Жыл сайын Қазақстанның ірі қаласында 700 мыңға жуық әр түрлі тұрмыстық қалдықтар тасталады.Алматылықтардың тіршіліктегі қалдықтары көбінесе кәдеге дұрыс жаратылмай жатады. Яғни, оларды жәй ғана полигондарға апарып, жерге көміп тастайды. Алайда, жаңадан шығып келе жатқан осы бизнестің кәсіпқойларының айтуынша, қалдықтар арқылы топырақ құнарлығын осылайша қалпына келтіру ешқандай нәтиже бермейді. Бұл ақшаны жерге көмгенмен бірдей. Іске асырылып жатқан технологиялар қалаларды қоқыс тастайтын жерден босатады. Солардың арқасында қалдықтар табиғи көз болып табылатын заттар мен материалдардың арзан көзі болады. Бүгінгі күні тұрмыстық қалдықтар – бұл азық-түлік, қағаз, металл бұйымдары, кішкене әйнектер, көбінесе бөтелкелер, көптеген пластиктер, және пакеттердің қалдықтары. Қайтадан өңдеуге қалдықтардың көбісі келе бермейді. Қазақстанда әзірге қағаз бен пластик қайта өңделеді. Макулатура картон өндірісінде қолданылады. Ал қайта жасалған пластмассадан гүл қауашақтарын, шелектер, кәрзеңкелер және басқа да заттар жасалады. Қоқыс тасушылар қоқыста қабылдауға арналған контейнерлердің ішіндегісін салғаннан кейін олар полигон – қоқыс тастайтын жерге барады. Онда жұмысшылар пластамассадан жасалдан заттарды табады жа оларды жұк таситын көлікке салады. Толтырып алғаннан кейін олар қайталама шикізат жасайтын зауытқа келеді. Пластмассаны көлікке көп қылып салады, тіпті кузовты ашқан кезде шикізат сыртына шығып кетіп құлап жатады. Зауыт қалдықтарды сатып алады екен. Жеткізушілерге оларды көп мөлшерде сатқан тиімдірек.
Алайда, бұл пластиктердің бәрі қайта өңдеуге келе қоймайды. Өйткені қайталап өңдеуге полипропилен мен полиэтиленнен жасалған өнім ғана келеді. Бұлар пластмассаның ең жұмсақ түріне жатады. Мәселен, пластик қағаз. Оның қақпағы полипропиленнен жасалған. Заттаңбасы – полиэтилен. Ал бөтелке полистиролмен үрленген. Яғни, мұнда қақпағы мен заттаңбасы ғана қайта өңдеуге жарайды.Полистиролдан жасалған өнім – қатты материалдан жасалған – балқытып, қажетті жағдайға келтіруге болмайды. Сондықтан, әкелген қалдықтың бәрін жұмысшыларға өз қолдарымен реттеуіге тура келеді. Іріктеуден өтпегендерді қайтадан полигонға апарады.
Ал пластик ыдыстардың қайдан шығып, қандай материалдан жасалуы мүмкін екендігін білсеңіз, тіпті шошынасыз. Мәселен, Ресей журналистері «пластик ыдыстар ВИЧ инфекциясы бар шприцтерден жасалады екен» деген мәлімет естіп, соның түбіне түскен. Том қаласындағы зауытына арнайы барып, ыдыстың жасалу процесін түгел көзбен көрген. Әлгі сыбыс түбегейлі негізсіз болмаса да, ВИЧ инфекциялы шприцтерден ыдыс жасалмайтыны, олардың осы зауытта балқытылып, одан көше сыпыратын пластик сыпырғыларға жұмсалатынын анықтаған. Дегенмен ол да қауіпті ғой.