Үйлесімді тамақтану – адамның тамағының құрамындағы барлық тағамдық, биологиялық белсенді заттардың ең тиімді арақатынаста болуы және олар адам ағзасына ең жоғары пайдалы әсерін тигізетін тамақтану. Үйлесімді тамақтану тағамдық заттар мен биологиялық белсенді затрат саны мен сапа жағынан да тиімді байланыста болуы керек, олар ақуыз, май, көмірсу, витаминдер мен минералды заттар.
Тамақтануға қойылатын гигиеналық талаптар:
Калориялылығы жеткілікті болуы керек, яғни ағзаның энергия шығынын өтуі керек
Құрамында барлық құнды заттар болу керек және олардың бір бірімен қатынасы оптималды болу керек
Тәбетті шақыруы және тойыну сезімін тудыру керек .
Жеңіл және жақсы сіңірілуі керек, ағзаның ферментативті жүйесіне сай болу керек.
Сыртқы түрі, иісі және дәмі жағымды болу керек
Жеткілікті мөлшерде клетчатка болуы керек (10% кем емес)
Эпидемиологиялық және рационалды тұрғыдан зиянсыз болуы керек.
Тамақтанудың физиологиялық нормасын, сау адамның және ауру адамның тамақтық үлесін құрастыру, сонымен қатар жаңа тағамдарды жасау үйлесімді тамақтану іліміне негізделген. Тамақ құрамындағы ақуыздың, майдың және көмірсулардың арақатынасы 1:1,2:4,6 болады. Тағамдық заттардың энергиялық құндылығы ақуыз 11-14%, май 33% және көмірсу 53-56% болуы керек.
Тамақ ішу тәртібі
Тамақ ішу тәртібі - тиімді тамақтанудың маңызды бір бөлігі. Тамақ ішу тәртібіне күнделікті адам неше рет тамақ ішу керектігі, тамақ ішу арасындағы уақыт, тамақ ішу мезгілі, тағамдардың калориясы бойынша әрмезгілге бөлінуі жатады. Ең тиімдісі күніне 4 мезгіл тамақтану. Ал жұмыс жағдайында және оқу кезінде күніне 3 рет тамақтануға да болады. Дастархан басына тамақ ішуге күн сайын үнемі бір мезгілде отырудың маңызы зор. Таңертеңгі немесе түскі астың уақытын өткізіп жіберуге, олардың орнын кейін толтырамын деуге болмайды. Тамақты кеңірдектен шығара тойып ішуге, асығыс ішуге де болмайды. Тамақ ішу тәртібі бұзылған жағдайда адам ағзасында әр түрлі ішек-асказан аурулары пайда болады.
Сонымен катар әр тамак ішу сәті 20-30 минуттан кем болмауы керек.Тағамды өте жай, асықпай шайнау керек. Ауыздағы тағам сілекеймен толык араласып болғанша шайнау керек. Әр тамак мезгілі арасындағы уақыт 6 сағаттан аспау керек. Тагамды белгілі бір уақытта ішудің өте маңызы зор. Аскорыту органдары белгілі бір уақытта тагам қабылдауға дайын болады. Асказанда асқорыту сөлі бөлінеді.Күніне 4 рет тамақтанған кезде тағамның калориясына карай төмендегідей бөлінеді:
1 таңертенгі ас – 18% таңертен ас 25%
2 таңертенгі ас – 12% түскі ас 40%
Түскі ас - 45 % түстен кейінгі ас 10%
Кешкі ас – 25% кешкі ас 25%
Бірақ, қандай да болмасын тамақ ішу тәртібінде соңғы тамақ ішу мезгілі мен ұйықтау арасында 2,5 - 3 сағат болуы керек, өйткені асқорыту жүйесі де бір мезгіл демалуы керек.Сөл бөлетін мүшелердің тынымсыз жұмыс істеуі олардың сөлінің құрамының нашарлауына және дұрыс бөлінбеуіне себеп болады. Асқорыту бездерінің дұрыс жұмыс жасауы үшін, олар тәулігіне 8-10 сағат түнгі уақытта демалуы тиіс.Таңертенгі аста міндетті түрде ыстық тамақ, мысалы: ет немесе балық еті мен гарниріне көкөністер немесе жармалар болуы кажет, бутерброд және әр түрлі сусындар, ең жақсысы ыстық шай, кофе, какао. Егер мүмкіндік болса сәскеде тағы да бір жеңіл тамақтанған жөн,оның қуаты күні бойы ішетін тағамдардың қуатының 10-15% - ын құрауы керек. Сәскеде көңіліңіз қалағанын: айран, сүт, бутерброд, жас кияр, көк пияз сияқты тағамдарды ішіп - жеуге болады.Түскі астың қуаты тәуліктік ас қуатының 35-40% -ын кұрауы керек.
Түскі ас төрт тамактан тұрады. Көп көлемдегі түскен асты қорыту үшін өте көп аскорыту сөлдері бөлінуі қажет. Ол үшін тамақ алдында жана көкөністерден әр түрлі салаттар немесе тұздалған көкөністерді, сельднемесе тұздалған балық істің пайдаланған жөн. Бірінші ас міндетті турде сұйық болуға тиіс, өйткені асқазан сөлінің жақсы бөлінуіне ыстық бірінші тағамдарды ішу де әсер етеді, әсіресе экстрактивті заттары мол. Жазғы уақытта бірінші сұйық ас көкөністен болғаны жөн: мысалы, борщ, щи, окрошка, свекольник, арасында жармалардан дайындалған сорпалар енгізуге болады. Ал қысқы уақытта қуаты көптеу сұйық тағамдар қолданған жөн: фрикаделькі, пельмен, әр түрлі жарма қосылған сорплар. Екінші ыстық тамақ еттен, балықтан, құс етінен дайындалғаны жөн, олардың құрамында өте көп ақуыз болады және калориясы өте жоғары болады, сондықтан гарнирі көкөністен болғаны жөн, сонда тамақтың іште шіру процесі азаяды. Түскі асты тәтті тағамдармен аяқталған пайдалы, олар: кисель, компот, мусс, балмұздақ және т.б. Олар асқазан сөлін тоқтатады және ішкен тағамнан қанағат алады.
Кешкі асқа бойға тез сінетін тамақтар: сүт, жарма және көкөніс жеген пайдалы. Ұйықтауға жатар алдын бір стакан сүт немесе айран ішкен жөн.
Ал мына тағамдарды кешке жеуге тыйым салынады: еттен жасалған тағамдар, өйткені бұл тағамдар асқазанда ұзақ қорытылады және ащы шай, кофе, шоколад, бұл тағамдар жүйке жүйесінің қозуына әсерін тигізеді.
Адам ағзасындағы энергия мен зат алмасу
Зат алмасу ағзаның барлық жасушаларында, ұлпаларында,органдарында жүреді. Ол адам өмірін сақтауға және ішкі ортаның тұрақтылығын сақтауға әсерін тигізеді. Зат алмасу процесі кезінде пайда болған заттар жасушалар мен тканьдерді күресу үшін қажет.
Зат алмасудың мынандай түрлері болады: су, минералды заттардың, витаминдердің, акуыздардың, майлардың, көмірсулардың алмасуы. Зат алмасу процестері бір - бірімен күрделі биохимиялық реакциялар арқылы тығыз байланысты. Бұл реакциялардын бірі орталық жүйке жүйесі арқылы гармондардың көмегімен реттеліп отырады. Зат алмасу процесі енді шыққан энергия адам ағзасындағы биохимиялық реакциялардың жүруіне және жылу мен механикалық энергия жогалтуына кетеді. Зат алмасу кезінде ағза жоғалтқан энергиясының орнын толтырады.Энергия адам ағзасына өмір сүру үшін қажет. Зат алмасу бір біріне қарама қарсы екі түрлі процеспен анықталады.
Ассимиляция және диссимиляция, бұл процестер ағза мен қоршаған орта арасындағы қарым қатынасты үздіксіз тоқтатпай жүргізіп тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |