Перифериялық көктамыр катетерін қою техникасы. Қажет заттарды жинап, көктамырды таңдапалған соң, қолды өңдеп, қолғап киіп конюляцияны бастаймыз.Перифериялық көктамыр катетерін дұрыс қою үшін катетерді көлденең немесе тігінен ұстаңыз.
Көбіне көктамырды инемен тесуге үйреніп қалған медбикелер көлденең ұстауға тандайды. Ал тігінен инені канюлаға қарай сенімді бекіту үшін (әсіресе терісі доғал науқастарда ) және иненің конюля ішіне « кетіп қалмауы» үшін қолайлы .
Теріні антисептикпен өңдегеннен соң ине конюлясымен енгізіледі .
Индикатор камерасында қан көрінген жағдайда инені әрі қарай енгізілу тоқтатылады . Ине – өткізгішті бір қолмен бекітіп, көктамырға әрі қарай тек катетр енгізіледі, ол біртіндеп ине – өткізгіштекен шешіледжі . Катетер қажетті ұзындықта енгізілген сон ине –өткізгіш алып тасталады . Содан соң катетер арнайы бітеуішпен жабылады, лейкопластырь немесе арнайы пластерьмен бекітілелді. Порт немесе арнайы жүйе арқылы (портталмаған катетерлерде) катетер жуылады.