VI слайд Ендеше келесі аялдамамыз «Табиғаттың сұлу мүсіні хайуанатар» деп аталады.
5-оқушы:Табиғаттың сұлу мүсіні , көрікті келбеті – хайуанаттар. Халқымыз ежелден-ақ жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққа алған көздері мөлдіреп тұрған қыздарын «Ботагөз» деп атаған.Бүгінде орманның сәнін келтіретін жан-жануарлар азайып келеді. Соның бірі қазақ жерінде тас дәуірінен бері тіршілік келе жатқан ғажайып хайуанаттар өкілі –Ақбөкен болып табылады. Оны халық көбіне киік деп атайды. Оның мүйізінің өзінен өкпе қабынуын, жүрек ауруын т.б ауруларды жазатын емдік қасиеті бар екен. Ал еті өте тез сіңетін жеңіл тамақ болып табылады. Қазақта киікті «қасиетті аң, киелі аң» деп атауы осыдан болса керек. Бірақ осы қасиетті аң бүгінде өте аз қалды. Мысалы 1991 жылғы есеп бойынша оның қоры 700-900 мыңдай болса, ал соңғы 2009 жылғы есеп бойынша 30,7 мыңдай ғана болды. Ақбөкеннің азаюының басты себебі –аңды заңсыз брокеньерлік жолмен аулаудың жаппай етек алуы.
Бүгінде ақбөкенді, жалпы қарақұйрық, құлан, арқар т.б аңдарды қорғау үшін
«Дарвин», «Интас» сияқты қорлар, түрлі қорықтар құрылып ,түрлі жұмыстар жасауда. Менің ойымша, адамдардың осындай қамқорлығының, мейірімділігінің арқасында орманымыз қайтадан әдемі аңдарға толатынына сенемін.