Тақырыбы: тамақтану гигиенасы. Орал қаласы, 2020 ж



бет7/13
Дата13.12.2021
өлшемі43,03 Kb.
#125950
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Сабақтың мақсаты Білім алушыларды адам ағзасы өміршеңдігінің ма-melimde.com

Тағамдық заттар

Тағамдық заттарға - ақуыздар, майлар, көмірсулар, витаминдер және мнералды заттар жатады.

Ақуыздар ауыстыруға болмайтын тағамдық заттар қатарына жатады. Олар ағзаның өсуіне, өмір сүруіне, жетілуіне әсерін тигізеді. Ақуыздар ағзада жасушалар мен ұлпалардың, гармондар мен ферменттердің түзілуіне қатысады, құрылыс материалы ретінде, зат алмасу процесінің дұрыс жүруіне, әсіресе витаминдер мен минералды заттардың алмасуына, тұздардың алмасу реакциясында өте қажетті зат болып табылады және ол процестердің дұрыс жүруіне әсерін тигізеді. Ақуыздар ағзада энергетикалық тепе теңдіктің қалыпты жағдайда болуына қатысады. Әсіресе ағзада өте көп энергия жұмсалған кезде немесе тағамның құрамында көмірсулар мен майлар жеткіліксіз болған жағдайда, ақуыздар арқылы жұмсалған энергияның 11-13%-ы толықтырылады.

Барлық ақуыздар екі топқа бөлінеді:



  • Жай ақуыздар немесе оларды протеиндер деп те атайды.

  • Күрделі ақуыздар немесе протеидтер.
    Жай ақуыздар тек қана полипептидтердің тізбелерінен тұратын қосылыстар, ал күрделі ақуыздар құрамында ақуыз молекулаларынан басқа ақуыз емес простетикалық топ болады.

    Жай ақуыздарға: альбуминдер, глобулиндер, глютелиндер жатады.




Альбумин мен глобулиндер қанның құрамындағы ақуыздардың негізгі бөлігін құрайды. Сонымен қатар сүттің және жұмыртқаның ақуызының құрамына кіреді. Глютелиндер өсімдік ақуыздарына жатады және олар құрамында лизин, метионин мен триптофан сияқты аминқышқылдарының аздығымен ерекшеленеді.

Күрделі ақуыздарға мыналар жатады: нуклеопротеидтер, гликопротеидтер, липопротеидтер, фосфопротеидтер. Олардың простетикалық топтары нуклеин қышқылы, липидтер, көмірсулар, фосфор қышқылдарынан және т.б. Заттардан тұрады. Ақуыздар протоплазманың, жасушалардың ядросының, жасуша аралық заттардың негізін құрайды. Әсіресе спецификалық ақуыздардың маңызы зор. Мысалы, глобин ақуызы эритроциттің гемоглобинінің құрамына кіреді және ағзаның тыныс алуына қатысады.

Ақуыз жетіспеушілік ағзаның морфологиялық және функционалдық өзгерісіне әкеледі. Ақуыз жетіспеуішіліктің ерте белгісіне адамның қорғаныс қабілетінің төмендеуі жатады. Әсіресе адамның эндокринді жүйесі көп өзгерістерге ұшырайды, бауырда холиннің пайда болуы бұзылады. Соның әсерінен бауырды май басады.

.

Адамның ақуызға деген қажеттілігі, сұранысы оның жасына, жынысына, істейтін жұмыс түріне, климаттық жағдайға байланысты.



Адам ағзасында ақуыздың қоры болмайды, сондықтан ақуыз адам ағзасына тағамдармен үнемі түсіп тұруы керек.

Ақуызға деген қажеттілік айтқанда ағзадағы азоттық баланс жөнінде міндетті түрде айтып өту қажет. Азоттық баланстың мынандай түрлері болады: тура, оң және теріс азоттық баланс. Тағам құрамындағы ақуыздың ең аз мөлшерінде азот тепе теңдігі сақталынады, яғни ағзадан әр түрлі жолдармен шыққан азоттың мөлшері тағаммен түскен азоттың мөлшеріне тең болады. Егер тағамның құрамындағы ақуыздың мөлшері азайса, онда теріс азоттық баланс болады, ал бұл ағзаға тағамдармен түсетін алмастырылмайтын аминқышқылдарның көлемінен, ұлпалардың ақуыздарының шығындалуының басым болуыне әкеледі. Азоттық тепе теңдік ересек адам ағзасына тәулігіне кемінде ақуыздың 55-60 граммы түскен жағдайда сақталады. Адамның тағамының құрамындағы ақуыздың көлемінің, сапасының жеткіліксіз болуы ақуыздың жетіспеушілігіне әкеледі (майсыздандырылған сүт, ірімшіктің сары суы, ет өнімдерінің қалдықтары, соялық қыспа және т.б.).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет