5 сурет. Мusса domestica шыбынының жалағыш ауыз аппараты. Алдынан жөне төменнен (Шванвичтен):
1-төменгі жақ қармалауышы, 2-жоғарғы ерін, 3-гипофаринкс, 4-сүзгі аппаратының өзектері, 5-ауз тесігі, 6- төменгі еріннің жақтаулары, 7-төменгі ерін .
Ауыз бөліктерінің бас капсуласындағы орыны-маңызды систематикалық белгі. Көпшілігінде олар бастың сырт жақтағы үстіңгі бөлімінде орналасқан. Бұл бунақденелілер ашықжақтылар (Ectognatha) класс тармағына біріктіріледі. Қарапайым түрлерінің біразының ауыз аяқтары ерекше ауыз капсуласының ішіне батып тұрады, кейде оның ұшы ғана сыртқа шығып тұруы мүмкін. Мұндай бунақденелілер екінші жасырынжақтылар (Entognatha) класс тармағын құрады.

Сезім мүшелері
Сезім мүшелері күрделі және көп түрлі. Ол - бунақденелілердің құрылысының жоғарғы деңгейімен, күрделі мінез - құлқымен анықталады. Бунақденелілер әртүрлі тітіркеністерді қабылдауға қабілетті - механикалық, дыбыс, химиялық, көру жөне т.б, сол үшін арнайы рецепторлары бар.
Сезім мүшелерінің морфологиялық және қызметті негізі - бүкіл денеде жалғыздан немесе ірі шоғырларға жиналған (есту мүшесі, көздер) сенсиллалар.
Сенсилла бірнеше элементтерден тұрады, ол бір немесе бірнеше сезгіш (рецепторлы) клеткалар. Әр клеткадан жүйке жүйесіне кететін орталық өскін мен шеткі өскін басталады. Шеткі өскіннің ұшында екі орталық фибриллалары болмайтын түрі өзгерген талшық орналасқан. Сенсиллалардың сыртқы бөлімдері кутикуладан тұрады.