Сезгіш клетканың талшығы сенсилланың кутикулалы бөліміне бағытталған. Мұнда оның ұшы ерекше түтікшенің ішіне еніп, талшықтың орнын белгілейді. Механикалық тітіркеністерді қабылдайтын сенсиллалар қарапайым құрылысты. Ол кутикуламен қозғалмалы қосылған түк.

Қатты заттар тиіп кеткенде немесе судың, ауаның қысымымен түктің орнының қозғалуы бірден талшыққа және сезгіш клеткаға беріліп қозу пайда болады. Осындай сипап сезу немесе тактильді сенсиллалар бунақденелінің бүкіл денесінің үстінде шашырап жатады.
Механорецепторлы хордотоналды сенсиллалар немесе сколпофорлар әртүрлі жиіліктегі тербелістерді қабылдайды. Олар бунақденелілердің есту мүшесінің құрамына кіреді және кутикуланың жұмсақ бөлімінің ішкі жақтарында жатады (аяқтардың буындарында немесе дене бунақтарының арасында).
Хордотоналды мүшелердің қызметтері әртүрлі. Егер сенсиллалар кутикулаға бекінсе, онда төменгі жиіліктегі тербелістерді қабылдайды, ал масалардың антенналарындағы хордотоналды мүшелер жоғарғы жиіліктегі тербелістерді де қабылдай алады. Ішкі хордотоналды мүшелер бунақденелінің денесінде пайда болған қысым мен механикалық кернеудің өзгерістерін тіркеп тұрады.
Бунақденелілердің нағыз есту мүшелеріне тимпаналды мүшелер жатады, олар жұқа кутикулалы жарғақпен байланысып дабыл жарғағының рөлін атқарады.
Шегірткелердің тимпаналды мүшелері (6 А, Б сурет) алдыңғы аяқтардың сирақтарында орналасқан. Сирақтың жоғарғы бөлімінде екі дабыл қалтасына баратын екіден тар ұзынша саңылаулар бар. Бір-біріне қараған қалталардың ішкі қабырғалары (6, Б сурет) жұқа, дабыл жарғағының қызметін атқарады, ал сыртқылары қалыңдап дабыл қақпақтары деп аталады. Екі дабыл жарғақтарының арасында резонатордың қызметін атқаратын екі кеңірдек бағаналары тығыз жақындап өтеді. Тимпаналды мүшенің негізгі бөлімін сколпофордың үш тобы құрады. Олар бір бөлігімен дабыл жарғағына, екінші бөлігімен кеңірдекке жалғасады. Сезгіш клеткалардың орталың өсінділері тимпаналды жүйке жасайды. Басқа бунақденелілер көшпелі шегірткелердің, шілделіктердің, көбелектердің тимпаналды мүшелері де осындай принциппен құрылған, бірақ олар дененің әртүрлі жерлерінде - құрсақтың алдыңғы бунақтарында, қанаттардың түбінде және т.б. орналасады.

6 сурет. Шегірткенің тимпаналды мүшесі. А алдыңғы сирақ, тимпаналды мүшенің екі тесігі көрініп тұр (2); Б сирақтың тимпаналды мүшесінің аймағындағы көлденең кесіндісі (Швабе бойынша): 1- сирақ кутикуласы, 2- есту саңылауы, 3- тақиялы клетка, 4- сколпофор, 5- дабыл жарғағы, 6- кеңірдек, 7- дабыл қуысы, 8- аяқ қуысы, 9- сколопоидты денешік.
Бунақденелілер тек қана қабылдап қоймайды, сол сияқты дыбыс шығарады. Мұндай ерекшелік түзуқанаттыларға, көбелектерге жөне т.б. бунақденелілерге тән. Дыбыс мүшелері әртүрлі. Түзуқанаттылардың - шырылдау бейімділіктері қанаттарымен байланысқан. Шегірткелердің дыбыс шығару мүшелері алдыңғы қанаттарда орналасқан. Сол жақ қанатының кейбір жүйкелеріндегі тісшелері оң қанаттағы айнашыққа үйкеліп үстінде тартылып тұрған қанаттың жоғарғы бетін қозғалысқа келтіреді, сол кезде шырылдаған дыбыс шығады.
Көшпелі шегірткелердің ұсақ тісшелері артқы аяқтардың сандарында орналасқан. Сандарын жоғарғы қанаттарға үйкеген кезде аталықтың қанатының радиальды жүйкесін қозғалтып дыбыс шығарады. Дыбыс шығару арқылы аталықтар аналықтарын шақырып алады.
Бунақденелілердің хеморецепторлары иіс сезу және дәм сезу сенсиллаларынан тұрады. Иіс сезу кутикулалы сенсиллаларының пішіні әр түрлі: қылтанақтар, конус тәрізді өсінділер, тақталар және т.б. Негізгі белгісі кутикуланы тесіп өтетін жіңішке тесіктердің болуы. Осы тесіктер арқылы иісті заттардың молекулалары сенсилланың сезгіш элементтеріне барады. Иіс сезу сенсиллалары негізінде мұртшалар мен жақтың қармалауыштарында орналасады.
Иіс сезу бунақденелілер үшін қорегін іздеген жөне шағылысқан кезде қажет: аталықтары аналықтарын иісі арқылы табады.
Бунақденелілердің дәм сезу сенсиллалары ауыз аяқтары мен табан бунақтарында орналасқан. Олардың кутикулалы элементтері түтіктер немесе конус тәрізді өсінділерден тұрады және тесіктері болады. Әр сенсилланың құрамына бірнеше рецепторлы клеткалар енеді, әрқайсысы белгілі бір дәм тітіркенісіне: бір клетка тұзға, екіншісі тәтті заттарға, үшіншісі таза суға жауап қайтарады. Дәм сезу сенсилласының бір сезгіш клеткасы механорецепторлы.