Перифериялық көктамыр катетеріне күтім жасау
Дайындаңыз: стерильді қолғап, қолданылған заттарды тастауға арналған астауша, тромболитикалық май,стерильді мақта шариктері және салфеткалар,лейкопластырь немесе жабысқақ пластина, 10 мл гепаринді ерітінді (1:100) бар шприц, тері антсептигі, перифериялық көктамыр катетеріне арналған стерильді бітеуіштер қорапта.
Іс-әрекет алгоритмі:
Стерильді таңу материалы, стерильді бітеуіш және көлемі 5,0 және 10,0 мл болған 2 шприці бар стерильді астаушаны дайындаңыз.
Шприцке 5 мл физиологиялық ерітіндіні сорып алыңыз.
2-ші шприцке 10 мл гепаринді ерітіндіні сорып алыңыз.
Науқасты тыныштандырыңыз, қолын жайғастырып, манипуляция барысын түсіндіріңіз.
Стерильді қолғапты киіңіз.
Біріктіруші түтіктің астына екі стерильді салфетканы қойып инфузияны тоқтатыңыз.
Перифериялық көктамыр катетерінің біріктіруші ьүтігінен дәрілерді тамшылатып жіберуге арналған жүйені ажыратыңыз.
5 мл физ, ерітіндісі бар шприцті жалғастырып, ерітіндіні катетерге жіберіңіз (тромбоздың алдын алу үшін).
Шприцті біріктіруші түтіктен ажыратып алыңыз.
Катетердің біріктіруші түтігіне 2-ші шприцті жалғастырып, 10 мл гепаринді ерітіндіні катетерге жіберіңіз.
Шприцті катетердің біріктіруші түтігінен ажыратып алыңыз.
Катетердің стерильді бітеуішпен бекітіңіз, қолданылған салфеткаларды және шприцтерді контейнерге тастаңыз.
Бекітілген таңғыш жағдайын бақылау, қажет жағдайда ауыстыру.
Болуы мүмкін асқынуларды ерте анықтау мақсатында пункция орнын жиі қарау.
Ісіну, қызару, жергілікті қызба препараттарды енгізі кезінде ауырсыну болған жағдайда дәрігерге хабарлау.
Ескерту : лейкопластылы таңғышты ауыстырған кезде қайшыны қолдануға тыйым салынады.
Өйткені қайшымен катетерді қиып жіберген жағдайда катетер қан айналым жүйесіне кетіп қалуы мүмкін. Тромбофлебиттің алдын алу үшін пункция орнынан жоғарыы көктамырға гепаринді немесе троксевазинді май жағылады.
Достарыңызбен бөлісу: |