Тақырыбы: «Тілім – тірегім, соғып тұрған жүрегім!» Мақсаты



бет2/5
Дата18.11.2022
өлшемі33,99 Kb.
#158865
1   2   3   4   5
Байланысты:
Тіл сын сағ
1- зертхана
2-жүргізуші:— Бүгінгі кешіміз екі бөлімнен тұрады.
І бөлім: «Тілім барда айтылар сыр ойдағы..»
ІІ бөлім: «Тілімде менің сыры терең жаным бар»
І бөлім: «Тілім барда айтылар сыр ойдағы..» атты мәнерлеп оқу сағатын бастауға рұқсат етіңіздер!
Балалар, құтты болсын тілің бүгін,
Ашатын жан сарайын білімдердің.
Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан,
Тіліне зер салыңдар бұрынғының.
(Сыныптың оқушылары тілге деген құрметін жүрекке ұялаған өлеңдермен жеткізеді.)
Мерейхан Мағжан-«Мен қазақпын» Ж.Молдағалиев
Дүйсенбекұлы Нұрдидар-«Үш бақытым» М.Мақатаев
Алтынбай Ұлмекен - «Ана тілім» — Н. Айтұлы
Жұмағұл Динара -  «Қазақ тілі» — М.Жұмабаев
1-жүргізуші: Қазағымның кең пейіл дархандығы,
Кіршіксіз таза көңіл, адалдығы.
Сыйдырып өз жеріне барлық ұлтты,
Бағасы көпшілікке өте құнды.
Алмас Алинураның сөзі.
2-жүргізуші: Тіл-халықтың тұтастай кескін келбеті, болмысы. Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп қалыптасады. Тіл байлығы әрбір елдің мақтанышы.
Ана тілін білмеген-
Ақылы жоқ желікбас.
Ана тілін сүймеген-
Халқын сүйіп жарытпас,- деп қырғыз ақыны Б.Сарноғаев айтқан болса, сынып оқушыларының «Төле бидің жұмбағы» атты көрінісін тамашалайық.
(Сахнада мұңды күй орындалады. Үш би шығады)
Төле би: Уа, халайық, сөз қадірін білесің, сөз танығыш жастарға жұмбағым бар.
Айтсам жұмбағым мынау: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.
Дауыс: Осындай жұмбақ бола ма екен?
Қазыбек би: Ұлы аға, бұл жұмбақты мен шешейін, рұқсат етіңіз.
Төле би: Рұқсат, Қаз дауысты Қазыбегім.
Қазыбек би:
Бір дегенің- бірлігі кеткен ел жаман.
Екі дегенің- егесіп өткен ер жаман.
Үш дегенің- үш бұтақты шідерден шошыған ат жаман.
Төрт дегенің- төсектен безген жас жаман.
АМА
Бес дегенің- белсеніп шыққан жау жаман.
Алты дегенің- асқынып кеткен дерт жаман.
Жеті дегенің- жас келіншек жесір қалса сол жаман.
Сегіз дегенің — серпілмеген қайғы жаман.
Тоғыз дегенің- торқалы той, топырақты өлімге бас көрсетпесе сол жаман.
Он дегенің- кәрілікке дауа болмас.
Төле би: Рахмет, дәл тауып шештің, ойы да тілі де жүйрік, тұлпарым!
Қазыбек би:. Ал,Әйтеке, халқыңа сен не айтасың?
Әйтеке: Уа, халайық!
Көсіліп шабар жерің бар,
Ту көтерген елің бар,
Атадан қалған сара жолың бар,
Тіл қадірін білер болыңдар!
1-жүргізуші: Сіздер үш биіміз арасындағы тіл құдіретін, ой тереңдігін көрсететін қазақ халқының қиыннан қиыстыратын ойы мен тілінің бірлігін дәлелдейтін көріністерді көрдіңіздер.
Сүйемін туған тілді, анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет