Тақырыбы Трансформатор. Электр энергиясын өндіру,тарату,және түтыну Модуль\ пән атауы: Физика Педагог: Шераздин Ақерке дайындаған 2023 жылғы «28» ақпан



бет2/5
Дата05.03.2023
өлшемі337,86 Kb.
#171164
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
план уроков

4.Қажетті ресурстар:
Мультимедия және ұйымдастыру техникасы,
экран, маркерлер, слайдтар.
5.Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Түгендеу. Раппорт: «Біз біргеміз». Үй тапсырмасын сұрау.
Жаңа тақырып
Үй тапсырмасын сұрау
«Кім тапқыр?» ойынының сұрақтары:
1. Айнымалы ток дегеніміз не?
2. Айнымалы токтың стандарт жиілігі қандай?
3. Айнымалы токты қалай өндіреді?
4.Айнымалы ток тізбегінде актив кедергі болса, ток пен кернеу қалай тербеледі?
5. Айнымалы ток тізбегінде конденсатор қосылса, ток пен кернеу фазасы жағынан қалай тербеледі?
6. Айнымалы ток тізбегінде орауыш қосылса, ток пен кернеу фазасы жағынан қалай тербеледі?
7. Электр қозғалтқыш қандай бөліктерден тұрады?
8.Дұрыс формулаларды табу.

Жаңа материалды түсіндіру. 
Көптеген жағдайда бiр ток көзiнен әртүрлi кернеуге арналған құралдарды қоректендiру қажет болады. Мысалы, теледидарды 220 В-тық ток көзiне қосқан кезде оның iшiндегi қыздыру шамдарына 6,3 В, транзисторларға 1-2 В, ал электронды-сәулелендiру түтiкшесiне 15000 В кернеу беру қажет. Кернеудi осылай қажетiмiзше көтерiп, немесе төмендету үшiн трансформаторлар деп аталатын құралдар пайдаланылады.
Қуаттың тұрақты дерлік мәнінде айнымалы ток кернеуінің ток күшімен қатар өзгеруін айнымалы токтың трансформациясы дейді. Айнымалы токтың трансформациясын жүзеге асыратын құрал трансформатор деп аталады. Ол электромагниттік индукция құбылысына негізделген. Трансформаторды алғаш рет 1878 жылы орыс ғалымы П.Н.Яблочков ойлап тапқан, кейін оны 1882 жылы И.Ф. Усагин жетілдірді.
А) П.Н.Яблочков өмірімен таныстыру 
Яблочков павел Николаевич 14 қыркүйек 1847 жылы Саратов губерниясы, Сердобский уезінде дүниеге келген.Ғалым және өнертапқыш. Әлемде ең алғашқы болып 1876жылы электр шамын ойлап тапқан.Ресей жерінде оны «орыс шамшырағы» деп атаған. Кейіннен айнымалы ток генераторын ойлап шығарды оны қолдана отырып электр энергиясын түрлендіру арқылы алысқа жеткізу мүмкін болды.
Яблочков Николаев инженерлік училищесін тәмамдайды, Москва-курск темір жолында телеграф басшысы қызметін атқарады.1875 жылдары Парижге кетеді, көптеген жаңалықтарын сонда ашады.Ең алғашқы болып жарықтандыру үшін трансформаторды қолданған осы Яблочков болды.Павел Николаевич Яблочков 1894 жылы 9 наурызда Саратов қаласында дүниеден озды.

Павел Николаевич Ең алғашқы Иван Филиппович
Яблочков электр шамы Усагин
Б) И.Ф. Усагин өмірімен таныстыру 
Иван Филиппович Усагин 1855 жылы 7 қыркүйектеМәскеу облысы, Тархово ауылында шаруа жанұясында дүниеге келген.Ата-анасынан ерте айрылады. Оны 10жасында Мәскеуде тұратын алыс туысы асырап алады. 1865жылы өгей әкесімен бірге тұрып сауда жасауға көмектеседі. Жұмыс уақытының өзінде өзі жасаған құралдармен түрлі тәжірибелер жасаумен әуестенеді.Кейіннен Мәскеу университетінің профессоры Любимовтың шәкірті блып қабылданады. Любимов оған арифметика, алгебра, геометрияны өзі оқытып дайындайды.
1882 жылы И.Ф.Усагин университетке механик маманы болып жұмысқа тұрады.1897 жылы Мәскеуде токты трансформациялауға болатынын ашады.Бұдан басқа лол («Ваакуумдық насосты жасап шығарады. Катод сәулелерін зерттеген, ток түзеткіш, Күн тұтылуды суретке түсіру, түсті сурет алу үшін арнайы фотоаппарат жасаған.Электр разряды кезіндегі фосфоросценция құбылысын зерттеген.Ол 62 жасында 1919 жылы 26 ақпанда ауырып дүние салады.
Қарапайым трансформатор ферромагниттi өзекшеге кигiзiлген өткiзгiштердiң екi жақты орамдарынан тұрады. Бiрiншi реттi орам қоректендiрушi кернеу көзiне, ал екiншi реттi орам тұтынушыларға қосылған. Олардың сәйкес орамдарының саны n1 және n2-ге тең.Трансформатордың жұмыс iстеу принципi электромагниттiк индукция құбылысына негiзделген. Бiрiншi реттi орамдар арқылы айнымалы ток өткен кезде ферромагниттiк өзекшеде айнымалы магнит ағыны пайда болады. Бұл магнит ағыны өз кезегiнде екiншi реттi орамдарды да тесiп өтетiн болғандықтан осы орамдарда индукциялық ЭҚК-iн туғызады. Егер екiншi реттi орамдар тұтынушыларға қосылған болса, онда бұл тiзбектен де айнымалы ток өтедi. Ал бұл айнымалы ток өзекшеде қайтадан өзiнiң айнымалы магнит ағынын туғызады. Екiншi орамдардың туғызған магнит ағыны өзекшедегi толық магнит ағынын кемiтедi, бұл өз кезегiнде бiрiншi реттi орамдардағы өздiк индукция ЭҚК-iнiң кемуiне алып келедi. Өздiк индукция ЭҚК-iнiң кемуiнен бiрiншi реттi тiзбекте ток арта бастайды да, қоректендiрушi кернеудiң мәнi өздiк индукция ЭҚК-iне теңескенде жүйеде тепе-теңдiк орнайды.Орамдар санының бiр-бiрiне қатынасын


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет