Катетерге күнделікті күтім жасау
- Катетерге әр кез қосу – бұл иньекция ену жолы. Жүйені жиі қолмен ұстауға болмайды, қатаң асептиканы сақтап, тек қана стерильді қолғапта жұмыс істеу қажет.
- Стерильді бітеуіштерді жиі ауыстырып отыру қажет. Ішкі беті микробтармен ластанған бітеуіштерді қолдануға болмайды.
- Антибиотиктерді, глюкоза ерітінділерін қан пркпараттарын енгізгеннен соң катетерді аз мөлшнрді физиологиялық ерітіндімен жуу керек.
- Катетерді бекіткен таңғышты жиі байқап , қажет жағдайда ауыстырып отыру керек . -Асқынуларды ерте анықтау мақсатымен пункцмя үнемі қарау керек . Ісіну , қызару, жергілікті қызба , катетер өткізгіштігінің бұзылуы, катетерден сұйықтық ағу және дәрілерді енгізу кезінде ауырсыну сезімі болған жағдайда дәрігерге хабарлау және катетерді алып тастау қажет .
- Тромбофлебиттің алдын алу үшін пункция орнынан жоғары тромболитикалық майларды ( мысалы : « гепаринді» , « троксевазин») жұқа етін жағу керек .
- Әр бір инфузиядан соң катетерді порт арқылы гепаринді ерітіндімен (5 мл натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісі + 2500Б гепарин ) жуу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |