде ойластырыңыз. Бәлкім, сізге оқушымен әңгімені “кешеуілдетуге”, кейінге қалдыруға тура келер. Сондықтан тиісті сылтауларды ойластыру қажет. Бұл – мұғалім айқайлап, оқушы үндемейтін, былайша айтқанда, екі жақ та өз пікірлерінде қалатын әңгімеден құтылуға көмектеседі. Бұған қолайлы жағдайда ғана қол жетеді. Ал әңгіменің қиюы келіспеген жағдайда оқушы өз қылығын ертеңіне, енді өз мұғаліміне ерегісіп, әдейі қайталауға бел байлайды.

Кінәлі оқушымен әңгіме барысында оның алдын-ала қорғану тәсіліне көшетінін және ол жай, қайшылықсыз жағдайда ықыласпен мойындай салардық дәлелдердің өзін жоққа шығаруға тырысатынын ескеру керек. Оқушы сіздің логикаңыз, сіздің өзіңізге әбден орынды көрінетін дәлелдеріңізге құлақ асудан гөрі, өзін қалай ақтаудың және осы әңгімені тағы қанша уақытқа созу жайын ойластырады. Егер мынадай тактикалық тәсіл қолдансақ: оқушының позициясына көшсек, не болар еді? Онда оқушыға қорғанудың қажеті болмай қалады да ол бар назарын мұғалім логикасына аударатын болады. Ал мұғалім болса, оқушы позициясынан дәлелденуі оңай, олқы жерлерін таба алатын болады. Оқушы позициясын бұзбауға, оның дәлелдерімен келісуге де болады, бірақ әңгімені, олқылықты оқушының өзі мойындайтындай логикаға тіреу керек.

Мұндай жолдар өте көп болуы мүмкін олардың педагогикалық әдепті бұзуға жетейлейтіндерін қолдануға болмайды.

Оралымды жолдар. Оралымды (тікелей емес) жолдарды пайдалануда педагогикалық әдеп педагогикалық тактикамен ұштасады. Әрине, сіздер, педагогикалық тактика, біз қандай бір тәрбиелік әсер ету шараларын қолдансақ та ол әрқашанда оқушыларға тәрбие беру мүддесіне бағындырылуы керек деп түсінесіздер.

Оқушыларға тікелей ықпал ету ылғи да тиімді бола бермейтіндігі белгілі. Ең жақсы тәрбие – оқушыларды өздеріне білдірмей, ықтиярымен тәрбиелеу. Басқа бірегей жағдайларда оқушылар үшін “”мен сені үйретейін деп тұрғаным жоқ

 Деу, “бар да оқы” дегеннен тәуірірек. Оқушылар мұғалімнің турашылдығын тұтас қабылдайды, бірақ оның тікелігін жатсынады. Сондықтан да оқушы “кездейсоқ” кездесулер мен әңгімелесулерде мұғалім алдын-ала белгіленген әңгімемен салыстырғанда өзін неғұрлым еркін ұстайды, сенгіш келеді. Оқушылар бұйрық, кеңес, құрғақ ақылдан гөрі өтінгенді жақсы қабылдайды. Мұғалімнің еппен, әдеппен аяғына дейін айтып шықпаған ойларын олар өз ойларындай көреді, ондай ойлар оқушы көзқарасына айналады. Осы тақылеттес, бірақ тіке, оның үстіне үзілді-кесілді айтылған ойды оқушылар қабылдамауы да мүмкін. Әдепті педагогтың оқушылары өз қалағандарын істейді, ал олары мұғалімге керектігінің өзі болып шығады.

Әдепті мұғалім оқушылардың бастама көрсетулерін шектемейді, тіпті қателікке ұрынарын сезсе де, оқушыларға күмәндана тұрып, сенім білдіреді. Әрине, оның тіктеу келетін кездері де болады, бірақ мұндай жайт мейлінше сирек ұшырасады. Әдепті мұғалім талап қойғыш, бірақ қазымыр болмайды. Оқушылар дәл осындай талап қойғыштық көбірек ұнатады.

