Шприцті дайындау( жарамдылық мерзімін және орамының бүтіндігін тексеру). Дәрілік заттың атын, жарамдылық мерзімін оқып шприцке сорып алу. Дәрілік затты ампуладан сорып алу немесе жүйені құрастыру стандартын қараңыз.
Қолды гигиеналық деңгейде өңдеу. Қолғапты кию.
Катетер бекітілген таңғыштың тазалығын және бүтіндігін көзбен көріп бағалау.
Антисептикке малынған стерильді салфеткамен бітеуішті өңдеу және шешіп алу.
Катетердің өткізгіштігін тексеру. 2,0 мл -0,9% натрий хлорид ерітіндісі бар шприцті катетерге жалғастырып, поршенбді цилиндрде қан көрінгенге дейін өзіңізге қарай тартыңыз. Физ, ерітіндіні жіберіңіз. Катетерді жуу үшін алынатын физ, ерітіндінің мөлшері катетердің және оның құрылғыларының көлеміне 2 есе көп болуы керек.
Катетердің өткізгіштігі бұзылған жағдайда (бұл кезде ерітінді жіберу кезінде жоғары қарсылық байқалады) емшараны тоқтатып дәрігерге хабарлау керек.
Катетер өткізгіштігі бұзылмаған жағдайда физиологиялық ерітінді енгізгеннен соң дәрілік зат сорып алынған шприц немесе тамшылатып жіберуге арналған құрастырылған жүйе жалғастырылады.
Дәрілік зат жаймен жіберіледі, тамырға ұсақ "қалдық" ауа тамшыларының кетіп қалмауы үшін шприцке аз мөлшерде дәрі қалдырылады.
Дәрілерді тамшылатыпи жіберген кезде жүйені катетерге жалғастырғаннан соң енгізілетін дәрінің жылдамдығын, яғни тамшылардың жиілігін реттеу қажет (дәрігердің тағайындауы бойынша).
Қолғапты шешу. Қолды гигиеналық деңгейде жуу.
Дәрілерді тамшылатыр жіберу барысында науқастың жағдайын бақылау.