Ол келесі әдіспен жүзеге асырылады: 1.Науқас тыныс шығарып тынысын тоқтатып тұруы қажет.
2.Катетерді резеңке бітеуішпен жауып , науқасқа тыныс алуға рұқсат беріңіз
3.Бітеуішті спиртпен өңдеп , тері ішілік инемен 5 мл гепаринді ерітінді енгізу
4.Бітеуішті катетерді лейкопластырьмен бекіту .
Бұл әдіс катетерді тромб түзілу қауіпін төмендетеді. Осы ерітіндімен катетерді катетерден қан көрінген жағдайда да шаю керек .
Катетер айналасындағы теріні күнде қарап 70% спирт және 2 % йод ерітіндісі немесе 1% бриллиант көгі ерітіндісімен өңдеу қажет . Таңғыш күнде және ластануына қарай ауыстырылады .
Қазіргі уақытта арнайы мөлдір таңғыштар (пластырь) қолданылады . Олар катетер айналасын тығыз жауып сыртқы ластанудан , инфекциядан қорғауды қамтамасыз етеді . Сонымен қатар терілік тынысты сақтайды , мөлдір таңғыш арқылы теріні бақылау асқынуларды ерте анықтауға мүмкіндік береді.