Білімді бағалау. Оқушылардың басым көпшілігінде қанағаттанарлықсыз (немесе күткендегіден төмендеу) баға теріс сезім тудырады. Ал кейбір оқушылар үшін ол – барып тұрған қайғының өзі. Мұндай жағдайда оқушылар ерекше кінәмшәл, ал олардың көрінер көзге немкеттілігі – кейбір мұғалімдердің, дәл мұғалімдер тарапынан бой көрсетуі мүмкін әдепсіздіктен қорғану ғана, өйткені оқушылар жолдастарына сенімді, олар бірге күйінеді. Мұғалім де ондай оқушылардың күйінішіне ортақ болып, олардың қанағаттанарлықсыз бағаны уақытша сәтсіздік деп қабылдауларына көмектесулері керек. Оқушы сіздің қанағаттанарлықсыз баға қоюыңыздың өзінен сіз оны өшіге немесе рахаттана қоймайтыныңызды байқауы тиіс.

Педагогикалық тактика тұрғысынан ең жақсы баға – объективті (оқушылар сөзімен айтқанда -әділ ) баға. Төмен де, көтеріңкі де баға педагогикалық тактикаға жат. Оқушылардың білім көрсеткіші ретіндегі баға түрлі тактикалық сылтаумен өзгертіле алмайды. Бағалайтын ой-пікірлер арқылы ғана арылы-берілі орағытуға болады.

Көңіл күйі. Мерзімді басылымдарда: “Байқаңыздар – балалар бар!” деген тартымды атпен берілетін мақалалар жиі кездеседі. Қалаларда: “Мектеп” деген ескертпе белгілер ілініп қойылады. Мектепке кірер есіктің өзі, ләйім, осындай белгі болғай. Оның алдында бір сәт кідіріңіз, мектепке өз кейіс-ренішіңізді, босаңдығыңызды, бойкүйездігіңізді әкеліп тұрған жоқсыз ба, соны ойлап алыңыз. Егер көңіл күйіңіз нашар болса, оны табалдырықтан тыс қалдырыңыз. Оқушылар алдында мұғалім қалай болғанда да тек қана жайдары, қайратты және көңілі көтеріңкі болуы тиіс. Педагогтық кәсіп сыры осында.

Педагогтың көңіл күйі – оның тәрбиелейтін зор күш-қуаты. Кімде-кім мұғалім көңілін бұзса, ол оқушыларымыздың тәрбиесіне зиянын тигізеді. Өзіңіздің де, өз әріптестеріңіздің де көңіл күйіне абай болыңыздар.

Әзіл. Тапқыр сөз. Оқушылар әзілді сүйеді. Олардың біріне –бірі қандай тапқыр сөздер айтып жататандарына құлақ салып көріңіздер. Оқушылар әзілі – олардың ақыл-ой және жалпы өсуінің көрсеткіші. Олар үшін әзіл – рухани өсу қажеттілігі. Оларға әзілсіз өмір сүру қиын. Оқушылар кейде, шынын айтсақ, тапқыр сөзі үшін ащы таяқ та жейді, бірақ олар бәсеңсімейді.

Өзі әзілді сүйетін, тапқыр сөзді мұғаліммен оқушылар ықыласты араласады, оның қателіктерін, тіпті күрттігін де кешіре береді. Ал әзілге жоқ мұғаліммен араласу әлдеқайда күрделірек. Айта кету керек, ондай мұғалімдерде көбіне әдеп те шамалы болады. Оқушылардың әзіліне олар үсті-үстіне кінәлау, үркіту, дауыс көтеру, “тап қазір тоқтатыңдар!” деп талап қоюмен жауап береді. Егер сіз әзілге жоқ болсаыңз, ең болмаса сол кемшілікті әшкере ете бермеңіз. Бұл сізге басы артық қайшылықтан құтылуыңызға көмектеседі. Тапқыр сөзбен айтылған ескерпені орындамастан бұрын оқушылар сізге де дәл сондай тапқыр сөзбен жауап қайыруға тырысқанымен, оны әрдайым дерлік назардан тыс қалдырмайды.

Педагогтық әдеп пен педагогтық тактиканың оқушыларға ықпал ету мүмкіндіктері мол, оларды қолданудың өрісі кең. Сабақта және үзілісте, мектепте және мектептен тыс жерде, оқушылардың оқуға деген ынтасы мен моральдық көзқарастарын қалыптастыруда, сенімділік пен сыпайылыққа тәрбиелеуде, т.б. айнымас көмекшілеріміз



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет