Тақырыбы: «Тіл білгірі»
Мақсаты: Қоғам қайраткері, ақын, жазушы, қазақ тіл білімі ғылымының іргетасын қалаушы, публицист Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны, шығармаларымен таныстырып, оқушыларды әдеби кітапқа қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: Жазушының шығармаларынан көрме ұйымдастыру.
Барысы: 1.Кітапханашының баяндамасы.
2.Ахмет Байтұрсынұлы – педагог.
3.Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларына шолу.
Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы, қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы Сарытүбек ауылы 8 желтоқсанда дүниеге келген,ол Алматы қазақ халқының ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері ,ақын публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы,ағартушы.
Қазақ халқының ұлттық жан дүниесін терең сезініп, ұлттық психологияны, педагогиканы тұңғыш рет қазақ елінің ұстаздарына, отбасына ұсынған Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерінде ,өлеңдерінде ашық айтып суреттейді.Ақын өз өлеңдерінде ашынып, тартыстармен қайшылықтарды көрсетеді.
Ахмет Байтұрсынұлының тарихтағы орнын, оның әлеуметтік – қоғамдық істерін өз кезінде дұрыс көрсетіп, әділін айтқан адамның бірі – Сәкен Сейфуллин . Ол «Еңбекші қазақ»газетіне (1923ж 30 каңтар) «Ахмет Байтұрсынұлы елуге толды » деген арнаулы мақала жазып,онда былай дейді: Ахмет Байтұрсынұлы – қарапайым кісі емес,оқыған кісі. Оқығандардың арасынан шыққан,өз заманында патша арам қулықты атарман- шабармандардың қорлығына ,мазағына түскен халықтың намысын жыртып,дауысын шығарған кісі.Ұйқы басқан қалың қазақ ұлт намысын жыртып,арын жоқтаған ,патша заманында жалғыз Ахмет еді.
«Қазақ мектебі ,қазақ тілі сықылды орындарда оның еңбегі мол ... Әр тілдің айдауында жүрген қазақ балаларына қазақ тілімен жазған , қазақ тілінің негізін жасап,қазақ мектебінің іргесін қалаған алғашқы адам – Ахмет. Ахметтің бұл тарихи еңбегі бағаланбай қалмақ емес.Бұны пролетариат та бағалайды» ,- деп жазды Сәбит Мұқанов.
Өзі жазған «Өмірбаянында» (1929ж 8 наурыз) Ахмет Байтұрсынұлы былай дейді: «Орынборға келгеннен кейін,ең алдымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім; одан кейін қазақ әліпбиі мен емлесін ретке салып, жеңілдету жолында жұмыс істедім,үшіншіден, қазақтың жазба тілін бөтен тілдерден келген қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдерден жат әсерінен тазартуға әрекеттендім, төртіншіден, қазақ прозасын жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтың сөйлеу тәжірибесіне ыңғайластыру үшін ғылыми терминдерді қалыптастырумен айналыстым»деген.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ мектептерінің мұқтаждығын өтеу мақсатында қазақ тілін пән ретінде үйрететін тұңғыш оқулықтар жазды.
Оның үш бөлімнен тұратын «Тіл - құрал» атты оқулығының фонетикаға арналған бөлімі 1915 жылы, морфологияға арналған бөлімі 1914 ж,синтаксис бөлімі 1916 жылдан бастап жарық көрді. «Тіл - құрал»-қазақ тілінің тұңғыш оқулығы.Ол тұңғыш төл грамматикалық терминдерді қалыптастырды.
Сондай-ақ Байтұрсынұлы практикалық құрал ретінде «Тіл жұмсар» мұғалімдерге арналған «Баяншы» деген әдістемелік кітаптар жазды.Ол-қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаған ғалым – ағартушы.
Байтұрсынұлының ақын, аудармашы, ғалым - тілші,әдебиеттанушы ретіндегі ұлан – ғайыр еңбегі өз дәуірінде зор бағаға ие болды
Байтұрсынұлы қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына көп күш жұмсады.Осы мақсатта «Оқу құралы»(1912), «Тіл құралы»(1914); ересектердің сауатын ашуға арнап «Әліпби»(1924), «Жаңа әліпби»(1926) атты оқулықтар мен тың еңбектер ұсынды. Қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша ғылыми термин жасап, морфологиялық тұлға- тәсілдерді жаңаша талдау, жаңаша анықтамалар берді. Қазақ фонетикасы мен грамматикасын талдауда тілдің типологиялық ерекшеліктері мен өзіндік даму барысын ескеру принципін ұстады.
Байтұрсынұлы қазақ тілі білімін 20 ғасырдың бас кезінде қалыптастырып, оның ірге тасын қалады.Араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы болды.
Тұтас буынның төл басы болған Байтұрсынұлының алғашқы кітабы – « Қырық мысал» 1909 ж жарық көрді. Ол бұл еңбегінде Ресей отаршыларының зорлық- зомбылығын көрсетті. Сонымен қатар надандық, тәкаппарлық,залымдық т.б. теріс қылықтарды әшкереледі.
Ақынның азаматтық арман- мақсаты, ой- толғамдары кестеленген өлеңдері «Маса» деген атпен жеке кітап болып жарық көрді. «Масаның» негізі идеялық қызығы – жұртшылықты оқуға ,өнер-білімге шақыру, мәдениетті уағыздау,еңбек етуге үндеу.
Ел тәуелсіздігі үшін күресте ол сөзбен істің жігін айыра білуді міндет етіп қойды. Оның «Әдебиет танытқыш » деген зерттеуі (1926) қазақ тіліндегі тұңғыш іргелі ғылыми – теориялық еңбек болды. «Әдебиет танытқышта» ақындық дарын табиғаты, шығарма, психологиясына ғылыми тұжырым берілді.
Сондай-ақ ол – әдебиет тарихының мұрасын ,ауыз әдебиеті үлгілерін жинаған зерттеуші ғалым. Көркемдігі айрықша «Ер Сайын» жыры (1923) мен қазақ тарихының 400 жылын қамтитын «23 жоқтау» жинағын кітап етіп шығарды.
Ол әлеуметтік мәселелерге, қоғамдық ой- пікірге ықпал жасаған публицист. Ахмет Байтұрсынұлының бірнеше аудармалары бар.Ол Крыловтан: «Аққу,шортан һәм шаян », «Ат пен есек», «Қасқыр мен тырна», «Қасқыр мен қозы», «Шал мен ажал»,Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан Аликтің ажалы» шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны С.Я.Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударды.
Достарыңызбен бөлісу: |