Ән: «Анамның тілі- аяулы үні»
Тлепқалиева Күмісай 10 сынып оқушысы.
2-жүргізуші: Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы.
Тіл туралы диалог оқу. (Мұқағали ізімен)
— Тілің, дінің жоғалса, айтшы, досым,не етер едің? — Тілім, дінім болмаса мылқау болып өтер едім.
— Болашағым мұнар боп, жоғалмай ма қайран тіл? — Шұбарламай тіліңді, өз орнымен сөйлей біл.
— Тілің білмес жандарды айтшы біздер не дейміз? — Тілін білмес адамды құр жәндікке теңейміз.
— Тілімізді қалай біз көтереміз жаңғыртып? — Таза, көркем сөйлейік, көрсетпейік салғырттық.
— Тазалығы тілімнің сақталмайды неліктен? — Ондайларға айтарым: «Тілді сыйла,құрметте, Тіл-халықтың жаны мен сәні» деймін жүректен.
— Басқа пәле тілден деп ойлайсың ба достарым? — Аз сөйлеген, көп тыңдап, ей болашақ жастарым.
— Шұбарламай тілімді қалай сақтап қаламын? — Анық, таза сөйлеуге бар күшімді саламын.
1-жүргізуші: — (Үнтаспадан Абайдың он тоғызыншы қара сөзін тыңдау.)
Ұлы Абай атамыз: «Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісінің өзі де есті болады» дегендей дана бабаларымыздан қалған, ғасырлар қойнауынан жеткен,бүгінде қадірі артпаса, кемімеген болар.
Қазақ тілінің таңғажайып қасиеттері жайында пікір айтушылар көптеп саналады. Олардың арасында өз ғалымдарымыз және ақын-жазушыларымызбен қатар өзге жұрт өкілдері де баршылық. Әсіресе , ірі түріктанушылар мен саяхатшылардың ана тілімізге үлкен құрметпен қарап,тамсана жазғандары мәлім.Мұндай игілікті іске ат салысу- ұлтжанды азаматтарымыздың ортақ парызы.Дуалы ауыздардан шыққан мұндай сөздерді мектептерде, көпшілік орындарда көрнекі құрал, плакат ретінде пайдаланар болсақ та артық емес. Біз төменде алаш азаматтарының және әлемге әйгілі өзге де жұрт өкілдерінің қазақ тілі жайлы айтқан кейбір пікірлерін жинақтап, оқырмандар назарына ұсынып отырмыз. Зерделеп оқып, жаттап алыңыздар. Мінеки, естілерден қалған есті сөздер. Көркем әдеби журналын ұсынып отырмыз.
Ерлен: Мұхтар Әуезов: «Құдайға шүкір, сөздік қоры жағынан қазақ тілі ешкімнен кем де, кедей де емес, әдебиетіміздің қаулап өсуінің бір себебі осында жатқан сияқты».