Тақырыбы: «Пластикалық ыдыстардың адам денсаулығына пайдасы мен зияны»


Сапасыз ыдыс-аяқ қатерлі ісікке бастайды



бет17/19
Дата07.02.2022
өлшемі2,37 Mb.
#84875
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
«Пластикалық ыдыстардың адам денсаулығына пайдасы мен зияны»

Сапасыз ыдыс-аяқ қатерлі ісікке бастайды

Халқымыздың «аяғына (ыдыс) қарап, асын іш» деген сөзінің маңызы бүгінде күрт артып барады. Рас, бабаларымыз бұл сөзбен ыдыстың тазалығына көбірек тоқталса, бүгін одан бөлек сапасына да қатаң назар аудару қажет болып отыр. Өйткені республикалық СЭС мамандары көтерме сауда орындарындағы арзанқол керамика және фарфор ыдыс-аяқтарынан қорғасын, мырыш, кадмий сынды адам денсаулығына қауіп төндіретін химиялық заттардың мөлшері қалыптан 20-30 есе артық екенін анықтапты. Санитарлардың айтуынша, мұндай ыдыс-аяқтардың беттеріндегі әсемдік бояулары да құйылған тағамның температурасына байланысты еріп, ағзаға зиян келтіреді. Ең қаупі - сапасыз ыдыстарды тұрақты пайдалану - асқазан қатерлі ісігіне де әкеледі екен...
Сапасыз әрі арзанқол ыдыс-аяқ, ойыншық, тағамдардың денсаулыққа қауіптілігі бірінші мәрте көтеріліп отырған жоқ. Жоғары мінберлерде де сөз болды. Сол үшін де кеден қызметінде «Янтарь - 1А» сынды радиациялық сәулелердің мөлшерін анықтайтын қондырғылар орнатылған. Алайда не мемлекеттік стандарты жоқ, не қорабы мен оны жасап шығарған фирманың таңбасы мен атауы да көрсетілмеген ыдыстардың бәрі контрабандалық жолмен әкелінетінін ескерсек, әлгі біз айтқан қондырғылардан пайда шамалы болып отырғанына көз жеткізуге болады. Көз жеткізудің екінші жолы - былайғы жұрт «барахолка» атап кеткен қара базардың ыдыс-аяқ сататын бөлігін бір аралап шығу. Стандарты да, сапасы да бар ресейлік қымбат ыдыстарды халықтың жұқалтаң қалтасы көтермесі белгілі, ал шығыстағы шекарадан еніп жатқан арзанқол ыдыс-аяқтың жайы жоғарыдағыдай. 
Республикалық СЭС токсикология зертханасының дәрігері Бақыт Нұрхалықованың әңгімелеуінше, бетінде бояуы мүмкіндігінше аз ыдыс-аяқтарды алған дұрыс. «Сұлуынан - жылуы» дегендей, әдемілігінен гөрі, сапасы мен қауіпсіздігіне назар аударған абзал.
- Бәрінің бетіне күйе жағуға тағы болмайды, дегенмен стандарты жоқ ыдыстардың көбінде ыдыс-аяқтарды безендіру техникасы сақталмаған. Мәселен, біздің жасаған бір сараптамамызда ыдыс-аяқ бетіндегі әшекей бояуларда қорғасын тұзының мөлшесі 5 есеге, мырыш 8 есеге, кадмий 20 пайызға артық болып шықты. Бұл кез келген температурада да адам денсаулығына қауіпті, ал оған ыстық тағам құйылғанда, химиялық қоспалар еріп, қауіп одан ары арта түседі. Стандарт бойынша, фарфор ыдыстарға сурет салынғаннан кейін ол 1500 градуста қыздырылуы қажет. Бұл жағдайда бояу тамақтың температурасына төзімді болады. Ал жасалу техникасы сақталмағандықтан, бояу еріп, тамақпен бірге асқазанға түседі, адамды ауруға шалдықтырады. Тағы бір жағдай, пластмассалық ыдыстарға қатысты. Әйелдер қауымы жақсы біледі, мұндай ыдыстар тамақ температурасы сәл жоғары болса, балқып, формасын өзгертеді, қақпағы болса, ол жабылмай қалады, оған қоса, түсі де тез өзгеріп шыға келеді. Ал оны әзірлеу техникасы сақталған жағдайда, мұндай үдерістер орын алмас еді. Балқыған ыдыстан оның бетінде бояу болмаған күннің өзінде химиялық зиянды заттар бөлініп шығады. Сондай-ақ қазір тамаққа түрлі қышқылдар, дәмдеуіштер қосылатыны белгілі. Олар да ыдыс құрамындағы заттармен, бетіндегі бояулармен реакцияға түсуі мүмкін, -
