Лабораториялық сабақты оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: Топпен жұмыс, миға шабуыл, баяндау, дамыта оқыту әдісі, креативтілік оқыту әдістері.
6. Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (сұрақтар) және оларды бағалаудағы ұпайлардың үлестірілуі: 1. Үйкелістің қандай түрі қозғалыс сипатына байланысты ерекшеленеді?
2. Сырғанау үйкелісі деп не аталады?
3. Сырғанау үйкеліс коэффициенті қандай формула бойынша анықталады?
4. Сырғанау үйкеліс коэффициентінің шамасына қандай факторлар әсер етеді?
5. Үйкеліс коэффициенті үйкеліс беттерінің мөлшеріне байланысты ма?
6. Үйкеліс күші дененің қозғалысына қалай бағытталған?
7. Үйкеліс бұрышы деп не аталады?
БӨЖ және ОБӨЖ тапсырмалары, олардың түрлері мен орындалуына қойылатын ұпайлардың үлестері: Қолданбалы механиканың негізгі түсінігі.
Динамиканың негізгі теңдеуі.
Кинематикалық жұптардағы жергілікті артық байланыстар.