Жоба шеңберінде штаттық кестеге тьютор бірлігі енгізілген. Оқушыларды мектепке арнайы «Газель» автомобилімен жеткізу ұйымдастырылған, оның арбамен жүретіндерді тасымалдауға арналған пандусы бар.
Мектепте 177 оқушы білім алады, олардың 22-сі тірек-қозғалыс аппараты зақымданған оқушылар. Инклюзивті сыныптардағы оқушылардың саны 12-18 адамды құрайды.