Сапасыз ыдыс-аяқтардан улану - тамақтан уланумен бірдей. Алайда улану диагнозымен ақ халаттылар алдына барғанда, оның ішкен тамағы ғана тексеріліп, ыдысы көлеңкеде қап қояды екен. Токсикологтар ыдыс-аяқтарды да тексеруден өткізетін уақыт жетті деп есептейді. Әсіресе, пластмасса ыдыстарды қатаң бақылауда ұстау қажет. Өйткені оған деген сұраныстың жоғарылығы - сапасын да тым төмендетіп барады. Төмендеткені сондай - бүгінде пластмасса ыдыстарға формальдегидпен қатар, асбест те қосыла бастапты. Ыдыстың шыдамды, төзімді болуы үшін осылай еткен болар, алайда құрылыстың өзінде тыйым салына бастаған асбесттің ас үйде қолданылуы - өзіңді жыланға шақтырғанмен бірдей. Өйткені асбест те, формальдегид те адам ағзасындағы қатерлі ісіктердің пайда болуына, бүйрекке тас жиналуына, қуық жолдарының ауыр дертіне әкеп соғады. Пластмасса ыдыстарға, әсіресе, көп балалы отбасылар құмар. Шыны ыдыстарды шақ келтірмейтін бала пластмассаны қалай ұрғыласа да, тоздыра алмасы белгілі. Есесіне, сол ыдыс, баланың денсаулығын тоздырады. 
Айтудың азы жоқ, десе де, қалтасы жұқалтаң халықты «қымбат ыдыс алмадың» деп тағы да айыптай алмайсың. Отандық ыдыс-аяқ өндірісі жолға қойылғанда, мұндай жағдай болмас та еді.
Экологиялық проблемаларды айтқан кезімізде, қазір полиэтилен қалталар мен пластик ыдыстардан көз аша алмайтын болдық. Өйткені, бұларсыз азық-түлік, көкөніс, жеміс-жидектерді алып жүру мүмкін емес. Дәмі алуан түрлі сусындар, сұйық майлар мен минералды сулардың ыдыстары түгел пластиктен жасалған. Үй тұрмысында пайдаланылған қалдықтармен тасталған полиэтилендер желмен ұшып даланы жауып қалуға аз-ақ қалғандай. Мұны теміржол мен асфальт жол бойынан анық көреміз. Арнайы мәліметтерге жүгінсек, жалпы қоқыстардың жойылу мерзімі өте ұзақ уақытты қажет етеді екен. Айталық:
- тропик жемістер (банан, апельсин), мақтадан жасалған маталар, қағаз – 6 ай;
- зығыр талшығынан жасалған арқандар – 1,5 жыл;
- сүт, шырын құйылған пакеттер, жүн маталар –5 жыл;
- фильтрлі сигарет тұқылдары – 12 жыл;
- полихлорвинил пакеттері – 20 жыл;
- синтетикалық киімдер, аяқ киімдер – 40 жыл;
- металл өнімдері – 100 жыл ішінде толық жойылып бітеді екен.
Әйнек пен шыны ыдыстар сынықтарының жойылып кетуі үшін 1 миллион жыл керек екен. Ал, сұйық май, минералды су мен сусындардың пластик ыдыстары ешуақытта жойылмайды екен.
Пластмассалар тез жанатындықтан өрттің шығуына себепші болуы әбден мүмкін. Олар жанған кезде улы заттарды бөледі: көмірсутек оксидін, циан сутегін, хлорлы сутекті, акролеин, азот тотығын, түрлі алифатикалық және хош иісті көмірсутектері. Ал, мәселен, көмірсутегінің қостотығы демалған кезде қандағы ауаны толығымен қысып тастауға бар. Бұл өте қауіпті. 
Сенбіліктердегі «тазарту» әдісі де зияннан басқа ештеңе әкелмейді. Әсіресе, жанған алауға полиэтиленді пакеттер, пластикалық ыдыстар түсер болса. Алаудың қызуы пластиктің толық жанып кетуі үшін жеткіліксіз. Осы алаудан шыққан қалың қара түтін канцерогенді заттектерді - жартылай хош иісті көмірсутектерді бөледі. Нейлон, поролон, басқа да көптеген синтетикалық маталар жанған кезде цианидтер бөлініп шығады (көгерткіш қышқыл тұзы). Ал, ПВХ-пластик (линолеум қиындылары, пластик бөтелкелердің қақпақтары, тері алмастырғыш, ойыншықтар, кленка, сымдар, ескі фламастерлер және басқалары) жанған кезде жоғары уытты заттектердің кем дегенде 75 түрін бөлінеді. Оның ішінде диоксиндер де бар. Міне, шартты шіру мерзімі:



Көлік аккумуляторлары – 100 жылға дейін
Фольга – 100 жылға дейін (қаңылтыр – 90 жыл)
Электр батарейкалары – 100 жылға дейін
Резинді дөңгелектер – 100 жылдан аса
Пластик бөтелкелер – 100 жылдан аса
Полиэтилен үлдір – 200 жыл
Әйнек – 1000 жылдан аса.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет