Тақырыбы: «Танымдық психикалық үрдістер бұзылысы» ДӘріс жоспары: Мақсаты: Білімділік



бет3/16
Дата07.02.2022
өлшемі24,51 Kb.
#86396
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Танымдық психикалық үрдістер бұзылысы
Зәр шығаратын жүйеге бүйрек лек сурет
ДӘРІС МАЗМҰНЫ:
Арнаулы психология - адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуы. Ми ауруына ұшыраған психикалық күйзелістері мен осы саладағы себептерді қарастырады. Тармақтары:
Олигофренопсихология - (гр. oligos - аз, болмашы, гр. рһrеn — ақыл және психология) — миының жетілмегендігі ауыр нысандағы адамдардың психикалық дамуын және оны түзету мүмкіндіктерін зерттейтін арнаулы психологияның тарауы. Олигофренопсихология олардың ақыл-ой мешеулігінің себептерін (жүйке жүйесінін туа біткен кемістігі, аурудың не жарақаттанудың салдары) анықтайды, психологиялық ерекшеліктерін, кемістіктің білінуінің нысандары мен дәрежесін зерттейді.
Сурдопсихология (лат. surdus—саңырау, күңгірт естілетін және ...логия) — арнаулы психологияның саңырау және құлағының мүкісі бар адамдардың психикалық дамуын, оқыту мен тәрбиелеу жағдайында бұл дамуды жетілдіру мүмкіндіктерін зерттейтін саласы. Сурдопсихология құлағының мүкісі бар адамдардың сақау болуына жол бермеу амалдарын зерттейді, естіп қабылдаудың кемістігін көру арқылы, дірілдік, түйсіктер және т.б. арқылы алмастырудың компенсаторлық мүмкіндіктерін анықтайды, мұндай адамдардың танымдық қарекетінің ерекшеліктерін зерделейді, есіту түйсіктерінің болмауы немесе жете дамымауы жағдайында қалыттгасатын ойлаудың, жадтық және басқа да психикалық процестердің ерекшеліктерін зерттейді.
Тифлопсихология (гр. typlos — соқыр және психология) — көру мүшесінде ақауы бар және нашар көретін адамдардың психикалық дамуын, оқыту мен тәрбиелеу кезінде оны түзеудің жолдары мен әдістерін зерттейтін арнаулы психология саласы. Тифлопсихология көру қабылдауының кемістіктерінің есесін басқа анализаторлардың (есту мен сипап сезу) есебінен толықтыру мүмкіндіктерін зерделейді, көз көруімен не нашар көруімен байланысты ақпарат тапшылығы жағдайындағы қабылдаудың, жад пен ойлаудың психикалық ерекшеліктерін зерттейді.
Логопедия (гр. logos — cөз, ілім, paіdeіa — тәрбиелеу, оқыту) - психология мен педагогиканың тіл кемшілігін, оны жою мен оның алдыналудың әдістері мен қағидаларын зерттейтін саласы. Бала тілінде болатын кемістіктерді зерттеп, оны жоюдың жолдарын іздестіретін арнайы педагогика тарауының бірі. Алғаш 17 ғасырда қолға алынғанымен тілінің мүкісі бар балаларды медицина және психология жолдармен зерттеп, тиісті емдеу шараларын қолданудың жолын табу әрекеттері 20 ғасырдың 30-жылдарына дейін созылды. Кемшіліктердің қайсыбірі сөйлеу жағынан (мәселен, тіл мүкістігінен) байқалса, екіншісі оқуы мен жазуының (дислекция, дисграфия) бұзылуынан да көрінеді. Фонетика, сондай-ақ, лексика-грамматика жүйені (алалия, афазия) қамтитын бұзылулар бар. Көбінде тілдің кемістіктері оның қарқыны мен созылмалығына (тұтықпа) қатысты болады. Тілдің кемістігін зерттеу мен жою білімнің басқа салаларының психология, тіл білімі, физиология, медицина деректерін ескере отырып жүргізіледі.
Түйсік - танымның бастапқы негізі болып табылады. Ауытқу немесе талдағыштардың бір бөлігінің зақымдануы сезгіштіктің бұзылуларының әртүрлілігімен көрініс береді.
Сезгіштік деп түйсіне алу қабілетін айтамыз. Түйсіктің ауытқулары сандық және сапалық болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет