Ассимиляция дегеніміз ағзаға керекті қоректік заттардың синетзделуі. Олар ағзаның өсуіне және жетілуіне қолданылады. Бұл заттар күнделікті тағамдармен түсіп отырады. Ассимиляция көзі тамақ болып табылады.
Диссимиляция дегеніміз заттарлың ыдырауы, олардың оттегінің көмегімен тотығып, қышқылданып, ағзадан шығарылуы. Бұл екі процесс ағзада үздіксіз жүріп тұрады және бір бірімен өте тығыз байланысты. Өмірдің кейбір кезеңдерінде бұл тепе тендік бұзылады.
Өсіп, жетіліп келе жатқан балалар мен жасөспірімдер ағзасында ассимиляция процесі, диссимиляция процесіне қарағанда басым болады. Ал кәрі адамдарда және аурудан әлсіреген адамдарда диссимиляция процесі басым болады.
Энергия калориямен немесе джоульмен өлшенеді. Энергия көзі тамақ болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |