Тақырыбы: технологиялық машиналарды жөндеу


Жылуалмастырғыш аппараттарды жөндеу



бет38/41
Дата06.09.2023
өлшемі121,81 Kb.
#180375
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
Жөндеу технологиясы
Еңбек қорғау пәнінен тест жұмыстары
Жылуалмастырғыш аппараттарды жөндеу
Мұнай өңдеу зауыттары мен негізгі химия салаларының кәсіпорындарының техникалық паркіндегі жылуаламастырғыш аппараттардың үлесі 40 % жуық.
Ұзақмерзімді пайдалану барысында бұл аппараттарды жұмысшы беттері ластану мен тозуға ұшырайды. Жылуыалмастыру беттерінде қақ, лай, тұз, тұз қабаттары түзіледі, тотық плежкалары пайда болады.
Бұл шөгінді қабат өсіуінен бөліп тұрушы қабырғаның термиялық кедергісі өсіп, жылу алмасу нашарлайды. Әсіресе беттік жылуалмастырғыштар үшін.
Жылуалмасу аппараттарында келесі тозулар орын алуы мүмкін: 
1) аппарат қаңқасының, түбінің және құбырларының қалыңдығының жұқаруы; 
2) қаңқа мен түптердегі ісінулер мен майысулар; 
3) құбырлардағы, қаңқалардағы және орланеубердегі саңылаулар, жарғыншақтар және күйінділер;
4) құбырлар үшін құбырлы тордағы саңылаулардың диаметрінің ұлғаюы;
5) құбырлы тордың иілуі мен құбырдың деформациялануы;
6) толқымалы бүршіктің сыналасуы мен олардың струбциналарының жарақаттануы; 7) компенсациялаушы құрылғының жарақаттануы;
8) сырғанау және серіппелі тілемдердің жарақаттануы; 
9) гидро және термоизоляцияның бұзылуы.
Жөндеуге дайындау кезеңі келесі іс-шараларды қарастырады:
1) аппараттағы қысым атмосфералық қысымға дейін түсіріліп аппарат өніммен босатылады; 2) арматуралар ажыратылып, барлық әкелуші және әкетуші құбырөткізгіштерде тығын орнатылады; 3) аппарат қуысын азотпен немесе бумен өңдеп, соңында сумен шаю, ауамен үрлеп кептіру жұмыстары орындалады; 4) улы және жарылыс қаупіпті заттардың болуын тексереді; 5) жөндеу процесінде қажет жағдайда от жалынды жұмыстарға жоспар түзіліп, орындауға рұқмат алады; 6) жөндеуге тапсыру акті түзіледі.
Әрі қарай келесі жұмыстар орындалады: 1) аппаратт қақпағын, люктерді ашу, құбырлар мен арматураларды демоетаждау; 2) жұмысшы қысымда гидравликалық немесе пневматикалық сынауменен құбырдың вальцовкалануындағы, пісіруіндегі және тұтастылығын тексеру жұмыстары орындалады; 3) ақау болған құбырларда жергілікті ауыстыру немесе пісіріп бітеу, құбырды вальцовкалаумен немесе пісірумен бекіту; 4) бөлшектердің коррозияға қарсы қабаттары мен футеровкаларын жөндеу немесе ауыстыру; 5) тозығы жеткен арматуралар мен құбырларды жөндеу немесе ауыстыру, сақтандыру клапанын реттеу; 6) бұрандалы қосылыс тығыздағыштарын ауыстыру; 7) құбырлоы шоғырды шығару, аппарат қаңқасының және құбырлардың ішкі беттерін тазалау, құбырлы тордағы саңылауды тазалау, құбыр ұштарын өңдеу; 8) қаңқаның, түптің (қақпақтың) бөліктерін және тозған бөлшектерді ауыстыру; 9) жаңа құбырларды дайындау; 10) құбырлы шоғырды құрастыру және монтаждау; 11) толқымалы бүршікті жөндеу; 12) бұрандалы қосылыстарды монтаждау; 13) байқау қысымында аппараттың құбырлы және құбыраралық кеңістіктерін гидравликалық сынау; 14) аппаратты пневмосынау.
Жылуалмасу аппараттарын жөндеу барысындағы едәуір еңбексыйымды болып табылатын операциялар: 1) бұрандалы қосылыстарды монтаждау және демонтаждау, аппаратты тазалау; 2) құбырлы шығырды шығарып алу, дайындау және оны орнату; 3) жылуалмастырғышты сынау.
Бұрандалы қосылыстарды монтаждау және демонтаждау пневматикалық және гидравликалық гайка бұрағышпен орындалады. Қақпақты шешіп алу жеңілдігі бұрылмалы кронштейнді қолдана отырып жүреді. Құбырлы шығырды шығарып алу жұмыстарын толқымалы бүршікті және U - тәріздес жылуалмастырғыштарды жөндеу барысында орындайды. Құбырлы шығырды экстракторларды, домкрат пен лебедканың көмегімен, автомобиль кранымен, тальдың көмегімен жылжытқыш монорельсті немесе тележканы қолдана отырып орындауға болады.
Құбырлы шоғырды тракторлық лебедка мен автомобильдік кранның көмегімен демонтаждау келесі реттілікте орындалады: 1) аппарат қақпағы шешіліп, балқымалы бүршік бөлшектері демонтаждалады; 2) құбыр шоғырын алдын ала қозғалту орындалады; 3) тракторлық лебедкамен құбырлы шоғыр аппараттан тыс шығарылады; 4)хомұттар мен стропатрдың көмегімеенен құбырлы шоғыр автомобиль кранынның ілгегіне ілінеді; 5) шоғып толықтай тыс шығарылғаннан соң, тазалау және жөндеу орнына жеткізу үшін прицепке тиеледі.
Құбырларды шөгіндіден тазалау үшін тазалаудың химиялық, абразивті және арнаулы әдістерін қолданады. Бұл әдістерменен құбырдың сіртқі және сыртқы, сондай-ақ қамқолының ішкі қуыстарын тазалауға болады.
Тазартудың жимиялық тәсілін аппаратты ашу және бөлшектеусіз қолдануға болады. Шөгіндінің табиғатына қарай шөгіндегідей еріткіштерді қолданады: 1) қақтан тазалауда – 5÷10 % тұз қышқылын ингибиторды араластыра отырып; 2) органикалық шөгінділер үшін – көмірсутекті еріткіштерді; 3) қатты шөгінділер үшін – сұйық шыны араласқан 5 % тұз қышқылын толтырып қойып тазалайды, бұл кезде борсытылған тұнба сумен шайылып тасталады.
Жылуалмасу бетін қатты шөгінділерден тазалау үшін жөндеу шаруашылығында механикалық, гидромеханикалық, гилропневматикалық, пневмомеханикалық, құматқылау және арнаулы тәсілдерді қолданады.
Тазалаудың пневмомеханикалық тәсілі кезінде тісті механикалық шомпол-төлкені қолданады. Шомпол құбыр қуысында 0,5÷0,6 мПа муя қысымының әсеріменен қозғала отырып, шөгіндіні қырады. Бұл кезде шомполдың қозғалу бағытын ауаны таратқыштың көмегіменен реттейді.
Тазартудың гидропневматикалық тәсілінде бетті шөгіндіден су, ауаның, кислородтың көмегімен тазартады. Пистолетке бір мезетте шланганың көмегімен 1:1 қатынаста ауа 0,7 ÷0,8 МПа және су 0,5÷0,6 МПа қысыммен беріледі. Бұл тәсіл механикалық тазарту тәсілемен салыстырғанда тазалау уақытын шамамен 8-10 есеге қысқартуға мүмкіндік береді.
Гидромеханикалық тазалау тәсілінде жылуалмасу беті шөгіндіден соплодан үлкен қысымда шығатын су толысымен тазалайды. Мұнда басқа әдістерге қарағанда тазалау дәрежесі елеулі жоғары. Бір құбырды тазалау уақыты шамамен 10-15 сек. Қысымның өзгеру диапазоны 15 МПа – дан 70 МПа – ға дейін жетеді. Кез-келген қаттылықтағы шөгіндіден тазалау мүмкіндігі бар, сонымен қатар жөндеу шаруашылығында шөгіндіден бетті тазартудың құматқынды және арнаулы тәсілдерін қолданады.
Құбырлы шоғырды жөндеу барысында, жарақаттанған құбырлар саны 1 ағындағы жалпы құбыр санының 15 % аспаса, онда жөндеуді құбырды бітеп тастауменен орындайды. Егер де бұл шама 15 % асып кетсе, жарақаттанған құбырлар жаңасымен ауыстырылады. Жарақаттанған құбырларды ауыстырғанда келесі талаптар орындалуы тиіс: 1) құбыр материалы ортаның сипаттамаларын, оның параметрлерін ескере отырып, қолданыстағы коллективтерге сай қабылдананды; 2) орнатылушы құбыр ұзындығы әрбір тұсқа 8-10 мм ортақ етіп қабылдананды; 3) құбыр ұштары металдың тазалыққа дейін, 10 мм әдіппен құбырлы тор ұзындығында өңделеді; 4) құбырлы тордағы саңылауды вальцовкалауға дайындау барысында, адырлық 7 кластан төмен болмауы тиіс, және де бетте жоңқалар, шірінділер, қатар мен ұзына бойғы сызаттар болмауы тиіс; 5) құбырдың сыртқы беті мен саңылаудың ішкі беттері арасындағы саңылаулық 1,5/d болуы керек.
Құбыр құбырлы торда пісірумен немесе вальцовкалаумен бекітіледі. Развальцовкалауда өзектегі төрт құбыр айқастырылып развальцовкаланады да, сонан соң периметрі бойынша барлық құбырлар соңында қалғаны бекітіледі. Бұл кезде құбыр деформацияға ұшырамауы үшін ең алдымен бір тақтадағы бүкіл құбыр, сонан соң екінші тақтадағы құбырлар развальцовкаланады.
Развальцовкалауда келесі ақаулардың орын алуынан сақтануы керек: 
1) құбырдың развальцовкаланған және развальцовкаланбаған бөліктерінде елеулі пішім өзгеруі болмауы тиіс; 2) тым ұзын колоколчиктің немесе құбырдың құбырлы тордан шығарудағы бөлігінің ісініп кетуінен; 3) құбырдың тор саңылауынан шығардағы бірырғақты ісінуі; 4) құбырдың құбырлы тор саңылауы бойында қиылуынан; 5) құбырдың вальцовкаланған бөлігіндегі немесе колкольчигіндегі жарғыншақ пен қысқарудың болуынан.
Аппарат қаңқасындағы ісінулер мен майысулар мыс төсемде кувалда соққысымен немесе қабырға қалыңдығы 3-4 мм үлкен болмаған жағдайда термиялық әдіспен түзетіліп, қалыпқа келтіріледі. Егерде жоғарыда айтылған ақауды механикалық немесе термиялық тәсілдермен түзетуге болмайтындай болса, онда ақау жолақ жалаумен немесе жапсарлауменен қалыпқа келтіріледі.
Тесіктер мен жарғыншақтар жолақ жамаумен пісіріп бітеумен қалпына келтіріледі. 
Аппарат қаңқасын жергілікті ауыстыру кезінде келесі талаптар орындалуы тиіс: 1) қаңқаның жаңа бөліктерін дайындауға қажет материал механикалық және химиялық қасиеттері бойынша жөнделуші қаңқа материалына сай келуі қажет; 2) ауыстырылушы бөлігінің қалыңдығы жобалық қалыңдықтан кем болмауы тиіс; 3) электродтар пісірілуші материалға сай келуі тиіс; 4) түйістіруші қабық ені 400 мм кем болмауы тиіс; 5) горизонтал аппаратта ұзына бойығы жіктер төленінде орналаспауы тиіс; 6) қаңқа мен негізгі метал қырлары 10 мм енде пісірер алдын таза металға дейін тазаланады; 7) аппаратттың цилиндрлік бөлігіндегі жеке қабақтарда ұзына бойғы жіктер, сондай-ақ қабыққа түйісер жердегі түптің меридианал және хордалық жіктері бір біріне қатысты 100 мм кем болмайтындай қашықтыққа ығысуы тиіс; 8) жеке қабықтарда ұзына бойғы жіктер арасындағы қашықтық 200 мм-ден кем болмауы тиіс; 9) түйісу жердерді пісіру барысында бір элементтен екінші элементке біркелкі өту қарастырылуы тиіс.
Жылуалмастырғыш жабдықтарды жөндеу опресовкалаумен аяқталады. Гидравликалық сынау барысында су құбырларынынң кеңістігіне беріледі. Судың кезкелген құбырда пайда болуы жөндеу барысында ақаудың орын алғандығын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет