Мектепте тьютордың ата-аналармен жұмыс жүргізуіне көп көңіл бөлінеді, өйткені ата-аналардың белсенділігі және олардың сабақтардың мәні мен мақсаттарын түсінуі білім беру процесі мен әлеуметтендіру процесі тиімділігінің қажетті шарты болып табылады.
Қазіргі уақытта мектепте ерекше қажеттілігі бар төрт балаға бір тьютор жұмыс істейді, алайда сабақ кезінде балаларды қолдау және оқу процесінде қажетті көмек көрсету үшін тьюторлар аса қажет.
Ұстаздар мен оқушылардың жетістіктері
Мектеп педагогтары бітірушілердің денсаулық жағдайы бойынша емтиханнан босатылу мүмкіндігіне қарамастан, мемлекеттік емтихандар тапсыруды таңдайтыны қол жеткізген жетістіктердің бірі деп есептейді.
Бұл таңдау білім алушылардың одан әрі колледждер мен жоғары оқу орындарында білім алу ниетіне байланысты.
Мектеп бітірушілерді әлеуметтендіруге жүргізілген талдау, ерекше білім беруге қажеттілігі бар 31 мектеп бітірушіден 29 адам колледждер мен жоғары оқу орындарында білімдерін жалғастырғанын көрсетті, бұл ретте оқуға түскен оқушылардың 100% мемлекеттік грант иегерлері.