Перифериялық көктамыр катетерін қою техникасы
Дайындаңыз:көктамыр катереризациясына арналған стандартты жинақты. Оның құрамына кіреді: стерильді астауша,қолданылған заттарды тастауға арналған астауша,10 мл гепаринді ерітіндісі (1:100) бар шприц, стерильді мақта шариктері және салфеткалар, лейкопластырь немесе жабысқақ пластина, тері антисептигі,бірнеше өлшемдегі перифериялық көктамыр катетерлерін,біріктіретін түтік немесе обтуратор,бұрау,стерильді қолғаптар,қайшы,бинт,3% сутегінің асқын тотығы.
Іс-әрекет алгоритмі:
Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып ережеге сай антисептикпен өңдеңіз.
Күре тамыр катетеризациясы үшін стандартты жинақты жинаңыз,катетр қорабының бүтіндігіне,жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз.
Жақсы жарықтануды қамтамасыз етіңіз,науқасқаыңғайлы қалып беріңіз.
Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз,сенімді қарым-қатынас орнатыңыз. Көктамыр өлшемін, дәріні енгізу жылдамдығын,көктамырішілік терапия жүргізу кестесін, дәрінің қоюлығын есепке алған жағдайда катетер өлшемін таңдап алыңыз.
Қолжетімді жерге угилизацияға арналған контейнерді қойыңыз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, антисептикпен өңдеңіз. Қолғапты киіңіз.
Катетеризация орындау орнынан 5-10-15 см жоғары бұрауды байлаңыз.
Науқасқа жұдырығын ашып-жұмуды сұраңыз, пальпация арқылы көктамырды таңдап алыңыз.
Катетеризация орнын тері антисептигімен 30-60 сек аралығында өңдеңіз,өңделген аймақтарға жанасуға болмайды. Өңделген соң көктамырды қайта сипап көрмеңіз.
Сол қолдың саусақтарымен катетеризация жасайтын көктамырды тесу орнынан төмен бекітіңіз.
Қажет диаметрдегі катетерді алыңыз,көлденең немесе тігінен ұстаңыз,қорғаныс қақпағын шешіңіз. Егер қорғаныс қақпағында қосымшабітеуіш орналасса,қорғаныс қақпағын тастамай бос қолыңыздың арасында ұстаңыз.
Катетер инесінің қиылысы жоғары қарап тұрғанына көз жеткізіңіз. Катетер инесін С бұрышта теріге енгізіңіз, катетерді ине өткізгішпен көктамырға 2-3 мм-ге енгізіңіз, индикаторда қан пайда болуын қадағалаңыз.
Индикатор камерасында қан пайда болған жағдайда инені енгізуді тоқтатыңыз.
Ине-өткізгішті бекітіңіз,ал катетер канюлясын толық енгізіңіз,канюляны ине өткізгіштен жаймен алыңыз.
Бұрауды шешіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |