Тақырыбы: «Тілім – тірегім, соғып тұрған жүрегім!» Мақсаты


Жансұлу:Ғабит Мүсірепов: «Ана тілін құрметтемеу ештемені сыйламау деген сөз. Жастар мұны қатты ескеруі керек. Тілден биік асқар жоқ!» Елнұр



бет4/5
Дата18.11.2022
өлшемі33,99 Kb.
#158865
1   2   3   4   5
Байланысты:
Тіл сын сағ
1- зертхана
Жансұлу:Ғабит Мүсірепов: «Ана тілін құрметтемеу ештемені сыйламау деген сөз. Жастар мұны қатты ескеруі керек. Тілден биік асқар жоқ!»
Елнұр:Сәбит Мұқанов: Әркімге туған тілі- туған шеше.
Оған бала міндетті саң мың есе.
Айдана: Сәрсен Аманжолов: «Ана тілін ананың баласындай сүй»
Аяжан: Бауыржан Момышұлы: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту- бүкіл ата-бабамызды,тарихымызды ұмыту».
Мағжан:Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы: «Дүниедегі ең асыл тіл- араб тілі, одан кейін түрік тілі, түрік тілінің ішіндегі гауһары-қазақ тілі».
Дамир:В.В.Радлов: «Қазақтардың тілі жатық та шешен әрі өткір, көбінесе сұрақпен жауап беруге келгенде таңқалдырарлықтай оралымды сөйлейді».
Гүлназ:Шыңғыс Айтматов: «Тіл жоқ жерде ұлт жоқ»
А Жарри де Манси: француз ғалымы. «Қазақ тілі түркі тілдері ішіндегі ең таза тілдердің бірі».
Чек ғалымы Дудек Гржебичек: «Сіздердің (қазақтардың) тіліңіз синонимге өте бай ғой.»
2-жүргізуші: Мұхтар Шаханов «Төрт ана» өлеңімен кеш соңын қорытындылайды.
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала!
Әр адамда өз анасынан басқа да
Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туғaн жері-түп қазығы,айбыны,
Туған тілі- сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр, салт-санасы -тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі.
Қазақ тілі-бай тіл,оралымды,ырғақты теңеу-бейнелеулері ерте туған тіл.
1-жүргізуші: 
Поэзияда Абай, Ілияс, прозада Мұхтар сияқты алыптар туғызған тіл.
Болашақ жастар қазақ тілін ту етіп тігіп, кейінгі ұрпаққа бүлдірмей тапсыруға тырысайық, жас достар! Өйткені біз бүгінгі заманның баласы болғанымызбен, келешек ұрпақтың атасымыз.
Мәңгілік елдің мәңгілік тіліне айналған тіліміздің мәртебесі арта берері анық.


Тәрбие сағаты






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет