Мақсаты: Оқушыларға табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзіміз екенін, оларды қорғау, аялау ардақтау біздің міндетіміз екенін түсіндіру. Табиғат байлығы адамзат өмірінің баға жетпес асыл қазынасы, өмірлік қоры, болашақ ұрпаққа да осы қалпында, таза күйінде жеткізер мұрасы екенін ұғындыру. Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін, аяушылығын ояту.
Міндеті: - Табиғат туралы экологиялық білім және тәрбие беру.
- Туған өлкенің табиғатын аялауға баулу.
- Туған жердің сырын терең түсіне білуге үйрету
- Табиғат туралы ой - өрістерін дамыту.
Көрнекілігі: Табиғат туралы қанатты сөздер, табиғат көріністері, сазды сурет, гүлдер, шарлар.
Тәрбие сағатының түрі: таным сағаты
Видеоролик көрсетіледі Материалдар таратылып талқыланды.
Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғатты асыраушың, қамқоршың десең де болады. Ата - бабамыз: «Жер - қазына, су - алтын, мал - байлық» деп өсиет үстіміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланатын дәріміз, тыныс алар ауамыз, ішер суымыз - осылардың бәрі жомарт табиғаттың тартқан сыйы.
Рефлексия. Сабақтан не түсіндік? Не ұнады? Сабақтан қандай әсер алдыңдар? Қорытынды: Оқушылар тәрбие сағатынан көп мәлімет алды және алға қойылған мақсатымызға жеттік деп ойлаймын.