Энергетикалық баланс
Энергетикалық баланс деп адамның тамақтанудан пайда болған энергиясы мен жұмсалған энергиясының, яғни ағзадан шығарғын энергиясының арасындағы қатынасты айтады. Егер адам ағзасына тәулігіне тамақтанудан пайда болған энергия, ағзадан шығарылған энергиядан кем болса, ол кезде теріс энергетикалық баланс болады. Бұл кезде адам азады.
Егер адам ағзасында тәулігіне тамақтанудан пайда болған энергия, ағзадан шығарылған энергиядан көп болса, ол кезде оң энергетикалық баланс болады. Бұл кезде адам семіреді, денесінің салмағы көбейеді. Ол қан қысымының көбеюіне және атеросклероз ауруының пайда болуына әкеліп соғады. Сонымен теріс немесе оң энергетикалық баланс адамның денсаулығына терісі әсерін тигізіп, зат алмасу процесінің бұзылуына себеп болады жіне жүйелердің функционалды және морфологиялық өзгерістеріне әкелелді.
Егер адам ағзасында тәулігіне тамақтанудан пайда болған энергия ағзадан шығарылған энергиямен тепе тең болса, онда тура энергетикалық баланс болады. Бұл кезде адамның салмағы өзгермейді.
Достарыңызбен бөлісу: |