Тақырыбы: спид пен нашақорлық ғасыр індеті



Дата27.05.2018
өлшемі60,25 Kb.
#41019
Алматы обылысы Жамбыл ауданы

«Ынтымақ ауылындағы орта мектеп» КММ



Тақырыбы: СПИД пен нашақорлық ғасыр індеті

5 «ә»- сынып

Сынып жетекшісі: Хайдарова А.Ж.

Ынтымақ, 2015ж.



Тақырыбы: СПИД пен нашақорлық ғасыр індеті

Сабақтың мақсаты:
Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын алу, оның жұғу жолдарын одан сақтана, қорғана білу туралы түсіндіру.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке, инабаттылыққа, ел жандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: газет - журнал деректері, пікірталас, мақал - мәтелдер.
Ұйымдастыру бөлімі:
1. Оқушылармен амандасу.
2. Түгелдеу.
Кіріспе сөз:
Соңғы жылдары жер шары халықтарының назары ХХ ғасырдың отбасы аталған СПИД (иммунитет жетіспеушілік синдромы) дертіне аууда, қазірдің өзінде ондаған мың адамдардың өмірін жойған осы бір қатерлі ауру жайында жұмыр жердің түкпір-түкпірінде күн сайын хабар бермей отырған бірде - бір газет, журнал, теледидар немесе радио торабы жоқ. Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді. Сондықтан осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері, одан сақтану жолдары, аурудың алдын - алу және емдеу тәсілдерін білгеніміз жөн.
СПИД вирусының қай жылы кім ашты?
СПИД қоздырғышын немесе адамда иммунитет жетіспеушілікті туғызатын вирусты (ВИЧ - 1) 1983 жылы француз ғалымы, вирусолог Л. Монтанье тапты. Ал 1984 жылы америкалық ғалым Р. Галло вирустың барлық қасиеттерін жан-жақты тексеріп жариялады.
СПИД вирусы адам ағзасында қалай өмір сүреді?
Адам ағзасына енген ол қанның лимфоцит клеткаларының ішіне кіріп, клетканың генетикалық аппаратына жабысып тез көбейе бастайды. Осының әсерінен клетка жарылып өледі. Одан шыққан вирустар жаңа клеткаларға жабылып, өткен процестерді қайталайды. Лимфоцит клеткаларының осылай өле беруі салдарынан күндердің - күнінде ағзасында иммунитет жетіспеушілік пайда болады. Бұл жасырын кезең ондаған жылға дейін созылуы мүмкін. Айырықша еске салатын жай, осы жасырын кезең кезінде адам өзін аурумын деп есептемейді. Бірақ, ол өзімен қатынастағы адамдарға жұқпалы аурудың көзі ретінде СПИД - ті тарата береді.
СПИД - наркотикті егеушілердің инесі арқылы жұғады.

СПИД - тен сақтану үшін не істеу керек? Мысалы: ішімдікке әуестік, токсикомандық, шылым щегу сияқты осындай заттардан аулақ болған жөн. Ол ойды да, бойды да өсірмейді. Қайта денсаулығыңды әлсіретіп, өмір жасыңды қысқартады. Ал, дені саудан, жаны саудан артық ештеңе жоқ. Байлық та, бақыт та сол емес пе?
ВИЧ, қазақша АИТВ - адамдағы иммунитет тапшылығы вирусы, жұқтырғандар және СПИД – пен ауыратындар саны өте жылдам көбеюде. Тіпті бұл дерт балалар өміріне де балта шабуда.
Олардың арасында ауру жұқтырғандарды былай қойғанда СПИД - тен қайтыс болған ата - аналардың жетім қалған 15 жасқа дейінгі ұл - қыздарының саны 9 млн - ға жеткен.
Еліміздегі ВИЧ жұқтырған азаматтардың саны 900 - ге жетті. Оның ішінде СПИД - пен ауыратындар саны - 25. тек Алматыда ВИЧ жұқтырғандар саны - 38.
СПИД ауруын тудыратын вирус - ВИЧ нәрестеге осы аурумен ауыратын ананың құрсағында жатқан кезінде немесе дүниеге келгеннен кейін қан арқылы, емізгенде жұғады. Кейде СПИД вирусын жұқтырған адамның қанынан ем ретінде сау балаға құйғанда да, бір рет қана қолданатын инені қайталап қолдану кезінде де жұғуы мүмкін.
Ғасыр дерті – СПИД өршіп тұр. Баспасөз бетіндегі соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар саны 1159 болса, 30 адамның СПИД - ке ұшырағанын мәлімдеді. Оның негізгі ошағы Қарағанды, Теміртау, Алматы қалалары болып отыр.
Денсаулығыңды ойласаң (лото)
Жұмыр жерді мекендеген халықтың сонау, ерте заманнан бері айтылып, ғасырлар бойы сұрыпталып келген інжу - маржандай асыл да, даналы сөздері бар. Осынау ғибратты сөздер адамзат баласының денсаулығына зиянды әрекеттерді де жан - жақты қамтыған. Медицинада сөз құдіретінің шарапатына өлшеу жоқ. Азабын арқалатып діңкесіне тиген жаман әдеттен құтыла алмай, амалсыз көніп, медет, көмек тілеп алдына келген науқасқа дәрігердің тауып айтқан бір жылы сөзі тамаша қуат береді.
Иә, мақал - мәтелдер – ғасырлар бойы сұрыпталып, сұлуланып, салмақтанып, кемелденген сөз асылы, парасатты тәрбиеші, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті, есті емші де.
Карточкалар үлестіріледі. (мақал - мәтелдердің екінші бір бөлігі жазылған).
Бірінші бөлігін жүргізуші оқиды, екінші бөлігін тауып оқу керек.
1. Ішпеген, шылым шекпеген
Жасайды жылдар көптеген
2. Ұзартқың келсе ғұмырды,
Таста арақ пен шылымды.
3. Темекінің кермегі -
Еріккеннің ермегі.
4. Шарап - арақ ішіңе көшеді,
Ақыл шөлмек ішіне түседі.
5. Жабылады шарабыңды ішерде,
Бәле төнсе, жоқ араша түсерге.
6. Жасында темекісін будақтатқан,
Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан.
7. Адам арақты ішеді.
Ақыл арақты ішеді.
8. О басында өзің сақтан, сақ боп жүр,
Одан кейін өзгелерді сақтандыр.
Қорытынды: ТЕСТ
1. СПИД жұқпалы ма?
а) Иә
ә) Жоқ
2. СПИД вирусын не дейміз?
а) Кох талшығы
ә) Айде
б) А вирусы
3. Қай жылы СПИД вирусы ашылды?
а) 1983
ә) 1985
б) 1956
в) 1988
4. Ауру белгілері бірден біліне ме?
а) иә
б) жоқ
5. СПИД қандай жолдармен таратылады?
а) қан арқылы
б) тағам арқылы
в) насекомдар арқылы
г) кір қол арқылы.
7. СПИД - ті қандай жағдайда жұқтыруы мүмкін.
а) норкомания
ә) әңгіме кезінде
в) темекі шегу
г) қан арқылы
8. Дүниежүзілік СПИД - пен күрес күні?
а) 1 қазан
ә) 1 желтоқсан
б) 1 қаңтар
Қорытынды:
СПИД адамзат алдында тұрған жаңа және қиын проблема ол тек медициналық қана емес, әлеуметтік проблема. Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасының 4 басылымында барша жастарды салауатты өмір салтына шақырды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет