Жүру барысы:
1-жүргізуші:
Ассалаумағалейкум, халқым менің!
Ардақта дәстүріңді салтыңды елім.
Мереке басы болсын берекенің,
Игі еңбек жемісінің бәрін жегін
2-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата-аналар және Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпағы. Бүгін Отанымыз Қазақстанның
1-жүргізуші:
Тарихымызда ерекше орны бар, халқымыздың қасіреті мен ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған оқиға – бұл 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Әр дәуірдің еркіне сай
Нарқы өзгерген алтынның.
Айналайын, алтын әнім,
Жас өркені халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын
Шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді,
Ел болсақ деп талпындың.
2-жүргізуші: 1986 жылы 17 – желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылын білдіріп, шеруге шықты. Олар «қазақ елінің өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді.
1-жүргізуші:
Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «бұзақылар», «ұлтшылдар», «нашақорлар» деген кінә тағылды.
Оқушы
Нашақор деп, ұлтшыл деп,
Қазаққа күйе жаққан күн
Базары кетіп бір күнде
Қайғыға халық батқан күн
Әділдікпен шындықты
Өтірік жала жапқан күн.
Надан жасаған сұмдықтан
Адамдар азап шекккен күн,
Қасқалдақ ұшіп көлінен
Шүрегей келіп қонған күн.
Қырандар қуып көгінен
Қарғалар билік алған күн.
Оқушы
Шектеліп ана тіліміз,
Оқылмай өлең-жырымыз
Жабылып жатса мектептер
Жадырар қалай күніміз?
Тарылып жатса даламыз
Қайтіп біз тыныс аламыз?
Қақымыз да жоқ айтуға
Әділет қайдан табамыз?
Оқушы
Бұрқ етті қазақ баласы
Кеудеге өршіп наласы
Алаңға қарай ағылды
Таусылып барлық шарасы
Жанымыз жомарт қазақпыз
Мәңгүрт боп кете жаздаппыз
Қосайық басты, бауырлар,
Жанайық жансақ маздап біз.
Оқушы
Желкеге тиді сілтеген күрек, қамшылар,
Соққыға мұндай, қасапқа қандай жан шыдар?
Жастарға шашқан мұз судан мұз шашырап,
Ауылда жатқан маған да тиді тамшылар.
Оқушы
Қақап күннің ызғары
Сүйектен өтіп кеткен күн.
Қаракөз қазақ қыздарын
ОМОН-дар бастан тепкен күн
Қариялар итке таланып,
Ер басын күрек шапқан күн
Аппақ қар қанға боялып,
Қып-қызыл мұз боп жатқан күн
Оқушы
Жас арудың жанарында –Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында –Желтоқсан
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында –Желтоқсан.
Жауыздықты жасаған да-Желтоқсан
Жаңа ғүмыр бастаған да –Желтоқсан
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да-Желтоқсан
Достарыңызбен бөлісу: |