ХАБАРЛАМА
Кітапханада Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған «Тіл-халық мәдениетінің айнасы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты : Ана тіліміздің қадір-қасиетін ұғындыру,туған тілдің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың айтқандарын оқып үйрену,тіліміздің мәртебесін көтеру,оқушылардың ой-өрісін кеңейту.
1.Кітапханашының кіріспе сөзі: «Қазақ тілі-рухани байлығымыздың қайнар бұлағы» деп бекер айтылмаған.Ол үшін ана тіліміздің қадір-қасиетін білуіміз тиіс.Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында «Ұлттық тіл-қазақ ұлтының рухани,мәдени байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп баса көрсеткен болатын.Бұл қазынаны жоғалтуға болмайды.Ана тілі-әрбір ұлттың ұлы мақтанышы,көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы,ел егемендігінің көрінінісі.
Көрмеде:
Тіл туралы мақалдар,нақыл сөздер айтылды.
Қорытынды: Тіл-халықтың жаны,сәні,тұтастай кескін-келбеті,болмысы деген сөзбен қорытындыланды.
Кітапханашы : Бейсенбекова Н.
Достарыңызбен бөлісу: |